«Біздің өмірімізде сыбайлас жемқорлық жоқ!»
2015 жылдың 10 қазанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойлауды қалыптастыру және өскелең ұрпақты еңбексүйгіштікке, азаматтық белсенділік ұстанымын арттыруға тәрбиелеу мақсатында №28 ЖББОМ «Біздің өмірімізде сыбайлас жемқорлық жоқ» атты сабағы өтті.
Сабақ барысында сыбайлас жемқорлықтың түсінігі мен себептері түсіндірілді. Оқушылар әртүрлі сөздіктерді қолдана отырып, «сыбайлас жемқорлық», «парақорлық» түсініктеріне анықтама берді. Сыбайлас жемқорлық түсінігіне ұқсастықтар ойластырылды, мысалы, сұр және қара түстер, бұлтты ауа-райы, жыртқыш аңдар және жер сілкінісі.
Сонымен қатар, топтарға бөліну арқылы да сыбайлас жемқорлық мәселелерін талқылады. Әр топ, берілген тапсырма мен жағдайды талқылады, кейіпкерлерідің іс-әрекеттеріне мінездеме беріліп және сыбайлас жемқорлыққа әрекеттерге жол бермеудің ұсыныстарын әзірледі.
Сабақ соңында сыбайлас жемқорлықты үлкен сегізаяқ ретінде постерге бейнеледі. Оқушылар сыбайлас жемқорлықпен күрестің жолдарын ұсынып, әр ұсынысқа сегізаяқтың аяқтарын жұлып отырды. Олардың жас екендіктеріне қарамастан, оқушылармен назар аударарлық ұсыныстар айтылды: заңдарды жетілдіру, БАҚ үшін ашықтылық, қоғамды сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке тәрбиелеу және заңдарды құрметтеу т.б.
Шараға қатысушылар алдында Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы В.Масимова сөйлеп, Агенттіктің кейбір қызметтерімен таныстырып, сыбайлас жемқорлықты қабылдамау атмосферасын жасауда жастардың ерекше рөл алатындығына тоқталды.
Іс-шара барысында жоғары сынып оқушыларына тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, қарап болғаннан кейін оқушылар жағдаяттарды талдап, сыбайлас жемқорлық туралы өз ойларын білдірді.

