Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстанда қызылшаға қарсы иммундауға жататын 74%-ден астам жасөспірім вакциналанды

Ағымдағы жылдың 13 қазанында Қазақстанда қызылшаға қарсы қосымша иммундау кампаниясының аясында мақсатты топтың жалпы санынан (316 мың 704 жасөспірім) 15-19 жас аралығындағы 235 мың 164 адам немесе 74,3% жасөспірім вакцинацияланды.

Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында қызылшаға қарсы қосымша иммундау кампаниясы 100%-дық қамтумен аяқталды. Ақмола, Атырау, Қызылорда облыстары мен Алматы қаласында 90%-дан астам адам вакцинацияланды.

Өзге 10 аймақта (Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласы) вакцинамен қамту көрсеткіші 50-ден 80 %-ға дейін құрайды.

Иммундау шараларын жүзеге асыру барысында жағымсыз жағдайлар тіркелген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдерді қызылшаға қарсы қосымша иммундау кампаниясы өткізілуде.

 
0
0
283

Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Латвия-Қазақстан матчын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін түнде Ригада Еуро-2016 турнирінің іріктеу кезеңінің соңғы Латвия-Қазақстан матчы өтеді.

Ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Астана уақытымен сағат 00:30-да тікелей эфирде көрсетеді.

Кездесудің бас төрешісі – шотландиялық Стивен Маклин тағайындалды. Оның көмекшілері – Грэм Стюарт мен Дэвид Макгичи.

Айта кетейік, 2014 жылдың 9 қыркүйегінде Астанада өткен ойында командалар 0:0 есебімен тең тарқасқан еді.

Латваия құрамасында 9 ойыннан кейін 5 ұпай болса, Қазақстан Ұлттық құрамасының қоржынында 2 ұпай бар.


0
0
683

«Сақ» киностудиясы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мультфильм түсіруде

«Қазақ елі» атты толықметражды туындыда елдің тарихы, Керей мен Жәнібектің балалық шағы, ондағы хандардың билік құрған дәуірі көрініс табады.

Барақ ханның бейнесін аниматор Жанәділ Байдарбеков суреттеуде.

Маманның сөзіне сенсек, алып кейіпкердің әрбір секундық қимылын жасау үшін кемінде 25 сурет салынады.

«Ханның әрбір қимылын қағазға, компьютерде салмас бұрын оның  образына енеміз, соның қылықтарын жасап көреміз. Рөлді өзіміз ойнап шығамыз. Актер болып, соны жасай отырып, кейіпкерге жан бітіреміз», - дейді аниматор Жанәділ Байдарбеков.

«Мультфильмде біз табиғаттың көрінісін 3D форматы арқылы көрсетіп, қолмен салынған суретпен қосып, қолданып жатырмыз. Мұндай жаңалық Қазақстанда әлі күнге болмаған. Ресейде де қолданылмаған. Бірақ біз қазір осыны қолдан келгенше кәсіби түрде жасап жатырмыз», - дейді туындының режиссері Батырхан Дәуренбеков.

 
0
0
418

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының резервистерін оқыту

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының резервистерінің бекітілген жеке даму жоспарларының шеңберінде 2015 жылдың 21-23 қыркүйегі аралығында Астана қаласында «Ситуациялық көшбасшылық» тақырыбында резервистерге арналған алғашқы семинар болып өтті.

«Ситуациялық көшбасшылық» тақырыбындағы семинар түсіну, ұйымды диагностикалау,  табыстау, өзгерістерді басқару дағдыларын дамытуға, сонымен бірге көшбасшылық қабілеттіліктерді дамытуға және қызметкерлердің мотивациясын жоғарылатуға бағытталған.

Оқыту барысында қатысушыларға теориялық білімдерін нығайту мақсатында шешу үшін арнайы бизнес-кейстер, сондай-ақ көптеген рөлдік ойындар көрсетілді.

Семинарды «ҚБТУ» АҚ Мұнай-газ инжинирингі және ақпараттық технологиялар институтының бизнес тренері Алексей Борисович Ончуков өткізді, оның коучинг, тренинг, тәжірибелік сабақтар мен семинарлар өткізудегі тәжірибесі мол. А.Б.Ончуков «Басқарушылық бизнес-команданы қалыптастыру және дамыту», «Компанияның корпоративтік мәдениетін қалыптастыру мен дамыту үдерісіндегі басқарушылық команда», «Көшбасшылық мінез-құлық құпиялары», «Менеджердің көшбасшылық мінез-құлығы: тиімді қызмет негізі», «Тиімді ықпал – менеджерлерге арналған тәжірибелік курс» және басқа тақырыптардағы көптеген тренингтердің авторы болып табылады.

Ағымдағы жылы ҚМГ компаниялар тобының резервистері үшін қатысушылардың көшбасшылық және іскерлік қабілеттіктерін дамытуға бағытталған, 13 семинар-тренинг жоспарланған.

Семинарларды өткізу үшін қазақстандық бизнес-тренерлермен қатар, белгілі бизнес-тренерлер Александр Мурадян мен Юрий Самалов шақырылғандығын атап өту қажет.

Семинар-тренингтермен қатар, резервистердің жеке даму жоспарларында ҚР мұнай-газ саласының ерекшеліктерін ескере отырып, «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ арнайы әзірлеген, Executive MBA in Oil and Gas екі дипломдық бағдарламасы бойынша оқыту көзделген. МВА бағдарламасының шеңберінде ағымдағы жылдың 9 қыркүйегінен бастап аталмыш топ тыңдаушылары үшін оқыту басталып кетті.

 
0
0
494

Е.Ыдырысов Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысымен кездесті

24.kz

924be5dff1a66814b622c7440697612b_LСыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Лоссортеласпен кездесті.

Басқосуда БҰҰ Бас ассамблеясының 70-сессиясында айтылған маңызды мәселелер сөз болды. Әсіресе Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік қауымдастық назарын аударған батыл ұсыныстарына айрықша мән берілді. Мәртебелі мейман халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесінің құрылыс жұмыстарына қанығып, жобалардың жүзеге асу барысын жоғары бағалады. Ал Ерлан Ыдырысов халықаралық ұйыммен ынтымақтастық одан әрі нығая түскенін атап өтті.

http://gbpp.org/kz/2015/10/9717

1
0
336

Чилилік инженерлер жұрт назарына бұрын-соңды болмаған электр көлігін ұсынды

24.kz

413992d83fda5e0f07aba7ac23478328_L Оңтүстік Америка елдерінде электр қуатымен жүретін көліктерге деген сұраныс күннен-күнге артып келеді.

Чилилік инженерлер бұрын-соңды бұл елде болмаған электрлі көлікті жұрт назарына ұсынды. Ғалымдар өнертабысын сокИ деп атапты. Жергілікті үндіс тайпаларының тілінен аударғанда екі деген мағынаны білдіреді. Екі орындық, үш дөңгелекті шағын көлік автомобильмен қоса, мотоцикл және велосипедке ұқсас. Ерекше темір тұлпар келер жылдың наурыз айынан бастап сатылымға шығарылады. Бағасы 12 мың доллар шамасында болады, – дейді мамандар.

Даниэль Павес, өнертапқыш:

- Қарапайым қозғалыс құралдарының ыңғайлылығы мен қауіпсіздік қасиеттерін ескеруге тырыстық. Мысалы мотоцикл мен велосипедтің бұрылу механизмдерін қолдандық.

http://gbpp.org/kz/2015/10/9713

1
0
467

Ресейде «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің ерекшеліктері таныстырылды

egemen.kz

05-10-dagomis-2

АСТАНА. 5 қазан. Ресейдің Краснодар өлкесі Дагомыс ауданында өтіп жатқан «Вся Россия» XIX халықаралық медиа-фестивалі барысында «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің ерекшеліктері таныстырылды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.

Жиында таныстыру модераторы Айгүл Мүкей фестиваль қатысушыларына көрменің не үшін Қазақстанда өткізіліп отырғанына тоқтала кетті.

«ЭКСПО»-ның 160 жылдық тарихында алғаш рет көрме біздің аймаққа келгелі отыр. Қазақстан даласы 2017 жылы бірінші рет халықаралық көрмені қабылдап алады. Бұл ТМД елдері үшін бірінші рет көрме туының көтерілуі», – деді ол.
«Көрме 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында өтеді. Бұл тек, халықаралық симпозиумдер мен конференциялар ғана емес, үш мыңнан астам мәдени шаралар мен «А» класындағы жұлдыздардың мерекелік кештері өтетін күндер. Соның барлығы 93 күн ішінде болады», – деді Айгүл Мүкей.
Сондай-ақ, ол «Болашақ энерегиясы» көрме тақырыбы екенін айта келіп, бүгінгі күнде Қазақстанда энергияны үнемдеу саласында мемлекеттік саясат сәтті жүзеге асып жатқанын айтты.

http://gbpp.org/kz/2015/10/9721

 
1
0
615

Алматыда жыл соңына дейін 20 мың көшет отырғызылады – әкімдік

Алматыда жыл соңына дейін 20 мың көшет отырығызылады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Алматыда қала көшелерін, аула аумақтарын, көпшілік пайдаланатын орындарды, арық арналарын, бос жерлер мен жасыл аймақтарды, сондай-ақ өзен, су қоймаларының аңғарлары мен жағаларын санитарлық тазарту бойынша жалпықалалық сенбілік өтті.

«Адем» сауда орталығына қарама-қарсы орналасқан саябақтан бастау алған іс-шараға қала әкімі Бауыржан Байбек, шығармашылық зиялы қауым, спортшылар, қоғамдық және жастар қорларының өкілдері мен ПИК өкілдері қатысты. Солардың ішінде Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, белгілі альпинист Мақсұт Жұмаев, ҚР еңбегі сіңген әртісі Майра Ілиясова, қоғам қайраткері Аружан Саин және басқалар болды.

Алматы қаласының барлық аудандарында тазарту жұмыстары мен ағаш егу шараларына 240 мыңнан астам алматылық ат салысты. Алматы қаласы әкімдігі сенбілікке қатысушылардың бәрін қажетті құрал-саймандармен қамтамасыз етті. Іс-шараға қала коммуналдық қызметтерінің атынан барлығы 600 бірлік арнайы техника қатысты. Жалпықалалық сенбілікке қатысушылардың күшімен 6 250 текше метр қоқыс жиналды.

«Қалада жасыл қорды белсенді жаңарту жүргізілуде. Егер бүгін жалпықалалық сенбілікте 6 мың ағаш егілсе, үстіміздегі жылдың соңына дейін 20 мың жапырақты және қылқанды ағаш түрлерін отырғызу жоспарлануда», - деді Бауыржан Байбек.

Әкімнің айтуынша, бұдан басқа күз мезгілі ішінде көпшілік пайдаланатын орындар мен аулаішілік аумақтарда мемлекеттік бюджеттің қатысуынсыз демеушілер қаражаты есебінен 100-ден астам балалар ойын және спорталаңдары орналастырылады. Бұл жұмыс 2016 жылдың көктеміне дейін жалғастырылады. Жалпы алғанда 350-ден астам алаң орналастыру жоспарланған.

«Мен бүгін біздің Елбасымыздың саясатын қабылдап, қолдап жатқан кәсіпкерлерімізге алғыс білдірдім. Олардың жұмысы кем дегенде біздің 30% азаматтардың спортпен айналасуына бағытталған. Сол үшін олар өз қаражаты есебінен аулаішілік аумақтарды қалпына келтіріп, спорт және ойын алаңдарын салуда», - деп атап өтті қала басшысы.

Сондай-ақ сенбілік барысында қала әкімі «Үздік ПИК» байқауының жеңімпаздарын жүлделер мен дипломдармен марапаттады. Осылайша, 1-орынды иеленген Медеу ауданының «Самал» ПИК-іне Б. Байбек жүк жолаушылар автомобилінің кілті мен дипломды ұсынды. Екінші және үшінші орын иелеріне – Әуезов ауданының «Қуаныш мекені» және Жетісу ауданының «Розовая» ПИК-теріне сәйкесінше қар жинау үшін пайдаланылатын кол шнекороторы мен теледидар табысталды.

Қаланың санитарлық жағдайын жақсарту мен көріктендіру шараларынан басқа, қаланың эстетикалық көркін жетілдіруге де ерекше көңіл бөлінді. Қоршау, турникет, тіректер мен орындықтарды, сауыттар мен жарнамалық қалқандарды бояу жұмыстары жүргізілді.

Алматыда үстіміздегі жылдың 26 қыркүйегінен бастап күз және көктем мезгілдерінде апта сайын жалпықалалық сенбіліктер өткізу тәжірибесі енгізілгенін атап өту керек.

Ақпарат көзі

 
0
0
390