Мазмұнға өту

Жаңа

Жасөспірімдер қылмысының профилактикасы бойынша мобильдік топтардың жұмысы туралы

Жасөспірімдер қылмысымен күресті күшейту және өкілетті органдар арасында осы жұмысты ұйымдастыру тәсілдерін сапалы өзгерту аясында 2011 жылы қадағалаушы органдар қамқорлығымен жасөспірімдер қылмысының профилактикасы бойынша мобильдік топтар құрылды.

Атап айтқанда, прокуратура органдарында алдын алу және идеологиялық жұмыстарды өткізу үшін ең проблемалық орта білім беретін мектептерге бекітілген ведомствоаралық (прокуратура, ішкі істер органдары, әкімдік және білім беру мекемелері қызметкерлерінен) мобильдік топтар  құрылды. Сонымен қатар осы жұмысқа қоғамдық ұйымдар өкілдері тартылды.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/zhasospirimder-kylmysynyn-profilaktikasy-boyynsha-mobildik-toptardyn-zhumysy

0
0
289

Қызылорда облысында 1 ай ішінде 5 аудан газбен қамтылды

Қызылорда облысында 1 ай ішінде 5 аудан газбен қамтылды. 25 мыңнан астам xалқы бар Жаңақорған ауданы көгілдір отынға қол жеткізді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Айта кетейік, Қызылорда облысы әкімдігі мен "ҚазТрансГаз" АҚ арасында былтыр жасалған меморандумға сәйкес, Жаңақорған, Шиелі, Қазалы және Арал аудандары мен Байқоңыр қаласын газдандыруға қажетті қаражат бөлінген. Ал, облыстың қалған аудандары келесі жылы газбен қамтылатын болады. Ол жұмыстарға қажетті 16 млрд. теңгені Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкі инвестициялайтын болады. «Біз өте қуаныштымыз. Пеш жағып, күл шығару машақатынан құтылдық. Біз үшін арман болған көгілдір отын үйімізге жетті. Бұдан артық қандай мереке керек», - жаңақорғандық, 5 баланың анасы Гаухар Бекмырзаева. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев…

0
0
575

Қазақстанның құтқару қызметіне 20 жыл толды

Қазақстанның құтқару қызметіне 20 жыл толды, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі. «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының құрылымын жетілдіру туралы» 1995 жылғы 19 қазандағы № 2541 жарлығына сәйкес еліміздің табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлары және Азаматтық қорғанысы саласында уәкілетті орталық атқарушы орган ретінде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылды. Өзінің құрылуы кезінде ТЖМК Қазақстан Республикасының Мемлекеттік комиссиясы және Азаматтық қорғаныстың республикалық штабының аппараты базасында құрылған еді. 2015 жылғы 19 қазанда еліміздің Азаматтық қорғау қызметіне 20 жыл толады. 20 жыл ішінде Азаматтық қорғау жүйесі маңызды өзгерістерге ұшырды. Кейіннен, орталық атқарушы органдардың құрылымын жетілд…

0
0
1938

Табысты өткізуге күш салады

Published 12.10.2015 egemen.kz Астана қаласында Қазақстан Рес­пуб­ликасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Халықаралық көрмелер бюросының Бас директоры Висенте Лоссерталеспен кездесті. Министр Астана қаласында ЭКСПО-2017-ні өткізуге дайындық барысында ХКБ-ның қолдауын жоғары бағалады және халықаралық қатысушыларды тарту, сондай-ақ, беделді халықаралық алаңдарда «Болашақ энергиясы» тақырыбын ілгерілету бойынша қазақстандық тараптың атқарған жұмысы туралы әңгімеледі. Қазақстан басшылығы ЭКСПО-2017 көрмесінің дайындығына ерекше назар аударатыны туралы баса айтылды. «Қазақстан көрменің табысты өтуіне барынша күш салуда», – деп атап көрсетті министр. Тараптар алдағы бірлескен жұмыс жоспарларын талқылады. Е.Ыдырысов В.Лоссерталесті Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевт…

1
0
257

Көрмеге дайындық жұмыстарына оң баға

Президент жа­нындағы Орталық ком­муникациялар қыз­­метінде өткен бас­пасөз мәслихатына Ха­лықаралық көр­мелер бюросының Бас хатшысы Висен­те Лоссерталес қа­тыс­ты. Ол Астанаға ЭКСПО-2017 көр­месіне дайындық жұ­мыс­тарын бақылау мақсатында іссапармен келген болатын. Брифингте Бас хатшынының жанында еліміздің Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев болды. Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталес Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық жұмыстарын оң бағалады. «Бұған дейін осында наурызда болғанымда байқаған жағдаймен салыстырғанда көп өзгерістер орын алған. Қазақстан Үкіметі ЭКСПО-2017 көрмесінің табысты өтуіне тиісті жұмыстарды атқаруды. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-тың жаңа басқарма төрағасымен жақсы пікір алмастық», деді Висенте Лоссе…

1
0
358

Қазақстан мен Финляндия «жасыл» экономика саласында бірлескен жобаларды жүзеге асырмақ

24.kz

a3b3d30b13411d455f05a4a822faa935_L

Финляндия кәрі құрлықтағы сенімді серіктестеріміздің бірі.

Тіпті ауқымды инвестиция тартылған Еуропадағы екінші мемлекет. Бүгін еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Финляндия Сыртқы сауда және даму министрі Ленит Тойваккамен кездесуінде осылай деп мәлімдеді. Тараптар ынтымақтастық аясын одан әрі кеңейту жайын жан-жақты талқылады. Осы мақсатта олар «жасыл» экономика саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.

 

http://gbpp.org/kz/2015/10/9600

1
0
322

«Таңшолпанда» — әнші Дос

Сұхбат барысында «Біздің қала» әніне түсірген бейнебаяны туралы әңгімеледі. Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында әнші Дос қонақта болды. Сұхбат барысында «Біздің қала» әніне түсірген бейнебаяны туралы әңгімеледі. «Бейнебаянды бір адам түсірді, және достарым көмектесті. Бұл әннің идеясы өте қызық болды. Қайырмасы – «О, біздің қала». Эмоцияға берілу үшін солай қалдырдық», - дейді әнші. Достың айтуынша, Астана қаласында тұрып жатқанына 20 жылдан асқан. Позитивті өлең шығару және бейнеклипте қаланы көрсету көкейінде жүргенін айтады. «Барлық адамда өз проблемасы бар. Қазір адамдарда бәрі бар, бірақ уақыт жетіспейді. Сондықтан осы өлеңдерді тыңдап, жеңілденіп қалсын деген ниетпен ұсынып отырмын. Сөзі - Бақытжан Қасымовтікі. Әнін досыммен ақылдаса отырып жаздық», - деді әнші Досан Дауылбаев. Достың…

0
0
396

Сөзжұмбақтың қандай пайдасы бар?

Ми қызметінің жұмысын жақсартуда сөзжұмбақ шешудің пайдасы көп. Бүгінде сөзжұмбақтың 24 түрі бар. Жапон және скандинавиялық сөзжұмбақ - танымалдылығы жағынан алдыңғы қатарда.

Сканвордты жиі шешетін адамның есте сақтау қабілеті жоғары болады. Түрлі сұрақтарға жауап беру барысында біліміңізді жетілдіріп, ізденіске түсесіз. Сөздіктер мен энциклопедиялар таным көкжиегіңізді кеңейтеді.

Жұмысқа белсенділігіңіз төмендеп, еңбек өніміңіз азайса, 15 минут уақытты сөзжұмбақ шешуге арнаңыз. Ойыңыз бөлініп, миыңыз жаттығады.

Сондай-ақ, мұның мектеп жасындағы балаларға да берері көп. Оқушының қызығушылығын арттырып, зейінін қалыптастырады.

Сөзжұмбақ туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.

0
0
1359

Әдемі «Новая волна — 2015» байқауында Батырхан Шүкеновтің құрметіне жазылған «Соңғы көктем» әнін орындады

Бірінші күні «Show must go on» әнін орындаса, екінші күні әнші Ирина Дубцовамен бірлесе, ең жоғары ұпайды иеленді. Сочи қаласында өткен халықаралық «Новая волна - 2015» байқауында еліміздің намысын қорғаған Әдемі екінші орынды иеленді. Үш күндік сынақтан тұратын сайыста жас әнші өзін жан-жақты көрсете білді. Бірінші күні «Show must go on» әнін орындаса, екінші күні әнші Ирина Дубцовамен бірлесе, ең жоғары ұпайды иеленді. Ал, шешуші соңғы күні Батырхан Шүкеновтің құрметіне жазылған «Соңғы көктем» әнімен өзін жоғары деңгейде танытты. Ерекше лирикалық мақамы бар, ән әлеміне өзіндік мақамымен келген Әдемінің шын есімі – Динара Қайырова. Алматыда туып өскен өнерпаздың қоржынында бірнеше жүлделер де бар. Сондай-ақ, «Новая волна - 2015» байқауына Қазақстан атынан «Voice KZ» тобы да қатысты. Олар…

0
0
177

Ертең «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Латвия-Қазақстан матчын тікелей эфирде көрсетеді

Ертең, 13-нен 14-не қараған түні, Ригада Еуро-2016 турнирінің іріктеу кезеңі аясында Латвия-Қазақстан матчы өтеді.

Ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Астана уақытымен сағат 00:30-да тікелей эфирде көрсетеді.

Кездесудің бас төрешісі болып шотландиялық Стивен Маклин тағайындалды. Оның көмекшілері – Грэм Стюарт мен Дэвид Макгичи.

Айта кетейік, 2014 жылдың 9 қыркүйегінде Астанада өткен ойында командалар 0:0 есебімен тең тарқасқан еді.

0
0
276