Мазмұнға өту

Жаңа

БҚО Әділет департаментіндегі семинар-кеңес

2015 жылдың 9 қазанында Батыс Қазақстан облысының Әділет Департаментінде мекеме қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттары мен міндеттерін, Қылмыстық Кодекстің новеллаларын түсіндіруге арналған семинар-кеңес өтті.

Семинар-кеңес барысында мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс Кодексін сақтау сұрақтары мен еңбек тәртібін сақтау мәселелері талқыланды.

Қатысушылар алдында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің консультанты Б.Хайруллин «Сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру»тақырыбында дәріс оқыды.

Іс-шара барысында сауалнама жүргізілді.

0
0
326

«Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы»

2015 жылдың 8 қазан күні Департамент Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығы»» МКҚК-де мемлекеттік қызметке жаңа қабылданған және қайта даярлау курсынан өтуші мамандардың қатысуымен «Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы» тақырыбында бірлескен дөңгелек үстел өткізді. Бұл шараға ауылдық округ әкімдері, аудандық бөлім басшылары, облыстық басқармалардың мамандары және мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған қызметкерлер, яғни аймақтық оқыту орталығының тыңдаушылары қатысты. Шараға сарапшы ретінде облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді мониторингілеу бөлімінің басшысы, Орал қалалық әділет басқармасының басшысы, ХҚКО өкілдері шақырылды. Дөңгелек үстел отырысына департаменттің Тәртіптік…

0
0
458

«Қара шаңырақ» телехикаясын көріңіз

Туындының қайталау бөлімдерін сенбі-жексенбі күндері сағат 17:50-де тамашалай аласыздар. «Қара шаңырақ» телехикаясы - отбасы құндылықтарын насихаттайтын бірден-бір отандық туынды. Телехикаяның көрерменін бірден тапқан себебі – қарапайым қазақ отбасы, әке аманаты, ана махаббаты, бауырлардың сыйластығы. Туындының халыққа жақындығынан болар, көрерменнің сұрауы бойынша, телехикая Ұлттық арна эфирінен сенбі-жексенбі күндері қайта көрсетіліп жатыр. Күнделікті өмірде кездесетін қуаныш пен қайғы, сәтсіздік пен сатқындық, әркімнің отбасында болатын басқа да жағдайлар телехикаяда көрініс тапқан. Кәсіпкер Әлішер, спортшы Дәулет, қара шаңырақпен қатар, шаруашылықтың да тізгінін ұстаған Мәди. Бұл үш кейіпкер үш түрлі, мақсаттары да әрқилы. Бірақ, оларды біріктіретін бір нәрсе бар. Ол – Қара шаңырақ. Б…

0
0
498

Бокстан Әлем чемпионаты. Алты қазақ боксшысы ширек финалға шықты

Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан Әлем чемпионатының төртінші күнінде төрт қазақ боксшысы шаршы алаң төріне көтерілді. Алғаш шаршы алаңға 52 келідегі Олжас Сәттібаев шықты. Ол 18 жастағы болгариялық боксшы Даниель Асеновті еш қиыншылықсыз ұтты. Олжас алғашқы жекпе-жекте украиналық Игорь Сапинскийді 2:1 есебімен ұтқан. Екінші болып Ұлттық құрама капитаны 69 келідегі Данияр Елеусінов шаршы алаңға көтерілді. Данияр Елеусіновте өзінің алғашқы кездесуін жеңіспен бастады. Ол – беларусьтік қарсыласы Павел Кастраминді 3:0 есебімен жеңді. Шаршы алаңға үшінші 81 келідегі Әділбек Ниязымбетов шықты. Бұл Әділбектің Әлем біріншілігіндегі алғашқы кездесуі еді. 3 раундқа созылған тартысты бәсекеде Ниязымбетов Сириялық қарсыласы Алдын Хоуссоунды 3:0 есебімен ұтты. Қазақстандық боксшылардан шаршы алаңға со…

0
0
432

Бүгін «Жаңа қоныс» телехикаясы эфирге шығады

Телехикаяның 1,2- бөлімдерін бүгін сағат 14:35-те көріңіз.

Телехикаяда қозғалатын тақырып – пәтер жалдап тұратын отбасының қызықтары. Қалаға көшіп келген көптеген жанұялардың басынан өтетін бұл мәселе көрермендерге өте жақын, деп айтуға болады.

Себебі, көрермен өзіне етене жақын, таныс оқиғаларды комедиялық қырынан көргенде еріксіз езу тартатыны анық. Қызыққа толы «Жаңа қоныс» комедиялық сериалын бүгін сағат 14:35-те Ұлттық арнадан көріңіз.

0
0
293

«Махаббат кегі» мелодрамасын көріңіз

Режиссер Ева Джинннің фильмінің басты ролдерін Чжан Цзыи, Бинбин Фань, Со Чжи Соп сомдайды

Софи карикатурашы болып жұмыс істейтін өте сүйкімді, ақылды қыз. Ол хирург болып жұмыс істейтін сұңғақ бойлы Джефф деген жігітпен кездесіп жүреді. Екеуі сөз байласады.

Жігіт қыздың туыстарының алдына оған ұсыныс жасайды. Алайда, Софидің қуанышы көпке ұзамайды. Кезекті операция жасау сәтінде Джефф Ван Цзинцзин атты киножұлдызды кезіктіріп, оған ғашық болып қалады.

«Махаббат кегі» мелодрамасын бүгін сағат 15:50-де көріңіз.

0
0
852

Қазақстанның ДЭФ рейтингісіндегі орны 22 көрсеткіш бойынша жалпы нәтижеден едәуір жоғары – сарапшы

Қазақстан Жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингсінде 42 орынға табан тіреді. Егер бұл рейтингтің жеке көрсеткіштері бойынша нәтижені салыстыратын болсақ онда олар орташа көрсеткіштен едәуір жоғары, деп хабарлады «Ұлттық сараптамалық орталық» АҚ басқарма төрағасы Ақтоты Айтжанова ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында. «Қазақстан Жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде 42 орынға табан тіреді. Бұл 2005 жылдан бері ең үздік нәтиже. Барлық салалар бойныша көрсеткіштер жақсарған. Ұлттық сараптамалық орталық 2009 жылдан бастап Дүниежүзілік экономикалық форумның серіктестік институты болып табылады, жыл сайын форум үшін кәсіпорындарда сауалнама жүргіземіз. Сауалнамаға басшылар қатысады, жыл сайын шамамен 100 компания. Компания құрылымы ЖІӨ құрылымына сәйкес болуы керек», - деді А. Айтжанова. С…

0
0
347

ҚР Қорғаныс министрі шақыру барысын бақылауға алып, жылу беру маусымының дайындығын тексерді

Астанада ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтің басшылық етуімен ҚР Қорғаныс министрлігі және ҚР ҚК Бас штабының құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерімен, әскер түрлерінің бас қолбасшылары, ҚР ҚК өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшыларымен, Астана мен Алматы қалалары және облыс әкімдерінің орынбасарларымен селекторлық кеңес өткізілді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Қорғаныс ведомствосының басшысы бүгінгі күнгі екі өзекті мәселені атап өтті. Ол: күзгі шақыру кампаниясы және Қарулы Күштерде жылу маусымын жүргізу. «Барлық деңгейлерде жауынгерлік даярлықтың қарқындылығы мен сапасын арттыру барлық санаттағы әскери қызметшілердің жасақталу сапасына, олардың кәсіби дайындығы мен тәртіптілігіне тікелей байланысты. Қарулы Күштерді жасақтау бағыттарының бірі мерзі…

0
0
241

Римде «Қазақстан Республикасының заңнамалары мен институттары» конференциясы өтті

Италия Республикасының Парламентінде Қазақстанның Италиядағы Елшілігі ISAG Геосаясат және сабақтас пәндердің жоғарғы мектебі институтымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан халқы ассамблеясына арналған «Қазақстан Республикасының заңнамалары мен институттары» тақырыбындағы конференция ұйымдастырды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің орынбасары. Іс-шараға Италия Парламентінің депутаттары, институционалды органның өкілдері, белгілі ғалым-құқықтанушылар, саясаткерлер мен сарапшылар, сондай-ақ итальяндық БАҚ өкілдері қатысты. Конференция жұмысына қазақстандық тараптан Елшілік өкілдерінен басқа ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, ҚХА депутаттық тобының жетекшісі Жұматай Әлиев қатысты. Ол итальяндық жұртшылықтың алдында «Қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің…

0
0
466

Елбасы Н.Назарбаев Францияның «Ле Фигаро» газетіне сұхбат берді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Францияның «Ле Фигаро» газетіне сұхбат берді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Қазақстан Президенті Францияның ірі басылымының бірі – «Ле Фигаро» газетінің тілшісі Рено Жираруға сұхбат берді. Мемлекет басшысы еліміздің ядролық қаруды таратпау саласындағы іс-қимылы туралы әңгімелеп, Украинадағы қазіргі ахуал туралы және соның төңірегіндегі оқиғаларға қатысты, сондай-ақ Сирия түйткілін шешу жолдары жөнінде пікірін білдірді. Атап айтқанда, Қазақстанның атом энергиясын бейбіт мақсатқа пайдалану бағытындағы бастамаларына қатысты Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қарудан бас тарту республикамызға айтарлықтай көлемде шетелдік инвестициялар әкелуге және экономиканы жаңғырту үшін жағдай туғызуға септігін тигізгенін атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстанда Аз байытылған…

0
0
458