Мазмұнға өту

Жаңа

Н.Назарбаевтың баяндамасы жүйелі әрі өзекті – Түркия сарапшысы

Published 2.10.2015 24.kz Елбасының бастамалары Түркияның танымал ақпарат құралдарында да жарық көріп, жан-жақты талқыға түсіп жатыр. Бауырлас елдің сарапшылары Біріккен ұлттар ұйымының мінберінде көтерген Қазақстан Президентінің бастамаларын жоғары бағалаған. Адана Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Таркан Кулактың айтуынша, қазақ елінің көшбасшысы бүгінде бүкіл әлемнің зәресін алған терроризм мен діни экстремизмнің қаупі жаһандық деңгейде күш алып бара жатқанына ерекше назар аударды. Бұл ретте адамзатқа төнген қауіп-қатерлерге қарсы жұдырық боп жұмылуға шақырған Нұрсұлтан Назарбаевтың бірыңғай әлемдік желі құру идеясы өзекті болып қала бермек, – дейді төраға. Таркан Кулак, Адана Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы: - Қазақстан Президенті мықты дипломат, тәжірибелі саясаткер. Ол Қазақ…

0
0
370

2017 жылы Астанада «Болашақтың энергиясы» атты бүкіләлемдік көрме өтеді

24.kz

bd38c7356ef9271bcf1fbaf1e0805fbb_L Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен Жасыл технологияларды және инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі халықаралық орталық ашу.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Нью-Йоркте өткен Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясында осындай ұсыныс білдірді. Біріккен Ұлттар Ұйымының «Баршаға арналған тұрақты энергетика» бастамасын қолдау үшін Астанада 2017 жылы «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен бүкіләлемдік көрме өткізіледі. Президент осы тарапта барлық мемлекеттерді көрмеге қатысуға шақырды.

 

http://gbpp.org/kz/2015/10/9010

1
0
511

А. Жұмағалиев Лондонда әріптестерін «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысып, өздерінің инновациялық технологияларын ұсынуға шақырды

Published 5.10.2015 www.kazinform.kz АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев Ұлыбритания астанасында өткен Дүние жүзілік ядролық қауымдастықтың (World Nuclear Association – WNA) жыл сайынғы симпозиумына қатысты. Симпозиум шеңберінде Қазақстанның ұлттық атом компаниясының басшысы шетелдік серіктестермен екіжақты келіссөздер өткізді, деп хабарлайды kazatomprom.kz. Атап айтқанда, Асқар Жұмағалиев «Cameco» президенті Тим Гитцелмен, «AREVA» аға атқарушы вице-президенті Оливье Вноспен, Uranium One президенті Василий Константиновпен және тағы басқалармен кездесті. Іскерлік кездесулер барысында тараптар атом энергетикасы саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың сан алуан қырларын сөз етті. Бір айта кетерлігі, Қазатомөнеркәсіп аталмыш компаниялармен ұзақ…

1
0
378

Елбасы Астанадан БҰҰ қолдауымен Жасыл технологияларды және инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі халықаралық орталық ашуды ұсынды

Published 5.10.2015 www.kazinform.kz НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясы 70-ші мерейтойлық сессиясының жалпы пікірталасында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадан Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдауымен Жасыл технологияларды және инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі халықаралық орталық ашуды ұсынды. ҚР Президенті өз сөзінде Біріккен Ұлттар Ұйымының «Баршаға арналған тұрақты энергетика» бастамасын қолдау үшін Астанада 2017 жылы «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен бүкіләлемдік көрме өтетіндігін айтты. «Барлық мемлекеттерді көрмені дайындауға және өткізуге қатысуға шақырамыз. Болашақты ескеріп, «ЭКСПО-2017» көрмесі инфрақұрылымы негізінде Астанадан Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдауымен Жасыл технологияларды және инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі халықаралық орталық ашуд…

1
0
843

БҚО білім саласындағы бақылау департаментіндегі семинар-кеңес

2015 жылдың 2 қазан күні Батыс Қазақстан облысының білім саласындағы бақылау департаменті қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру» атты семинар-кеңес оздырылды. Семинар-кеңесте Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің 2015 жылғы І жартыжылдығы қорытындысы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құжатының негізгі бағыттары және жемқорлыққа әкелетін жағдайлардың алдын алу мәселелері түсіндіріліп, жемқорлық жасаған үшін жауапкершіліктен босатылмайтындығына ерекше назар аударылды. Батыс Қазақстан облысының білім саласындағы бақылау департаменті қызметінің бірі мекемелерді тексеру болғандықтан, мекеме басшылығымен…

0
0
968

Телеканалы «Қазақстан» и «Kazsport» будут транслировать в прямом эфире традиционную профессиональную однодневную велогонку «Тур Алматы», которая состоится 4 октября в Южной столице.

Организаторы данного соревнования, входящего в число престижных однодневных гонок UCI, обещают интересную программу и довольно сложный маршрут с несколькими спецучастками, главный из которых – промежуточный спринтерский финиш по проспекту Аль-Фараби. Общая протяженность маршрута – 186 километров (6 кругов – каждый из которых составляет 31 км). На «Туре Алматы» в этом году участвуют 20 команд из 17 стран мира. Особо стоит отметить Astana Pro Team, в составе которой будет выступать победитель веломногодневки «Вуэльта-2015» итальянец Фабио Ару. Помимо «астанчан», нашу страну в этой гонке представят велокоманда Vino 4ever – недавняя участница чемпионата мира в Ричмонде и Национальная сборная Казахстана. Телеканал «Kazsport» планирует показать гонку целиком с 8.30 до 14.30, начиная с презентац…

0
0
184

«Қазақстан» және «Kazsport»телеарналары 4 қазан күні Оңтүстік Астанамызда өтетін дәстүрлі «Тур Алматы» кәсіби бір күндік веложарысын тікелей эфирде көрсетеді.

Бұл жылы да ұйымдастырушылар UCI кестесіндегі аса маңызды біркүндік жарыстардың қатарынан саналатын Алматы турында қызықты бағдарлама мен күрделі маршрутқа негізделген тартысты бәсекенің өтеріне уәде беріп отыр. Бұл тұрғыда Әл-Фараби даңғылының бойындағы бір спринттік аралық межені ерекше атап өтуге болады. Жарыс жолының жалпы қашықтығы – 186 шақырым (6 айналым, әр айналымның ұзақтығы – 31 шақырымды құрайды). Бұл жылы «Тур Алматы» жарысына әлемнің 17 елінен келген 20 ұжым қатыспақ. Солардың арасында «Вуэльта-2015» көпкүндігінің жеңімпазы италиялық Фабио Ару намысын қорғайтын Astana Pro Team командасын ерекше орында. Астаналықтардан бөлек ел намысын жуырда Ричмондта өткен Әлем чемпионатынан оралған Vino 4ever мен Қазақстан ұлттық құрамасы қорғайды. «Kazsport» телеарнасы «Алматы турын» таңғ…

0
0
311

Мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды тексеру нәтижелері туралы баспасөз ақпараты

Елімізде 140 мыңнан астам даму мүмкіндігі шектеулі балалар өмір сүреді, солардың ішінде 74 мыңын мүгедек балалар құрайды.

Прокуратура органдары осы санатқа жататын балалардың құқықтарын қорғауды тұрақты негізде тексеріп отырады.

Ағымдағы жылдың 3-ші тоқсанында прокурорлар тексеру шаралары барысында денсаулық сақтауда, әлеуметтік қорғауда, көмек және білім беруде мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтары бұзушылғанын анықтады.

Атап айтқанда, тексеріспен осы санатқа жататын балаларға қатысты, оның ішінде ата-анасы тарапынан да, зорлық-зомбылық пен қатыгездік көрсету фактілері анықталды.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/mumkindigi-shekteuli-balalardyn-kukyktary-men-muddelerin-korgaudy-tekseru

0
0
1443

Қызылорда аграрилері күріштен рекордтық өнім алды

Сыр дихандары биылғы жылы күріштің әр гектарынан 50,5 центнер өнім жинап, ел қамбасына 423 мың тоннадан астам астық құйды. Бұл ел тәуелсіздігі кезеңіндегі рекордтық көрсеткіш соңғы 3 жыл бойы қатарынан қайталанып отыр. Бұл туралы биылғы егін жинау қорытындысы бойынша өндіріс озаттарын марапаттау салтанатында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев мәлімдеді. «Халықта несібесі мол елдің егіні бітік шығады деген сөз бар. Кеше ғана Сыр дихандары ала жаздай күтіп баптаған егіндерін жинады. Биыл да егіншілеріміз мол өнім алып, үшінші жыл қатарынан рекордтық көрсеткіш берді. Соңғы жылдары облысымыздың ауыл шаруашылығы саласы жақсы дамып келеді. Сыр елінің басты дақылы күріш өндірісінің көлемі 11,6% өсіп отыр. Мал шаруашылығы бойынша ірі қара, жылқы және түйе басының саны ең берекелі 90-шы жылғы деңгейде…

0
0
654