Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Облыстық Қарттармен мүгедектерге арналған медициналық әлеуметтік мекемесінде семинар-кеңес өткізілді.

Ағымдағы жылғы 12 қазан күні Батыс Қазақстан облысының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті (бұдан әрі-Департамент), Облыстық Қарттармен мүгедектерге арналған медициналық әлеуметтік мекемесінде жемқорлықтың алдын-алу және онымен күресу жөніндегі мекеменің әкімшілігі мен қызметкерлеріне ақпараттық семинар-кеңес ұйымдастырды.

Департамент қызметкерлері мекеме ұжымына Департамент қызметінің мақсаты және міндеті, мемлекеттік басқару, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі елімізде қабылданатын шаралар, халықтың жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпараттандырды.  Жемқорлық құқық бұзушылықтар мен жүйелі қылмыстарды анықтау және алдын-алуда азаматтардың қатысуы маңызды болғандықтан, қоғамның белсенділік танытулары да сөз болды. Ал жемқорлық тәуекелдерін төмендету және әкімшілік тосқауылдарды жою үшін электронды үкіметтің, мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын енгізу шарасы орынды деп танылды.

Семинар-кеңеске қатысушылар тақырып бойынша өз ойларын білдіріп, сұрақтар қойды.

Кездесу соңында халықпен өзара байланыстың маңыздылығын атап өткен Департамент мамандары,тақырыптық видеороликтер көрсетіп, сауалнама толтырылды. Сонымен қатар, қатысушыларға арнайы жасалған жаднамалар, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналдары таратылды.

0
0
505

Осы тақырып бойынша

Облыстық Қарттармен мүгедектерге арналған медициналық әлеуметтік мекемесінде семинар-кеңес өткізілді. - Yvision.kz