Мазмұнға өту

Жаңа

Қызылорда облысында ШОБ-тің экономикалық белсенділігін арттыру бойынша жұмыс тобы құрылды

Қызылордада облыс әкімдігімен «Қазкоммерцбанк» АҚ ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Меморандумға сәйкес, қос тарап Қызылорда облысының кәсіпкерлік субъектілерімен экономикалық белсенділігін арттыру бойынша бірлесе жұмыс жасайды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Осы меморандум аясында әкімдік пен банк шағын және орта бизнестің индустриалдық-инновациялық жобаларын қолдауға, қазақстандық мазмұнын арттыру мақсатында өңдеу өнеркәсіп саласындағы инвестициялық жобалардың енгізілуіне аса көңіл аударады. Әріптестіктің негізгі бағыттарының бірі бизнесті қолдау және дамыту бойынша мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды жүзеге асыру болып табылады. Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев «Қазкоммерцбанк» АҚ басқарма төрағасына ұсынысты қолдаған үшін алғысын білдіріп, ба…

0
0
266

Ақтөбенің жылумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту үшін ЕҚДБ 3,1 млрд теңге бөлді

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Еуропа Қайта құру және Даму Банкінің (ЕҚДБ) Қазақстандағы директоры Джанет Хекман арасында 3,1 миллиард теңгеге Ақтөбе қаласындағы жылумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту және қайта құру жобасы бойынша кредиттік келісімге қол қойылды, деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. Сондай-ақ облыс әкімі, Ақтөбе қаласының әкімі және «Трансэнерго» АҚ мен ЕҚДБ арасындағы жобасын қолдау туралы төрт жақты келісімге қол қойды. Өңір басшысы қол қою барысында осы іс-шараның облыс орталығы үшін маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті. Өйткені, жылу жүйелері (68,5%) және қазандықтардың (58,5%) басым бөлігі тозғандықтан ақтөбеліктер жылуға толықтай қол жеткізе алмай отыр, жылудың 15-17% далаға кетеді. Осы алынған несиенің нәтижесінде 2016-2017 ж.ж а…

0
0
337

Мемлекеттік органдарда жемқорлық көріністерін болдырмайтын қажетті шаралар қабылдануы тиіс – Алматы әкімі

«Нұр Отан» партиясының жемқорлыққа қарсы Бағдарламасын жүзеге асыру аясында 15 қазаннан бастап білім және денсаулық сақтау мекемелері қаржылық есептерін жариялауды бастайды. Бүгін Алматы әкімі, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының төрағасы Бауыржан Байбек қалалық филиалдың Саяси кеңесі Бюросының кеңейтілген мәжілісінде осылай деді, деп әкімдіктен хабарлады. Күн тәртібінде жемқорлыққа қарсы жасалған өңірлік жоспарды жүзеге асыру және денсаулық сақтау мен білім беру салаларында мемлекеттік қызмет көрсетуді ашық жүргізу жөнінде мәселе қаралды. «Өздеріңіз білесіздер, осы жылдар ішінде ҚР Президенті, біздің партияның Жетекшісі Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жемқорлыққа қарсы күресте жүйелі шаралар жүзеге асуда. Мысалы, әлемдік озық тәжірибе негізінде ауқымды әкімшілік реформа жүргізілді…

0
0
432

«Астана Операда» британдық пианиношы С. Рамэннің қатысуымен «Романтизм жауһарлары» концерті өтеді

Атақты британдық пианиношы София Рамэн және қазақстандық талантты музыканттар Ботагөз бен Болат Тыныбековтер «Астана Опера» театрының Камералық залының сахнасында өтетін «Романтизм жауһарлары» концертінде өнер көрсетеді. Кеш 9 қазанда II Халықаралық «Жібек Жолы» фестивалінің аясында ұсынылады, деп хабарлады «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі. Пианиношы София Рамэн Ұлыбритания мен Еуропаның беделді концерттік залдарында өнер көрсетеді. Оның жеке концерттері BBC, Жапонияның, Швецияның, Нидерландтардың ұлттық телеарнасы, Classic FM радиосы, BBC 3 радиосы және басқалары арқылы көрсетілді. Әртіс Франция, Алмания, Жапония, Аргентина, Жаңа Зеландия, Кения және көптеген өзге елдерде жоғары табыспен гастрольде болған. Халықаралық конкурстардың лауреаттары, Президенттік «Болашақ» бағдарламас…

0
0
361

Берлинде Қазақстанның сыртқы саясат бастамалары және реформаларын қолдайды

Германияға жұмыс сапары аясында Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков «Германия – Орталық Азия» парламенттік тобының төрағасы, Бундестаг депутаты Манфред Грундпен, және өзінің әріптесі, Сыртқы істер министрлігінің Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдері жөніндегі уәкілі Андреас Пешкемен екіжақты қарым-қатынастар мен халықаралық мәселелер бойынша өзекті сұрақтарды талқылады, деп хабарлады СІМ-нің баспасөз қызметі. Қазақстандық дипломат 28 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында БҰҰ Бас Ассамлеясының 70-ші мерейтойлық сессиясы шеңберінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтылған сыртқы саяси бастамалары, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының және еліміздің дамуының басқа да тиісті аспектілерінің негізгі ережелері туралы неміс тарапын хабардар етті. Сонымен қатар, Қазақстанды 2017-2018…

0
0
262

Қостанай облысындағы жол-құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин және Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанайдың көлік инфрақұрылымдарында, халықаралық әуежай мен теміржол вокзалын, сонымен қатар, олар Тобыл өзенінен өтетін Екатеринбург-Қостанай күре жолындағы көпірдің күрделі жөндеу барысын барлап қайтты, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» АҚ. Көпірді қалпына келтіру бойынша құрылыс жұмыстары туралы «ҚазАвтоЖол» Қостанай қаласы филиалының директоры Андрей Горват баяндап берд. Оның айтуынша, 1 қазанға дейінгі көпірді қалпына келтіруге арналған қаражат толығымен игерілді. Республикалық маңызы бар жолға күрделі және орта жөндеу жұмыстары мен күтіп баптау шаралары жүргізілді. Тобыл өзені арқылы өтетін көпірді қалпына келтіру жұмыстары аясында барлық коммуникациялар ауыстырылды. Атап айтқанда Таран…

0
0
508

«KAZsport» телеарнасы бокстан Әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді

5-15 қазан аралығында Катарда (Доха) бокстан Әлем чемпионаты өтеді. «KAZsport» телеарнасы қазақстандық жанкүйерлерге үлкен сыйлық жасап, жаһандық бәсекені тікелей эфирде көрсетпек. «KAZsport» Әлем біріншілігінің іріктеу кезеңіндегі тартысты бәсекелердің барлығын ертең, 6 қазаннан, Астана уақытымен сағат 17:00-ден бастап көрсетеді. Айта кетейік, Әлем чемпионатына 73 мемлекеттен 260 боксшы қатыспақ. Олардың 94-і Еуропадан, 66-ы Азиядан, 51-і Солтүстік және Оңтүстік Америкадан, 32-і Африкадан, ал 17-і Океаниядан келеді. Бұл спортшылар 2016 жылы Рио-де-Жанейро өтетін Олимпиада ойындарының 23 лицензиясын сарапқа салады. КӨРСЕТІЛІМ КЕСТЕСІ: 6 қазан 17:00. БОКС. ӘЧ. Доха (Катар). Іріктеу кезеңі. 1-ші күн. 1-бөлім. Тікелей эфир 22:00. БОКС. ӘЧ. Доха (Катар). Іріктеу кезеңі. 1-ші күн. 2-бөлім. Тік…

0
0
318

«Таңшолпанда» — домбырашы Мұрагер Сауранбаев

Студияда ол эстрадалық «Жұлдызым» композиясын домбырамен орындады.

Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында  домбырашы, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері Мұрагер Сауранбаев қонақ болды.

«Музыкамен кәсіби деңгейде айналысуға уақыт бола бермейді. Жұмыстан шаршап келгенде домбыра тартсаң, шаршағаның басылады. Ал, қуанып келсең, шабытыңды еселейді», - дейді ол.

Сондай-ақ, шетелде іс-сапармен жүрсе де, домбыраны тастамайтынын айтады.

«Жұмысыма байланысты шетелге көп шығамын. Сағынышты басатын, көңіл күйді көтеретін – домбыра. Сондықтан қайда барсам да, домбыраны өзіммен бірге алып кетуге тырысамын», - дейді Мұрагер Сауранбаев.

Студияда ол эстрадалық «Жұлдызым» композиясын домбырамен орындады.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

0
0
347

Бокстан өтетін Әлем чемпионатын «Қазақстан» мен «KAZsport» телеарналары тікелей эфирден көрсететін болды

Қазан айының 6-сы мен 15-ші жұлдызы аралығы Катар астанасы Доха қаласында бокстан ересектер арасындағы Әлем чемпионат өтеді. Аталған сында 2016 жылғы Олимпиада ойындарының жолдамалары сарапқа салынбақ. Әлем чемпионатына дайындықты құрамында қазіргі әлем, Азия және Азиада чемпиондары Данияр Елеусінов, Жәнібек Әлімханұлы және жуырда ғана аяқталған Азия чемпионатының жеңімпаздары Олжас Сәттібаев, Әділбек Ниязымбетов, Василий Левит және Иван Дычко бар Қазақстан құрамасы бас бапкер Мырзағали Айтжановтың жетекшілігімен пысықтаған болатын. Қазақстан құрамасының толық құрамы: 52 келі - Олжас Сәттібаев 56 келі - Қайрат Ералиев 60 келі- Закир Сафиуллин 69 келі - ДаниярЕлеусінов 75 келі - Жәнібек Әлімханұлы 81 келі -ӘділбекНиязымбетов 91 келі - Василий Левит + 91 келі - Иван Дычко. «Қазақстан» ҰТА м…

0
0
217

Жасыл экономика. Тұрақты энергетика бастамасы

24.kz

1b0e33b3ac1c4a42807e25b657b26ff8_L

Энергия мен энергетикалық ресурстардың тапшылығы.

Қоршаған орта жағдайының нашарлай түсуі, геосаяси және әлеуметтік қауіп. Мұның барлығы тұтынылатын қуат мөлшеріне деген сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік бермейтін факторлар. Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында сөз алған Нұрсұлтан Назарбаев «жасыл» энергетиканы дамытуға қолдау білдіретін орталық ашу қажеттігі жөнінде ұсыныс тастады. Толығырақ бүгінгі шығарылымда.

http://gbpp.org/kz/2015/10/9118

1
0
1173