Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

2015 жылдың 12 қазандағы жағдайы бойынша 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің Кешенді жоспарын жүзеге асыру туралы ақпарат

2014 - 2015 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 491 объекті жоспарланған.

 

2014 жылдың маусым - 2015 жылдың қазандағы кезеңінде 417 объекті жекешелендіруге жатады. 2015 жылдың 12 қазандағы жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 388 объекті шығарылды, оның ішінде 212 объекті сатылды, республикалық меншік бойынша - 10, коммуналдық меншік бойынша - 96, ӘКК - 59, холдингтер бойынша - 47.

Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 2 730 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 1 436 млн. теңгеден астам, Холдингтер 61 703 млн теңге, ӘКК 2 923 млн. теңге.

Республикалық меншік бойынша

Барлығы 2014-2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 34 объекті жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың қазандағы кезеңінде іс жүзінде сатуға 21 объекті жоспарланған. Ағымдағы жылдың 12 қазандағы жағдайы бойынша сауда-саттыққа 21 объекті шығарылды, оның ішінде 10 объекті сатылды.

Коммуналдық меншік бойынша

Барлығы 2014 - 2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 241 объектінің сатылуы белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың қазандағы кезеңінде 210 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде12 қазандағы жағдайы бойынша 197 объекті шығарылды, соның ішінде 96 объекті сатылды.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша 2014 - 2015 жылдарда сату Кесте бойынша сатуға 109 объекті белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың қазандағы кезеңінде 98 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 82 объекті сатуға қойылды, 59 объекті сатылды.

Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша

2014 - 2015 жж. арналған сату Кестесі бойынша 107 объекті жекешелендіруге жатады, 12 қазандағы жағдайы бойынша жоспарланған 88 объектінің 88 объектісі сауда - саттыққа шығарылды, оның ішінде 47 объект сатылды.

0
0
390

Осы тақырып бойынша