Таразда «Қазақ хандығы» энциклопедиясының тұсаукесері өтті (ФОТО)
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Қазақ хандығы» энциклопедиясының тұсаукесер рәсімі өтті. Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы қарсаңында өткен жиынға ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, жоғары оқу орындары ректорлары мен тарихшылар қатысты.

