Мазмұнға өту

Жаңа

Блогинг негіздері

Түрлі кәсіп пен қызметте жүрген жиырма жас адамды  бір мәселе біріктірді: өз жобаларын интернет желісінде  қалай дамытып,  оны көпшілікке тарату.  Ғаламдық торда сайт, блогтар арқылы өзінің ойларын іске асырудың маңыздылығын интернет-қолданушыларға Алексей Браво ретінде танылған Алексей Кубрак айтты. Интернет бойынша жобаны кез келген ілгерілету негіздерінің бірі - медиа материалдар, бейресми әңгіме арқылы ол осы жұмыстың өзгешеліктерін анықтады.

Тындармандар желіде жарнамалаудың түрлі тәсілдері туралы егжей-тегжейлі түсінік алды. Сонымен қатар, Алексей өзінің блоктау тәжірибесімен бөлісті. Бұл үлкен қызығушылық туғызды, себебі кездесуге қатысқандардың көпшілігінде өз қызметтері туралы танылмаған блогтары бар. Қатысушылардың айтуы бойынша өз ісінің тәжірибелі маманымен өткен бұл кездесу оларды жаңа істер мен идеяларға шабыттады. Кейбіреуі шынымен де өз блогтарын толықтай өзгертуді ойлауда.

 
1
0
434

«Әрекет түбі — берекет» немесе «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы туралы ой

«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», демекші бүгінде жұмыс істеп, жанын баққысы келген адамға атқарар іс жетерлік. Бірақ салағасай мамандығың, білігің мен біліміңнің де қажет екендігі сөзсіз.

Иә, елімізде жұмыс бар, деген мен білікті маманның жоқ екендігі шындық. Сондықтан да Үкімет бірнеше жылдан бері «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын әзірлеп, жұмыссыздардың білімі мен біліктілігін арттырып, еліміздегі бұл көрсеткішті барынша қысқартуға тырысып-ақ келеді.

Жұмыссыздық елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Экономикалық әдебиеттер де кезкелген қоғамдағы жұмыссыздық құбылыстары сипатына байланысты фрикциялық жұмыссыздық, құрылымдық жұмыссыздық, циклдік жұмыссыздық болып ажыратылады.

Фрикциялық жұмыссыздық – қызметкерлердің жұмыс орнын еріктітүрде ауыстыруымен және жұмыстан уақытша босау кезеңдерімен байланысты (қызметкерлердің бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысқан кездегі уақытша жұмыс пен қамтылмауы) құбылыс.

Құрылымдық жұмыссыздық – елдегі тұтыну тауарларына сұранымның құрылымында және өндіріс технологиясында болатын өзгерістер салдарынан пайда болатын құбылыс. Бұл жағдайда қызметкер не өзінің кәсібіне (мамандығына) сұранымның жоқтығы салдарынан‚ не жұмыс алу үшін жеткілікті біліктілігінің жоқтығы салдарынан жұмыссыз қалады.

Кезкелген қоғамдағы экономикалық даму барысында тұтыну тауарларының сұранымы құрылымында және өндіріс технологиясында маңызды өзгерістер болады. Бұл өзгерістер өз кезегінде жұмыс күшіне жалпы сұранымның құрылымын да өзгертеді. Осындай өзгерістерге байланысты кәсіптердің кейбір түрлері азаяды не қысқарады‚ ал басқа бір түрлері көбейеді. Қоғамдағы жұмыссыздықтың пайда болу себебі жұмыс күшінің осы өзгерістерге баяу ыңғайланатындығына және оның құрылымының нақты жұмыс орнына сай келмейтіндігіне байланысты болады. Фрикциялық жұмыссыздық пен құрылымдық жұмыссыздық арасындағы елеулі ерекшелік мынада: бірінші жағдайда жұмыссыздар да еңбек нарығында ұсынуына болатындағды‚ машық бар‚ ал екінші жағдайда олар қайта даярланбайынша‚ қосымша оқып біліктілігін арттырмайынша‚ тіпті тұрғылықты жерін ауыстырмайынша жұмыс таба алмайды. Фрикциялық жұмыссыздық неғұрлым қысқа мерзімді сипатта болады‚ ал құрылымдық жұмыссыздық неғұрлым ұзақмерзімді сипатта болады‚ сондықтан ол қоғамдағы неғұрлым елеулі жұмыссыздық болып табылады.

Циклдік жұмыссыздық – елдегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жиынтық сұранымның күрт азаюы салдарынан болатын құбылыс. Осы себептен оны кейде сұранымның тапшылығына байланысты жұмыссыздық деп те атайды. Циклдік жұмыссыздық – кезкелген қоғам үшін экономикалық және әлеуметтік дағдарыс болып саналады. Экономикалық дағдарыс (экономикалық дамудың құлдырауы‚ тоқырау) елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың елеулі бөлігінің бостан босқа уақыт өткізуіне әкеліп соғады‚ ал мұндай жағдай олардың біліктілігінің жоғалуына‚ адамгершілік қадір-қасиеттің азғындауына‚ әлеуметтік және саяси жанжалдарға апарып соқтырады.

Жұмыссыздық – барлық қоғамда болып тұратын құбылыс. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде‚ мысалы‚ АҚШ-та‚ еңбекке қабілетті тұрғындардың жұмыспен толық қамтылуы жұмыссыздық мүлдем жоқ дегенді білдірмейді. Фрикциялық және құрылымдық жұмыссыздық болмай қоймайды деп есептеледі. Демек, елдегі тұрғындардың жұмыспен толық қамтылуы – ол елде циклдік жұмыссыздықтың жоқтығын білдіреді. Жұмыспен толық қамтылу кезіндегі жұмыссыздық деңгейі оның табиғи деңгейі болып саналады. Мұндай жағдай елдегі жұмыс күшінің рыноктары теңдестірілгенде, яғни жұмыс іздеушілердің саны бос жұмыс орындарының санына тең болғанда пайда болады. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі қоғамдағы оң құбылыс болып есептеледі. Өйткені “фрикциялық” жұмыссыздарға бос жұмыс орнын табу үшін әр қашан уақыт керек‚ “құрылымдық” жұмыссыздарға да біліктілігін жетілдіру, жаңа мамандық алу үшін немесе жұмыс табу мақсатымен басқа жерге көшу үшін уақыт керек. Егер жұмыс іздеушілердің саны бос жұмыс орнынан асып түссе‚ онда жұмыс күші рыногінің тең болмағаны. Екінші жағынан‚ жиынтық  сұраным молайған жағдайда жұмыс күшінің “жетіспеушілігі” сезіледі‚ яғни бос жұмыс орындарының саны жұмысқа мұқтаждардың санынан асып түседі. Қазақстанда нарықтық экономикаға өту кезеңінде бұрынғы тиімсіз кәсіпорындар мен ауыл шаруашылық мекемелерінің жұмысын уақытша тоқтатып, жабылуына, банкротқа ұшырауына, жекешелендіріліп, қайта құрылуына байланысты құрылымдық жұмыссыздық құбылысы байқалды.

Осыған сәйкес жергілікті жерлер де азаматтар мен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендерге және өсу орталықтарына көшуге үміткерлер тізімдерін нақтылау, өнідіріс ошақтарының білікті жұмыс күшіне деген қажеттілігін анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде «екі қолға бір күрек» іздегендердің кәсіптік оқыту арқылы оларды жұмысқа орналастыру мақсатында елімізде «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Аталмыш бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табыс деңгейін арттыру болып табылады. Бағдарлама аясында сұранасқа ие мамандықтарға қайта оқытуға мүмкіндік бар. Бұл бағдарлама аудан орталығын да жылма-жыл өз жалғасын табуда. Аталмыш бағдарлама арқылы пайдалы кәсіп көзін тауып оны әрі дамытамындеушілердің қатары көбеюде.

ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы 4 бағыттан тұрады. Бірінші бағыт аясында кәсіптік оқыту арқылы жұмысқа орналастыру, «жастар бағдарламасы» және уақытша әлеуметтік жұмыс орындары көзделеді. Ал екінші бағыт бойынша ауылда кәсіп ашып, жеке ісін жүргізгісі келетіндерге жәрдем жасалады. Сол сияқты үшінші бағыт тұратын жері бойынша келешекте жұмысқа орналастыру немесе бизнесті дамытуға мүмкіндік жоқ олғандықтан бағдарлама арқылы ондай адамдардың әлеуеті төмен елдімекеннен экономикасы дамыған өңірлерге көшуіне мүмкіндік қарастырылған. Сонымен қатар төртінші бағыт инфрақұрылым  жасату кезіндегі нысандарға жұмысқа жіберу.

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы арқылы несие алып, бүгінде ойлаған кәсібінің жұмыстары алға тартып нәсібін көріп отырған Павлодар облысы, Ақтоғай ауылының тұрғыны Кәмелбай Жұмабай  мемлекет тарапынан берілген жеңілдіктер мен қолдауды сезініп, оны ұтымды пайдаланудың жолдарын іздестіріп жүру арқылы «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша қатынасып, кәсіпкерлігін одан әрі дамыту үшін мемлекет қаржысы есебінен қажеттілігін өтегенін айтады.

Мемлекетіміздің жасап берген қамқорлығын тиімді пайдалана отырып, ісімізді жүзеге асырғанымыз жөн. «Әрекет түбі - берекет». Халқымыздың әлеуеті жақсармай жұмыссыздардың саны азаймай, еліміз алға қарай қарыштап дами алмайтыны, экономикамыздың көтерілмейтіні белгілі. Елімізде күннен – күнге көбейіп келе жатқан жұмыссыздар санын азайту жолындағы түйткілді түйіндерді шешетін жаңа бағдарлама өмірге келіп, өз жұмысын бастап та кетті. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» демекші, мемлекеттің мұндай қамқорлығынан тысқалмайық ағайын!

 

«Назар Мәлік»

0
0
1136

«Құқықтық мемлекет және оның азаматтары»

2015 жылдың 23 қазан күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Жоспарын іске асыру және «Қоғамдағы құқық бұзушылық және тәртіпсіздікке «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің тарихи-этнографиялық музейінде «Заман» жастар қоғамдық бірлестігі Департаментпен бірлесіп «Құқықтық мемлекет және оның азаматтары» тақырыбында семинар-кеңес ұйымдастырды.

Шараның мақсаты – қоғамда құқық бұзушылықтарға, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру.

Іс-шараға «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының облыстық филиалы, БҚО прокуратурасы өкілдері және жастар ұйымдарының мүшелері, студенттер қатынасты.

Қатысушыларға Әкімшілік және Қылмыстық Кодекстері нормаларының сақталуы, «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастырудағы шетелдік тәжірибе, өскелең ұрпақты құқықтық және өнегелік тәрбиелеу мәселелері, сонымен қатар «Жас Отан» жастар қанаты тарапынан өткізіліп жатырған шаралар жөнінде айтылды.

Азаматтардың заң талаптарын білмеу салдары құқықбұзушылыққа алып келетіні белгілі. Сонымен бірге, қазіргі замаңғы технологиялардың дамуы, мемлекеттік қызметті үйден шықпай алуға мүмкіндік береді. Ол үшін әр адам қазіргі замаңғы технологиялардың тілін білуі тиіс. «Білікті бірді, білімді мыңды жығады» демекші, азаматтар жан-жақты білімді болуы керек, бұл уақыт талабы.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті жанындағы «Жихангер» бастауыш партия ұйымының төрағасы Н.Ж.Төлепов құқықбұзушылықтың алдын алу мен тәрбиелі азаматтар жөнінде қазақ халқының тарихынан мысалдар келтірді.

Мысалы, қазақ халқы ежелде «Армысың?» деп амандасқан, яғни «арын таза ма?» сұраған. Бұл халқымыздың ежелден адамды өнегелік тәрбиелеуге аса ерекше көңіл бөлгендігін көрсетеді.

Семинар-кеңесті «Заман» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Өкшебаев қорытындылай келе, әр адам қоғамда құқық бұзушылықтарға, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға атсалысу керек екендігіне баса назар аударды.

 

0
0
398

ҚР ИДМ «Rio Tinto» компаниясымен бірге 6 жаңа технология бойынша оқыту бағдарламасын жүзеге асыруда

ҚР ИДМ «Rio Tinto» компаниясымен бірге 6 жаңа технология бойынша оқыту бағдарламасын жүзеге асыруда, деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «Қазгеология» АҚ Геология және табиғи байлықтарды қолдану комитетінің төрағасы Ғалым Нұржанов.

ҚР ИДМ Rio Tinto» австралия-британия концерні, «Korea Resources Corporation»  оңтүстік корея ұлттық компаниясы,  «Iluka Resources Limited» австралиялық компания, «Ulmus Fund» неміс инвестицияларының жеке қоры сияқты шетелдік ірі инвесторлармен  геологиялық барлау жұмыстарын бастады.

«Қазіргі уақытта, Жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі үкіметаралық кеңес шеңберінде ТМД елдерімен шекаралық аумақтарда жұмыстар қарқынды жүруде. Сонымен бірге,  5 елдің қатысуымен (Ресей, Қытай, Монғолия, Корея Республикасы және Қазақстан) «Солтүстік-Орталық-Шығыс Азия және іргелес аумақтардың геологиялық құрылымы мен металлогениясы» бірлескен халықаралық жоба бойынша қызмет жүзеге асырылуда», – деді ол.

Қазақстан мен Қытайдың бірлескен геологиялық, тектоникалық және минерагениялық карталары жасалып, іргелес аумақтардың геологиялық карталарын байланыстыру жөніндегі жұмыстар қарқынды жүруде.

«ҚР ИДМ  «Rio Tinto»  компаниясымен бірге «Қазгеология» АҚ пен Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің 60 маманын 6 жаңа технология мен  озық әдістемелерге оқыту жөніндегі бағдарлама іске асырылуда. Сондай-ақ 16 маман «Iluka Resources Limited» компаниясында шашыраңқы кен орындарын барлаудың австралиялық технологияларын оқып-үйренуден өтеді», – деді ол.

Ғ.Нұржановтың айтуынша, 2015 жылғы қаңтарда «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңына өзгерістер күшіне енді. Қабылданған түзетулер жер қойнауын пайдаланушылар жұмысындағы кедергілерді алып тастауға,  салалық құқықтық базаны жетілдіруге, инвестициялық ахуалды жақсартуға және салаға тікелей шетелдік инвестициялар тартуға бағытталған.

Айта кетейік, Салада қолайлы инвестициялық ахуал жасау, сондай-ақ геологиялық барлау жұмыстарын сапалы орындау үшін ведомство геологиялық ақпараттың қол жетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғасытруда. Қазіргі таңда, геологиялық есептердің электронды картотекасы 76% толтырылды. Жылдың аяғында 100% толығуы күтілуде.

Осылайша, бүкіл Қазақстан бойынша барлық геологиялық зерттеулер туралы анықтамалық ақпаратпен қашықтытқта жұмыс істеу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Қатты пайдалы қазбалар бойынша интерактивті карта дректерін жаңарту жөнінде жүйелі жұмыс жолға қойылды. Қазіргі таңда,пайдалы қазбалар түрлері бойынша (алмас, титан, алюминий, мыс, қорғасын мен мырыш, алтын, алтын шоғырлары кен орындары) бойынша 8 анықтамалық дайындалды.

http://gbpp.org/kz/2015/10/10567

 
1
0
381

«Shell» халықаралық британ-нидерланд концерні ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің бас демеушісі болуға ниетті

Shell компаниясы мен «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоятын болады деп хабарлайдыЭКСПО — 2017 сайты.

«Shell» халықаралық британ-нидерланд концерні ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің бас демеушісі болуға ниет танытып отыр. Бұл туралы «Shell» концернінің Қазақстандағы төрағасы – «Shell VP and Country Chairman in Kazakhstan» вице-президенті Дунган ван Берген «Астана ЭКСПО-2017» ҰК Басқарма төрағасы Ахметжан Есімовпен кездесу барысында айтты.

«Осы уақыт аралығында 48 мемлекеттің қатысатындығын растағандығы өте жақсы нәтиже. Біз сіздердің жетістікке жететіндіктеріңізге сенеміз», — деді Дунган ван Берген.

Кездесу барысында Ахметжан Есімов жоба жайлы, көрме кешенінің құрылысы жөнінде және халықаралық көрменің мән-мақсаты туралы айтып берді. Сондай-ақ, ол бүгінгі таңда 48 мемлекет пен 10 халықаралық ұйымның ЭКСПО-2017 қатысатындығын, әрі көрменің әлемдік деңгейде ерекше қызығушылық тудырып отырғандығын жеткізді.

«Әлемдік танымал әрі компаниялардың бірі Cisco System-пен келісімге отырдық. Көрме ең алдымен жаһандық алаң. Бұл ретте, Shell компаниясының ЭКСПО-2017-нің бас демеушісі болуға ниет білдіргендігі өте маңызды» — деп атап өтті Ахметжан Есімов.

http://gbpp.org/kz/2015/10/10569

1
0
505

Катар EXPO-2017 көрмесінде күн энергетикасы саласында ғылыми жаңалықтарын таныстырмақ

Катар елі EXPO-2017 Халықаралық  көрмесінде күн энергетикасы саласындағы ғылыми жаңалықтарын таныстыруға дайын.

Қазақ-катар Үкіметаралық IV отырысы комиссия мүшелерінің екіжақты кездесу аясында тараптар ынтымақтастықтың және Катар мемлекетінің EXPO-2017 көрмесіне қатысуын талқылады. Катардың Сыртқы істер министрі Халед бен Мухаммед Әл-Аттыя Қазақстанның халықаралық шараға жоғары деңгейде дайындалып жатқанын айта отырып, Катар мемлекетінің көрмеге қатысуға дайын екенін жеткізді. Екі ел арасындағы келіссөздер басталып кетті деп айтуға да болады. Мәселен Qatar Solar Energy компаниясы күн ұяшықтары мен бөлікшелерін жеткізетін AstanaSolar секілді қазақстандық компаниялармен серіктес. Тараптар виза мәселесін де сөз етті. Дипломатиялық төлқұжаты барларды виза талаптарынан босату туралы құжатқа қол қоюға келісті. Одан өзге, 2017 жылға қарай екі ел азаматтарына да бір ай көлемінде визалық тәртіпті мүлдем алып тастау жағдайы қарастырылмақ.

Shell халықаралық британдық-нидерландық концерні ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің бас демеушісі болуға ниетті. Бұл туралы «Shell» концернінің Қазақстандағы төрағасы Дунган ван Берген «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовпен кездесу барысында айтты.

http://gbpp.org/kz/2015/10/10573

1
0
321

Маган барі бір 1 выпуск — ШОУ Senpai tut

Маган барі бір 1 выпуск - ШОУ Senpai tut

vk.com/senpai_tut

Мне все равно 1 выпуск - ШОУ Senpai tut

Первое KZ интернет шоу автором и ведущим которого является Елдос Senpai)

приятного просмотра) Жмем лайк и оставляем комментарии )

1
1
446

ҚР ИДМ «Rio Tinto» компаниясымен бірге 6 жаңа технология бойынша оқыту бағдарламасын жүзеге асыруда

ҚР ИДМ «Rio Tinto» компаниясымен бірге 6 жаңа технология бойынша оқыту бағдарламасын жүзеге асыруда, деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «Қазгеология» АҚ Геология және табиғи байлықтарды қолдану комитетінің төрағасы Ғалым Нұржанов.

ҚР ИДМ Rio Tinto» австралия-британия концерні, «Korea Resources Corporation»  оңтүстік корея ұлттық компаниясы,  «Iluka Resources Limited» австралиялық компания, «Ulmus Fund» неміс инвестицияларының жеке қоры сияқты шетелдік ірі инвесторлармен  геологиялық барлау жұмыстарын бастады.

«Қазіргі уақытта, Жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі үкіметаралық кеңес шеңберінде ТМД елдерімен шекаралық аумақтарда жұмыстар қарқынды жүруде. Сонымен бірге,  5 елдің қатысуымен (Ресей, Қытай, Монғолия, Корея Республикасы және Қазақстан) «Солтүстік-Орталық-Шығыс Азия және іргелес аумақтардың геологиялық құрылымы мен металлогениясы» бірлескен халықаралық жоба бойынша қызмет жүзеге асырылуда», - деді ол.

Қазақстан мен Қытайдың бірлескен геологиялық, тектоникалық және минерагениялық карталары жасалып, іргелес аумақтардың геологиялық карталарын байланыстыру жөніндегі жұмыстар қарқынды жүруде.

«ҚР ИДМ  «Rio Tinto»  компаниясымен бірге «Қазгеология» АҚ пен Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің 60 маманын 6 жаңа технология мен  озық әдістемелерге оқыту жөніндегі бағдарлама іске асырылуда. Сондай-ақ 16 маман «Iluka Resources Limited» компаниясында шашыраңқы кен орындарын барлаудың австралиялық технологияларын оқып-үйренуден өтеді», - деді ол.

Ғ.Нұржановтың айтуынша, 2015 жылғы қаңтарда «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңына өзгерістер күшіне енді. Қабылданған түзетулер жер қойнауын пайдаланушылар жұмысындағы кедергілерді алып тастауға,  салалық құқықтық базаны жетілдіруге, инвестициялық ахуалды жақсартуға және салаға тікелей шетелдік инвестициялар тартуға бағытталған.

Айта кетейік, Салада қолайлы инвестициялық ахуал жасау, сондай-ақ геологиялық барлау жұмыстарын сапалы орындау үшін ведомство геологиялық ақпараттың қол жетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғасытруда. Қазіргі таңда, геологиялық есептердің электронды картотекасы 76% толтырылды. Жылдың аяғында 100% толығуы күтілуде.

Осылайша, бүкіл Қазақстан бойынша барлық геологиялық зерттеулер туралы анықтамалық ақпаратпен қашықтытқта жұмыс істеу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Қатты пайдалы қазбалар бойынша интерактивті карта дректерін жаңарту жөнінде жүйелі жұмыс жолға қойылды. Қазіргі таңда,пайдалы қазбалар түрлері бойынша (алмас, титан, алюминий, мыс, қорғасын мен мырыш, алтын, алтын шоғырлары кен орындары) бойынша 8 анықтамалық дайындалды.

Ақпарат көзі

 
0
0
283

ҚР Ұлттық банк төлем карточкалары бойынша операцияларға қызмет көрсетуге арналған банкаралық инфрақұрылымды құрады

Қазақстан Ұлттық Банкі төлем карточкалары бойынша банкаралық операцияларға қызмет көрсетуге арналған ұлттық (банкаралық) инфрақұрылымды құру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға кірісті, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Осы бастама шеңберінде негізгі мақсаты қазақстандық банктерге олардың карточкалық операцияларын өңдеу бойынша операциялық-клирингтік қызметтер көрсету болып табылатын тәуелсіз төлем платформасы (жүйесі) іске қосылатын болады.

Бұл ретте жоба мүдделі банктерге олардың карточкалық бизнесіне қызмет көрсету бойынша процессингтік қызметтер көрсету үшін жалпыбанктік процессингтік орталық құруды көздемейді. Мәселе банктер мен олардың процессингтік орталықтары арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру деңгейінде операцияларды өңдеу үшін банкаралық инфрақұрылым қалыптастыру жайында болып отыр.

Қазақстандық банктердің клиенттері – төлем карточкаларын ұстаушылардың ел ішіндегі операцияларының үздіксіздігі мен аяқталуына кепілдік бере отырып, олардың өңделуіне және банктер арасында өтуіне арналған жаңа тетік енгізіледі. Осы жобаны іске асыру нәтижесінде екінші деңгейдегі банктер үшін жүйе қызметтеріне тең қолжетімділікті («тең қашықтықта болу» қағидатын сақтау) ұйымдастыру жолымен олардың арасындағы тиімді бәсекелестікті дамыту үшін оңтайлы жағдайлар жасалатын болады.

Бұл жүйені «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК (ұлттық төлем жүйелерінің қазіргі операторы) базасында құру жоспарланады.

Жүйені құру кезінде пайдаланылатын қауіпсіздікті қамтамасыз ету технологиялары мен рәсімдері заманауи және прогрессивті бағдарламалық шешімдердің қолданылуы ескеріле отырып қолданыстағы жалпыәлемдік стандарттарға сәйкес келетін болады. Банктердің жүйеге қатысуы еріктілік қағидатына негізделетін болады.

Банктер төлем карточкалары бойынша өз операцияларын бағыттау және өңдеу үшін өздеріне коммерциялық тұрғыдан тартымды арнаны (жүйені) таңдау кезінде ерікті. Қажеттілік болған кезде екінші деңгейдегі банктер басқа банктердің клиенттеріне қызмет көрсету кезінде банкаралық төлемдер өткізудің қазіргі арналарына қоса резервтік алаң ретінде жаңа жүйе сервистерін пайдалана алады.

Қазақстан Ұлттық Банкі әзірлеген жол картасына сәйкес жоғарыда көрсетілген жүйені 2016 жылғы 3-тоқсанда іске қосу күтіледі, бұл ретте жүйені пайдалану бойынша алғашқы тестілеу жұмыстары келесі жылдың бірінші жартыжылдығының соңында басталады. 2015 жылдың соңына дейін жүйенің жұмыс істеу тәртібін және тетігін регламенттейтін қажетті нормативтік құқықтық құжаттарды әзірлеу және қабылдау жоспарланып отыр.

Ұйымдастырылып отырған инфрақұрылымның функционалын енгізу Қазақстанның төлем карточкалары нарығын жаңа даму деңгейіне көтеріп, қолма-қол ақшасыз жүргізілетін төлемдердің өсуін жандандыру және төлем саласындағы болашағы бар инновациялық жаңалықтарды іске асыру үшін аса маңызды фактор бола алады.

Ақпарат көзі

 
0
0
328