Мазмұнға өту

Жаңа

Алматы облысының сәулетшілері Тараз қаласына 50 метрлік барельефті сыйға тартты

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойының қарсаңында Алматы облысының сәулетшілері Тараз қаласына ерекше сый жасады. Атап айтқанда 50 метрлік алып барельеф пен қазақтың атақты жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне жасалған күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін реңі жарасқан туындылар қаланың көркін келтіруде, деп хабарлады Алматы облысының әкімдігі. Жамбыл облысының тұрғындарына тарту етілген ерекше сыйдың алғашқысы жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне жасалған күрделі жөндеу жұмыстары болды. Мүсіннің құрылысын Қазақстан Республикасының құрметті сәулетшісі Қазыбек Жарылғаповтың басшылығымен Қазақстан Республикасы сәулетшілер және қалақұрылыс одағының мүшелерінен құрылған топ жүргізді. Нысанның құрылыс жұмыстарына 23,6 млн. теңге қаражат жұмсалды. Сондай-ақ Жетісулықтар Тараз қаласындағы Ш…

0
0
374

«Қазақстан аруы-2015» байқауының жеңімпазы 5 млн. теңге иеленеді

«Қазақстан аруы» конкурсының жеңімпазы 5 млн. теңге иеленетін болады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында арулар байқауының fashion-продюсері Сәкен Жақсыбаев мәлім етті. Продюсердің сөзіне қарағанда, ұйымдастырушылар осылайша ағымдағы жылы өтетін конкурстың жүлде қорын арттырып отыр. «Шындығында, бес миллион теңге - бұл айтарлықтай қомақты қаражат, оған өз бизнесіңді де ашуға болады, жеңімпаз үшін мансабын жалғастыруға немесе өзінің білімін еліміздегі, әлемдегі жетекші университеттерде жалғастыруға да мүмкіндік болады. Осының өзі ынталандырудың ерекшелігі болса керек», - дейді С.Жақсыбаев. Айта кетерлігі, ұйымдастырушылардың ақпаратына қарағанда, конкурсқа қатысу барша қазақстандық нәзікжанды арулар үшін тегін болады. Ең бастысы олар Қазақстан а…

0
0
355

Вьетнамдық туристер ЭКСПО-2017 көрмесіне келуге және қазақстандық туризм нарығының әлеуетін зерттеуге қызығушылық білдіруде

АСТАНА. ҚазАқпарат – 2015 жылғы 10 қыркүйекте Қазақстанның Вьетнамдағы Елшілігі Хошимин қаласында өткен Халықаралық туризм көрмесінің жұмысына қатысып, оның шеңберінде Вьетнам Социалистік Республикасының (ВСР) Мәдениет, спорт және туризм министрі Хоанг Туан Аньмен кездесу өтті. Кездесу барысында Вьетнамның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу мәселесі тағы да қозғалды. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады. Министрдің мәлімдеуінше, Вьетнам Астанада өтетін көрмеге қатысуы туралы жазба түрдегі келісімін жақын арада жолдайды және келесі айда ЭКСПО-2017 көрмесінде Вьетнамның ұлттық павильонына жауапты Комиссар тағайындайды. Оған қоса сұхбаттас ВСР Үкіметі Қазақстан азаматтарына Ресей және Беларусь азаматтарындай мерзім ұзақтығы 15 күнге дейін бір жақты түрде визасыз режім енгізу мәселесін қарас…

1
0
374

Францияның ірі кәсіпорындары ЭКСПО-2017 көрмесіне қызығушылық танытуда

Published 9.10.2015 kazinform.kz АСТАНА. ҚазАқпарат – «Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов Француз Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Франсис Этьенмен кездесу өткізді. Кездесу барысында Елші француздық ірі кәсіпорындар ынтымақтастыққа әзір екендігін мәлімдеді, деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі. «Тамыз аяғында мен 70 ірі компания өкілдерімен кездестім. Олардың барлығы «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне мүдделілік танытты. Astana Invest форумын өткізу барысында олармен ЭКСПО көрмесінде олар көрсететін әзірлеме мен технологияларды талқылау үшін кездессеңіз жақсы болар еді», – деп ойымен бөлісті кездесу барысында Франсис Этьен. Ахметжан Есімов 48 ел өздерінің қатысатынын растап, көрмеге деген халықаралық мүдделіліктерін көрсетті деп атап өтті. «Бі…

1
0
426

Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы елордаға келді

Астанаға Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталес келді. Мәртебелі мейман бірінші кезекте «ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімовпен кездесіп, көрме нысандарының сәулет-құрылыс жұмыстарымен танысты. Дайындық науқанынан хабардар болған Висенте Лоссерталес жоспарлау кезеңі артта қалғанын, енді тек жобалардың бәрін іске асыруға қос қолдап кірісу қажеттігін жеткізді. Ал Ахметжан Есімов компания өз құрылымын өзгертіп, тиімді әрі ашық жұмыс істеуге ұмтылып отырғанын атап өтті. Висенте Лоссерталес, Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы: - Менің ойымша, бұған дейінгі істеріміз әр бағытта өрбіді. Бір жағынан құрылыс жұмыстары, екінші жағынан істі ілгерілету дегендей. Ал қазір шараның ең негізгі басты мәселесін айқындауымыз қажет. Бұл ретте барлығын ойла…

1
0
372

Алматыда халықаралық «Алматы туры-2015» веложарысы басталды

24.kz

8f33db2dc28f8a12a7ee6561bbcb9d0c_L

«Нұрлы тау» бизнес орталығының алдына жиналған командалар таңғы сағат 09:45-те жарыс жолына шықты.

Шараның ашылу рәсіміне қала әкімі Бауыржан Байбек пен «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов қатысты. Велошабандоздар 31 шақырымнан тұратын алты айналымды жүріп өтеді. Жарыс жолының жалпы қашықтығы – 186 шақырым.

Айта кетейік, «Astana Pro Team» командасының құрамында «Тур Алматы 2014» жеңімпазы Алексей Луценко, Арман Қамышев, Руслан Тлеубаев, Даниил Фоминых, Андрей Зейц пен Бахтияр Қожатаев және де La Vuelta 2015 велокөпкүндіктің триумфаторы итальяндық Фабио Ару мен оның отандасы Паоло Тиралонго да бар.

http://gbpp.org/kz/2015/10/9459

1
0
277

Б.Байбек: Алматыда әлеуметтік инфрақұрылымдарға тең қолжетілімдік мәселелері сәтті шешілуде

Алматы әкімі Бауыржан Байбек мүмкіндігі шектеулі жандар Күні қарсаңында мүгедектер мәселелерімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар басшыларымен кездесу өткізді. Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының жарлығы бойынша бұл күн қазан айының екінші жексенбісінде аталып өтіледі, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Қала басшысы Алматыда ерекше күтімді қажет ететін жандарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін жыл сайын жергілікті бюджеттен 3 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінетіндігін айтты. Ең бастысы, әлеуметтік қолдау әр адамға жеке көрсетіледі, яғни әлеуметтік қызметкерлер әрбір 43 мың мүгедектің сұраныстарын анықтап, нақтылы көмек көрсетеді. Мүмкіндігі шектеулі мыңнан астам балаға арнайы әлеуметтік қызмет үйде көрсетіледі, 5 мыңнан астам мүгедек медициналық- әлеуметтік мекемелерде…

0
0
294

А. Дауылбаев пен Т.Элвуд Қазақстан мен Ұлыбритания келісімі аясындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Ұлыбританияның Сыртқы істер министрінің орынбасары Тобайас Элвудпен және Ұлыбританияның Қылмыспен күрес жөніндегі ұлттық агенттігінің Орталық Азиядағы байланыс офицері және аймақтық үйлестірушісі Фредерик Хеллонмен кездесті, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың деңгейі жоғары екендігіне тоқталып, бұрын қол қойылған келісімдердің шеңберіндегі бұдан былайғы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Сұхбаттасушылар халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жалпы стратегиялық мәселелерге қатысты мәселелер жөнінде ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Соның ішінде, ұйымдасқан трансұлттық қылмыстыл…

0
0
451

ҚР ҚК Құрлық әскерлері экспресс-тест арқылы үздік жауынгерлерді анықтайды

2015 жылғы қазанның 12-і мен 17-і аралығында «Отар» 40-шы әскери базасының «Мәтібұлақ» полигонында дәстүрге айналған ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің жауынгерлік даярлығының жай-күйін айқындайтын жыл сайынғы экспресс-тест өтеді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтің талаптарына сәйкес бүгін Құрлық әскерлеріндегі жауынгерлік даярлық бойынша негізгі күш-жігер барлық мамандықтағы жауынгерлердің кәсібилігін арттыруға бағытталған. Алдағы сайыс іс жүзінде бірлестіктердің, әскер тектерінің, әскери бөлімдердің өткен жыл бойынша қайсысы үздік нәтижелерге қол жеткізгенін көрсетуі тиіс. Сынаққа әртүрлі мамандықтағы 400-ден аса әскери қызметші қатысады. Олар: мотоатқыштар, танкішілер, десантшылар, теңіз жаяу әскерлері, артиллерияшылар, граната…

0
0
486