17-вагон. 17 сағат. 17 сабақ.
Европаның жүрдек пойызына отыра бергенде, қазақтың кең даласын асықпай аралатып, мекеніңе жеткізетін өзіміздің пойызды сағынғанымды түсіндім. Ешқайда асығудың қажеті жоқ, ешкім уақытқа тәуелді емес. Ал бұл пойызда бәріміздің қолымызда смартфон немесе Kindle, үнсіздік жариялағандай тыныштықта отырмыз. Ең бірінші қолымызға алатын іс - Қазақстандағыдай көршілеріңмен танысып, сәлемдесу емес, Wi-Fi-ді қосу. Сапарым басталды, терең ойға батудан басқа ешбір ермек көрмедім бұл жым-жыртта. Көз алдыма "қазақша" пойыздағы көңілді сәттерім жүрдек пойыздың жылдамдығымен жарыса жүгіре жөнелді. Мен пойызға билет алар сәттен бастап жанымда бір апа (әже) болса деп тілеймін. Айым ылғи да оңынан туғаны ма, соңғы жылдары әжелер жолсерігім болып келеді. Менің Астанаға дейінгі 17 сағатым 17 түрлі оқиға, әңгіме…