Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстанда қызылшаға қарсы иммундауға жататын 74%-ден астам жасөспірім вакциналанды

Ағымдағы жылдың 13 қазанында Қазақстанда қызылшаға қарсы қосымша иммундау кампаниясының аясында мақсатты топтың жалпы санынан (316 мың 704 жасөспірім) 15-19 жас аралығындағы 235 мың 164 адам немесе 74,3% жасөспірім вакцинацияланды. Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында қызылшаға қарсы қосымша иммундау кампаниясы 100%-дық қамтумен аяқталды. Ақмола, Атырау, Қызылорда облыстары мен Алматы қаласында 90%-дан астам адам вакцинацияланды. Өзге 10 аймақта (Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласы) вакцинамен қамту көрсеткіші 50-ден 80 %-ға дейін құрайды. Иммундау шараларын жүзеге асыру барысында жағымсыз жағдайлар тіркелген жоқ. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап 15-19 жас ар…

0
0
258

Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Латвия-Қазақстан матчын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін түнде Ригада Еуро-2016 турнирінің іріктеу кезеңінің соңғы Латвия-Қазақстан матчы өтеді.

Ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Астана уақытымен сағат 00:30-да тікелей эфирде көрсетеді.

Кездесудің бас төрешісі – шотландиялық Стивен Маклин тағайындалды. Оның көмекшілері – Грэм Стюарт мен Дэвид Макгичи.

Айта кетейік, 2014 жылдың 9 қыркүйегінде Астанада өткен ойында командалар 0:0 есебімен тең тарқасқан еді.

Латваия құрамасында 9 ойыннан кейін 5 ұпай болса, Қазақстан Ұлттық құрамасының қоржынында 2 ұпай бар.

0
0
638

«Сақ» киностудиясы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мультфильм түсіруде

«Қазақ елі» атты толықметражды туындыда елдің тарихы, Керей мен Жәнібектің балалық шағы, ондағы хандардың билік құрған дәуірі көрініс табады. Барақ ханның бейнесін аниматор Жанәділ Байдарбеков суреттеуде. Маманның сөзіне сенсек, алып кейіпкердің әрбір секундық қимылын жасау үшін кемінде 25 сурет салынады. «Ханның әрбір қимылын қағазға, компьютерде салмас бұрын оның образына енеміз, соның қылықтарын жасап көреміз. Рөлді өзіміз ойнап шығамыз. Актер болып, соны жасай отырып, кейіпкерге жан бітіреміз», - дейді аниматор Жанәділ Байдарбеков. «Мультфильмде біз табиғаттың көрінісін 3D форматы арқылы көрсетіп, қолмен салынған суретпен қосып, қолданып жатырмыз. Мұндай жаңалық Қазақстанда әлі күнге болмаған. Ресейде де қолданылмаған. Бірақ біз қазір осыны қолдан келгенше кәсіби түрде жасап жатырмыз»…

0
0
372

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының резервистерін оқыту

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының резервистерінің бекітілген жеке даму жоспарларының шеңберінде 2015 жылдың 21-23 қыркүйегі аралығында Астана қаласында «Ситуациялық көшбасшылық» тақырыбында резервистерге арналған алғашқы семинар болып өтті. «Ситуациялық көшбасшылық» тақырыбындағы семинар түсіну, ұйымды диагностикалау, табыстау, өзгерістерді басқару дағдыларын дамытуға, сонымен бірге көшбасшылық қабілеттіліктерді дамытуға және қызметкерлердің мотивациясын жоғарылатуға бағытталған. Оқыту барысында қатысушыларға теориялық білімдерін нығайту мақсатында шешу үшін арнайы бизнес-кейстер, сондай-ақ көптеген рөлдік ойындар көрсетілді. Семинарды «ҚБТУ» АҚ Мұнай-газ инжинирингі және ақпараттық технологиялар институтының бизнес тренері Алексей Борисович Ончуков өткізді, оның коучинг, тренинг, т…

0
0
453

Е.Ыдырысов Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысымен кездесті

24.kz

924be5dff1a66814b622c7440697612b_LСыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Лоссортеласпен кездесті.

Басқосуда БҰҰ Бас ассамблеясының 70-сессиясында айтылған маңызды мәселелер сөз болды. Әсіресе Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік қауымдастық назарын аударған батыл ұсыныстарына айрықша мән берілді. Мәртебелі мейман халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесінің құрылыс жұмыстарына қанығып, жобалардың жүзеге асу барысын жоғары бағалады. Ал Ерлан Ыдырысов халықаралық ұйыммен ынтымақтастық одан әрі нығая түскенін атап өтті.

http://gbpp.org/kz/2015/10/9717

1
0
294

Чилилік инженерлер жұрт назарына бұрын-соңды болмаған электр көлігін ұсынды

24.kz

413992d83fda5e0f07aba7ac23478328_L Оңтүстік Америка елдерінде электр қуатымен жүретін көліктерге деген сұраныс күннен-күнге артып келеді.

Чилилік инженерлер бұрын-соңды бұл елде болмаған электрлі көлікті жұрт назарына ұсынды. Ғалымдар өнертабысын сокИ деп атапты. Жергілікті үндіс тайпаларының тілінен аударғанда екі деген мағынаны білдіреді. Екі орындық, үш дөңгелекті шағын көлік автомобильмен қоса, мотоцикл және велосипедке ұқсас. Ерекше темір тұлпар келер жылдың наурыз айынан бастап сатылымға шығарылады. Бағасы 12 мың доллар шамасында болады, – дейді мамандар.

Даниэль Павес, өнертапқыш:

- Қарапайым қозғалыс құралдарының ыңғайлылығы мен қауіпсіздік қасиеттерін ескеруге тырыстық. Мысалы мотоцикл мен велосипедтің бұрылу механизмдерін қолдандық.

http://gbpp.org/kz/2015/10/9713

1
0
404

Ресейде «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің ерекшеліктері таныстырылды

Published 13.10.2015 egemen.kz АСТАНА. 5 қазан. Ресейдің Краснодар өлкесі Дагомыс ауданында өтіп жатқан «Вся Россия» XIX халықаралық медиа-фестивалі барысында «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің ерекшеліктері таныстырылды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Жиында таныстыру модераторы Айгүл Мүкей фестиваль қатысушыларына көрменің не үшін Қазақстанда өткізіліп отырғанына тоқтала кетті. «ЭКСПО»-ның 160 жылдық тарихында алғаш рет көрме біздің аймаққа келгелі отыр. Қазақстан даласы 2017 жылы бірінші рет халықаралық көрмені қабылдап алады. Бұл ТМД елдері үшін бірінші рет көрме туының көтерілуі», – деді ол.«Көрме 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында өтеді. Бұл тек, халықаралық симпозиумдер мен конференциялар ғана емес, үш мыңнан астам мәдени шаралар мен «А» класындағы жұлдыздардың мере…

1
0
579

Алматыда жыл соңына дейін 20 мың көшет отырғызылады – әкімдік

Алматыда жыл соңына дейін 20 мың көшет отырығызылады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Айта кетейік, Алматыда қала көшелерін, аула аумақтарын, көпшілік пайдаланатын орындарды, арық арналарын, бос жерлер мен жасыл аймақтарды, сондай-ақ өзен, су қоймаларының аңғарлары мен жағаларын санитарлық тазарту бойынша жалпықалалық сенбілік өтті. «Адем» сауда орталығына қарама-қарсы орналасқан саябақтан бастау алған іс-шараға қала әкімі Бауыржан Байбек, шығармашылық зиялы қауым, спортшылар, қоғамдық және жастар қорларының өкілдері мен ПИК өкілдері қатысты. Солардың ішінде Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, белгілі альпинист Мақсұт Жұмаев, ҚР еңбегі сіңген әртісі Майра Ілиясова, қоғам қайраткері Аружан Саин және басқалар болды. Алматы қаласының барлық аудандарында тазарту ж…

0
0
351