Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстанда жасөспірімдер қылмысының алдын алу бойынша 700-ден аса мобильдік топ жұмыс істейді

Қазақстанда жасөспірімдер қылмысының алдын алу бойынша 700-ден аса мобильдік топ жұмыс істейді, деп хабарлады Бас Прокуратура. Жасөспірімдер қылмысымен күресті күшейту және өкілетті органдар арасында осы жұмысты ұйымдастыру тәсілдерін сапалы өзгерту аясында 2011 жылы қадағалаушы органдар қамқорлығымен жасөспірімдер қылмысының профилактикасы бойынша мобильдік топтар құрылды. Атап айтқанда, прокуратура органдарында алдын алу және идеологиялық жұмыстарды өткізу үшін ең проблемалық орта білім беретін мектептерге бекітілген ведомствоаралық (прокуратура, ішкі істер органдары, әкімдік және білім беру мекемелері қызметкерлерінен) мобильдік топтар құрылды. Сонымен қатар осы жұмысқа қоғамдық ұйымдар өкілдері тартылды. Мобильдік топтар жұмысы жасырын сауалнамадан басталды, оның нәтижесі бойынша жеке…

0
0
282

Атаулы әлеуметтік көмекті есептеудің жаңа тәртіптері жәрдемақы сомасын ұлғайтуға мүмкіндік береді

Бұл туралы ҚР ДСӘДМ-де өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді. Ол ағымдағы жылдың 8 қазанында ҚР Парламенті бес институционалды реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 84-қадамын іске асыру шеңберінде әзірленген «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Заңды қабылдағанын еске салды. Аталған Заң аясында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бүгінде – 40%) 50%-нан төмен отбасына жұмысқа жарамды отбасы мүшелерінің міндетті түрде қазіргі таңдағы қолданыстағы жұмыспен қамту шараларын алмастыратын белсенді шараларға қатысуымен шартталған атаулы әлеуметтік көмекті (әрі қарай - АӘК) әрбір отбасы мүшесіне…

0
0
357

Қ. Тоқаев: Қазақстанның салық саясаты ұлттық экономиканың талаптарына және қазіргі кездегі жаһандық қатерлерді ескеруі тиіс

Бүгін Сенатта парламентшілер, ұлттық экономика және қаржы министрліктері, сондай-ақ «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылары қатысқан «Салық саясатының өзекті мәселелері» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің кіріспе сөзінде мемлекеттің салық саясаты «еліміздің экономикалық даму стратегиясының басты құралдарының бірі болып табылады» деп атап өтті. Төраға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиялық даму жоспарында салық саясатын жетілдірудің басты бағыттарын айқындап бергенін атап өтті. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында салық режимдері мен рәсімдерін оңтайландыру, кірістер мен шығыстарды жаппай салықтық декларациялау, тәуекелдерді ба…

0
0
543

Бюро Сенат отырысының күн тәртібін анықтады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Сенат Бюросының отырысы болды. Бюро мүшелері Палатаның кезекті отырысының күн тәртібін келісті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Алдағы бейсенбі күні сенаторлар он екі заң жобасын қарауды жоспарлады. Депутаттар қарауына Қазақстан мен Қытай Үкіметтері арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімді және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобалары енгізіледі. Палата отырысында «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заң жобасы және заңнамаға мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелері бойынша ілеспе түзетулер (бірінші оқылым) қаралады. Сенат депутаттары сондай…

0
0
240

«Нұрлы жол»: Маңғыстау облысында Боржақты-Ерсай темір жол желісінің 22,3 шақырымы төселді

«ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин мен Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан Құрық паром кешені, Ақтау халықаралық теңіз сауда портының солтүстік бағытта кеңейту, Боржақты-Ерсай темір жол желісі құрылысымен танысты, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ. Асқар Маминның айтуынша, Маңғыстау облысы өте маңызды транзиттік көлік әлеуетіне ие. Қазақстанның солтүстік–оңтүстік бағдары бойынша ірі көліктік коммуникациялық желі болып саналады. Осы желі арқылы Қазақстанды Парсы шығанағы, Индия, Пәкістан, Иран, Түркменстан, Ресей, Еуропа елдері мен жалғайды. Сондай-ақ ТРАСЕКА көліктік дәлізі арқылы Қытай-Қазақстан, Кавказ, Еуропа көліктік бағдарын қосады. Құрық паром кешені құрылысы биылғы жылдың сәуірінде басталды. Жобаның алғашқы кешенін 2016 жылдың желтоқса…

0
0
696

Облыстық Қарттармен мүгедектерге арналған медициналық әлеуметтік мекемесінде семинар-кеңес өткізілді.

Ағымдағы жылғы 12 қазан күні Батыс Қазақстан облысының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті (бұдан әрі-Департамент), Облыстық Қарттармен мүгедектерге арналған медициналық әлеуметтік мекемесінде жемқорлықтың алдын-алу және онымен күресу жөніндегі мекеменің әкімшілігі мен қызметкерлеріне ақпараттық семинар-кеңес ұйымдастырды. Департамент қызметкерлері мекеме ұжымына Департамент қызметінің мақсаты және міндеті, мемлекеттік басқару, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі елімізде қабылданатын шаралар, халықтың жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпараттандырды. Жемқорлық құқық бұзушылықтар мен жүйелі қылмыстарды анықтау және алдын-алуда азаматтардың қатысуы маңызды болғандықтан, қоғамның белсенділік таныт…

0
0
510

Таразда «Қазақ хандығы» энциклопедиясының тұсаукесері өтті (ФОТО)

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Қазақ хандығы» энциклопедиясының тұсаукесер рәсімі өтті. Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы қарсаңында өткен жиынға ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, жоғары оқу орындары ректорлары мен тарихшылар қатысты.


0
0
632

«Біздің өмірімізде сыбайлас жемқорлық жоқ!»

2015 жылдың 10 қазанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойлауды қалыптастыру және өскелең ұрпақты еңбексүйгіштікке, азаматтық белсенділік ұстанымын арттыруға тәрбиелеу мақсатында №28 ЖББОМ «Біздің өмірімізде сыбайлас жемқорлық жоқ» атты сабағы өтті. Сабақ барысында сыбайлас жемқорлықтың түсінігі мен себептері түсіндірілді. Оқушылар әртүрлі сөздіктерді қолдана отырып, «сыбайлас жемқорлық», «парақорлық» түсініктеріне анықтама берді. Сыбайлас жемқорлық түсінігіне ұқсастықтар ойластырылды, мысалы, сұр және қара түстер, бұлтты ауа-райы, жыртқыш аңдар және жер сілкінісі. Сонымен қатар, топтарға бөліну арқылы да сыбайлас жемқорлық мәселелерін талқылады. Әр топ, берілген тапсырма мен жағдайды талқылады, кейіпкерлерідің іс-әрекеттеріне мінездеме беріліп және сыбайлас жемқорлыққа әрекеттерге жол бермеу…

0
0
1079

Маңғыстау облысында «Жас Отан» ЖҚ-ң КУБОГЫне арналған футбол жарысы өтті

Былтырғы жылы Ақтау қаласында бастау алған КУБОК «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен биыл Бейнеу ауданында жалғасын тапты. КУБОК ты ұйымдастыру: «Жас Отан» Жастар қанатының имиджін көтерумен қатар, жастар арасында салауаттылықты, ауыл жастарының спорттық тәрбиеге тәрту, бос уақыттарын тиімді өткізіп, футбол ойынн ауылдық жерлерде дамыту болып табылады. Шара Маңғыстау облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен өтті. Бейнеу ауданына ауыл және жұмысшы жастардан құралған барлығы 10 команда жиналды. Олар: Жаңаөзендік «Қыран» командасы, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ құрама командасы, «МАЭК Казатомпром» ЖШС құрама командасы, Мұнайлы ауданының құрама командасы, Боранқұл ауылынан «Нұрдаулет» командасы, Бейнеу селосынан «Ұлағат» командасы, Сам ауылының құрама командасы, Сыңғырлау…

1
0
449