Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Серікжан мен Ермек

Кешелі бері ғаламторды дүр сілкіндірген Серікжан Есенқосылының жариялаған жазбасы қолыма қалам алдырмай қоймады. Намысымды жандрып, ашуымды тудырған осы бір жариялымды кім жазғанын білмеймін, кім жазса да тегі мықты, асылы артық, тумасы бөлек қазақ жұртының нақ жауы жазды деп ойлаймын.

Ұлы қазақтың кім екенін, қанды мықты ел екенін біліп, іші қайнаған қайдағы бір топ та шығар, алайда соның бір сандырағынан дана қазақтың беделі түсіп, биігі төмендей қоймас. Өйткені қазақ «Ит үрді, керуен көшті» деген бір керемет сөз бар. Сол секілді мұны жазып отырғандар да, жариялап отырғандар да ұлы көшке қарап үрген бұралқыдай» емес пе?

Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында іштарлық еткен оларға айтарым, егер сендер тастаған ҚОЯНДАЙ ел болатын болсақ тұтастай біріккен бір мемлекетті осыдан осыншама жыл бұрын құрып, шаңырағын шайқалтпай ұстап тұрар ма едік. Тіпті қазақ хандығы құрылмастан бұрынғы Әбілқайыр билеген ел мен оның алдындағы ұлыс тайпаларымыздың ұстанымдарын, ұланғайыр жерін қайтесің.

Бірақ сол кездің өзінде де ел ішінен қасқыр тастаған қояндай сасыған сатқындар жоқ емес еді. Ондай тексіз, бетсіз, нәтсіздердің бетін күйелеп, өзін масқаралап елден аластап отырды. Ондайлардың тұқымы да ол бір сорлы әкесінің азарын тартып, сатқынның ұлы болып қор болатын еді-ау.

Мына мақаланы оқып, қайран Ермек пен Серікжанның ұрпақтарын ойлап жаным ашып отыр. Олардың осы бір жариялымдарын болашақ бетіне баспаса екен. Өйткені олардың ұрпағының жазығы жоқ қой.

 
3
2
405

Осы тақырып бойынша

Серікжан мен Ермек - Yvision.kz