«Нұрлы жол»: Маңғыстау облысында Боржақты-Ерсай темір жол желісінің 22,3 шақырымы төселді
«ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин мен Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан Құрық паром кешені, Ақтау халықаралық теңіз сауда портының солтүстік бағытта кеңейту, Боржақты-Ерсай темір жол желісі құрылысымен танысты, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ.
Асқар Маминның айтуынша, Маңғыстау облысы өте маңызды транзиттік көлік әлеуетіне ие. Қазақстанның солтүстік–оңтүстік бағдары бойынша ірі көліктік коммуникациялық желі болып саналады. Осы желі арқылы Қазақстанды Парсы шығанағы, Индия, Пәкістан, Иран, Түркменстан, Ресей, Еуропа елдері мен жалғайды. Сондай-ақ ТРАСЕКА көліктік дәлізі арқылы Қытай-Қазақстан, Кавказ, Еуропа көліктік бағдарын қосады.
Құрық паром кешені құрылысы биылғы жылдың сәуірінде басталды. Жобаның алғашқы кешенін 2016 жылдың желтоқсанында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Қазіргі таңда жер қабатымен жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2 млн. 170 мың текше метр жер қазылды. Бұл жалпы жұмыстың 70%-ы. Паром кешені жылына 4 млн. тонна жүк өткізетін болады. Оның ішінде халықшаруашылығы тауарлары, астық, мұнай өнімдері, тыңайтқыш химикаттар бар.
Сондай-ақ, Каспий аймағындағы шекаралас елдердің өнімдері тасылады.
Құрықты жалғайтын Боржақты-Ерсай темір жол желісі 15,1 шақырым. Биылғы шілдеден бастап бұл магистральда жұмыс қозғалысы басталды. Қазір мұнда 22,3 шақырым жолдың жоғарғы қабаты төселді. 16,6 шақырым басты жол және станциялық 5,7 шақырым жол толық салынып аяқталы. Қарашаның аяғына дейін автомобиль өткізу бекетінің құрылысы аяқталады.
Ақтау халықаралық сауда портын солтүстік қанатына қарай кеңейту, оның өткізу мүмкіндігін едәуір арттырады. Жаңа терминалда басты жүктермен бірге, контейнерлер астық тасымалдайды.
Маңғыстау облысындағы «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты аясындағы көліктік, инфрақұрылымдық жобалар еліміздің транзиттік әлеуетін өсіру арқылы Қазақстанның бәсекелестікке сай экономикасының қуатты болуына жеткізеді.
Сонымен қатар, ШҚО-да электртасымалдау жүйелерін жөндеу жұмыстарына 3,9 млрд теңге қаржы бағытталған
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасы аясында аймақта 2015 жылға «ШҚ РЭК» АҚ жалпы кұны 3,9 млрд теңгеге электртасымалдау жүйелерінің құрылысы, модернизациялау, қайта жөндеу және күрделі жөндеуден өткізу жобаларын жоспарлап отыр. Бұл туралы кеңейтілген аппараттық кеңес барысында энергетика және тұрғын үй коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы Айтқазы Шерубаев хабарлады.
Оның айтуынша, қашықтығы 1 559 шақырым болатын «Екібастұз-Семей-Өскемен» жоғарғы вольтті желісінің құрылысы басталған.
«Бүгінгі таңда аймақ бойынша жоспарланған жобалардың ішінде 1 шақырым электртасымалдау желісі салынған, 110 шақырым қайта жөндеуден өткен және модернизацияланған, 553 шақырым электртасымалдау жүйесі күрделі жөндеуден өткен», - деді А.Шерубаев.
Биылғы жылдың басты жобаларының бірі «KEGOC» АҚ салып жатқан жалпы қашықтығы 1 559 шақырым, ал ШҚО бойынша 865 шақырымды құрайтын «Екібастұз-Семей-Өскемен» жоғарғы вольтті жүйесі болып табылады. Жобаның Шығыс Қазақстан облысы бойынша жалпы құны 45,5 млрд теңгені құрайды.
Энергетика және тұрғын үй коммуналды шаруашылық басқармасынан хабарлағандай, жобаның негізгі мақсаты Солтүстік-Шығыс қиылысындағы өткізу қабілетін ұлғайтып, Шығыс Қазақстан облысында Ресей бірыңғай энергетика жүйесі арқылы өтетін электрқуат транзитіне тәуелділікті азайтуды қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, Өскемен және Семей қалаларында тұрғын үй коммуналды шаруашылық инфрақұрылымын және жылу, сумен қамту жүйелерін модернизациялау жұмыстары жалғастырылуда. Жалпы, жылумен қамту нысандарын модернизациялау бойынша, жалпы сомасы 2 111,5 млн теңгеге 12 жоба іске асуда, деп хабарлады ШҚО-ның Ақпараттық орталығы.
«Жалпы алғанда «Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асыру жұмысы қарқынды жүргізілуде. Семей қаласына қатысты да бірқатар жұмыстар атқарылғандығына күмәнім жоқ, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.
