Мазмұнға өту

Жаңа

Н.Назарбаев Жапонияның іскерлік топтарын Қазақстанның инвестициялық жобаларына белсенді қатысуға шақырды (ФОТО)

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Қазақстан-Жапония бизнес форумында Жапонияның іскерлік топтарын Қазақстанның инвестициялық жобаларына белсенді қатысуға шақырды.

Қазақстан Президенті бағыттардың бірі ретінде ИИДМБ екінші бесжылдығын атады.

"Қазақстанда индустриялық-инновациялық бағдарлама жүзеге асып жатыр, 770 жаңа кәсіпорын ашылып, 75 мың жұмыс орны құрылды. Осының барлығына жапон кәсіпкерлері инвестиция құя алады. Инвесторлар жер салығынан босатылады. Сонымен қатар 20 елдің кәсіпкерлеріне визасыз режим енгізілген. Оның ішінде Жапония да бар", - деді Президент.

2015 жылы оның екінші бесжылдығы басталды. Ол 6 басым бағыт бойынша өтеді, өңдеуші өнеркәсіп: мұнайxимия, металлургия, xимия, машина жасау, құрылыс материалдарын жасау, тамақ өнеркәсібі.

«Басым салалардың инвесторлары корпоративтік, қосымша және жер салықтарынан 10 жылға босталды. Мүлікке салынатын салық  8 жылға қысқартылды. Жобаның құрылысы аяқталған соң шығынның 30 пайызы қайта қайтарылады. Инвесторлар арнайы рұқсат пен келісімсіз ақ шетелдік жұмыс күшін тартуға құқылы. Сондай-ақ, 20 елдің инвесторлары үшін визасыз режим орнатылды, оның ішінде Жапония да бар.

Н.Назарбаев «Нұрлы жол-Болашаққа бастар жол» жаңа инфрақұрылымдық бағдарламасына назар аударды.

«Қазақстанда "Нұрлы жол" атты жаңа экономикалық саясат жүзеге асырылуда. Ол - Астананы оңтүстікпен, шығыспен, батыспен, солтүстікпен жалғайтын инфрақұрылымдық бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған. Қазақстан Орталық Азиядағы ең ірі транзиттік-логистикалық xаб болады. Біз Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азияны жалғай аламыз. Біз Қытайдың Ляньюньгань портында терминал салдық. Қазіргі уақытта Ляньюньгань портынан Қазақстанға 300 мың контейнер жүк тасымалдануда. Болашақта Қытайдан Еуропаға бағытталатын ол жүктердің көлемін 500 мың контейнерге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз", - деді Елбасы.», - деді Елбасы.

Айта кетейік, Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Жапония премьер-министрі Синдзо Абэнің қатысуымен Қазақстан-Жапония бизнес форумы өткен болатын.

Іс-шараға автокөлік жасау, авиация және ғарышкерлік, электроника, xимия өнеркәсібі, қаржы және жылжымайтын мүлік, экспедициялау, жүк тасымалы, азық-түлік, денсаулық сақтау салаларын қамтитын 500-ден астам компания қатысуда.Форум аясында Қазақстан мен Жапонияның инвестициялық мүмкіншіліктері, екі елдің шетелдік инвесторларын мемлекеттік қолдау шаралары таныстырылмақ. Сонымен қатар форум аясында қазақстандық-жапондық инвестициялық жобалардың көрмесі өткізілуде.

Ақпарат көзі

 
0
0
738

«Нұр Отан» партиясының басшылығы Қытай Коммунистік партиясының делегациясымен кездесті

Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев «Нұр Отан» партиясы әлемдегі жетекші саяси ұйымдармен өзара ынтымақтастық байланыстарды нығайтуы қажет деген болатын, деп хабарлады партияның баспасөз қызметі.

Елбасының осы тапсырмасына сәйкес биылғы жылдың қыркүйек айында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары А.Мырзахметов бастаған делегация Қытай Халық Республикасында ресми сапармен болып, Қытай коммунистік партиясымен  өзара әріптестікті одан әрі жетілдіру жөніндегі хаттамаға қол қойды. Жасалған келісімдер нәтижесінде ҚКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебі мен «Нұр Отан» партиясы жанындағы Саяси менеджмент мектебі арасында өзара әріптестік жөніндегі құжат қабылданды.

Қос елдің билік партиялары қабылдаған бұл құжаттар өзара ынтымақтастық қатынастарды нығайту, тәжірибе алмасу, кадрлар даярлау мәселелерін қамтиды. Ортақ келісімге сай 27 қазанда Қытай Коммунистік партиясының делегациясы Астанаға ресми сапармен келіп, «Нұр Отан» партиясы басшылығымен кездесті.

Екі жақты кездесу барысында 20 жылдан астам мерзімде Қазақстан мен Қытай арасында шынайы достық қатынастар мен өзара саяси диалог орнықтырылғандығы, оған қоса екі елдің билеуші партиялары арасындағы әріптестік қатынастар да жылдан-жылға нығайып келе жатқандығы айтылды.

Еліміздің жалпы тауар айналым көлеміндегі үлесі 20%-ға жетіп, сыртқы сауда айналымы бойынша ең ірі серіктесімізге айналған Қытайдың бүгінде Қазақстанның сыртқы саяси саласындағы маңызы да едәуір өскен. Қос тарап жүзеге асырып жатқан Ұлы Жібек Жолын жаңғырту жобасы экономикалық даму, нарықтық интеграция және оңтайлы іскер ортаны қалыптастырумен қатар, Азия елдерінің мәдени және рухани байланысын нығайтуға да бағытталған. Бұл салада іске асырылып отырған шаралар Қазақстан мен Қытайдың өзара байланысының жаңа сапалы деңгейге көтерілгенін айғақтайды.

Айта кетерлігі, екі партия арасында жасалған келісімдер аясында биыл «Нұр Отан» партиясының бірқатар мүшелері ҚКП жанындағы Жоғары партия мектебінде тәжірибе алмасу курстарынан өтті. Енді Қытай тарапынан келген әріптестер «Нұр Отан» партиясы жанындағы Саяси менеджмент мектебінде дәріс алып, партиялық қызметтегі тәжірибелерімен бөліседі.

«ҚКП-нің көп жылғы тәжірибесі біз үшін маңызды. Осы орайда, «Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент мектебі мен ҚКП ОҚ Орталық партия мектебі арасындағы әріптестіктің де маңыздылығын атап өткім келеді», - деді А.Мырзахметов.

Сонымен қатар, сол күні «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратында Қытай Коммунистік партиясы делегациясының қатысуымен «Бір белдеу, бір жол» Жібек жолы экономикалық белдеуі жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы әріптестік» тақырыбындағы «дөңгелек үстел» мәжілісі өтті. Шараға партия Хатшысы Ф.Қуанғанов, партияның Орталық аппараты мен Қоғамдық саясат институтының қызметкерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламент Мәжілісінің депутаттары қатысты.

«Қазіргі таңда біз қарым-қатынастың институцианалды деңгейіне өттік. Қос партия арасындағы басшылықтың кездесулері жоғарғы деңгейде өтіп, әріптестік жөнінде бірқатар құжаттарға қол қойылды. Біз партиялық және мемлекет деңгейіндегі осы қарым-қатынастардың одан әрі дамып, Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының арасындағы халықтар достастығы күшейе беруіне тілектеспіз», - деді ҚКП ОК жанындағы Орталық партия мектебінің вице-президенті Сю Вэйсинь.

Жалпы, Қытай Коммунистік партиясы Орталық партия мектебі делегациясының Қазақстанға сапары қазанның 31-не дейін жалғасады. Сапар барысында сондай-ақ Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет істері жөніндегі Агенттік басшыларымен кездесу, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Саяси менеджмент мектебінде «Саяси коммуникациялар» атты екі күндік тренинг өтеді деп жоспарланған.

Ақпарат көзі

 
0
0
544

Сенатта міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және білім беру мәселелері бойынша заң жобалары қаралды

Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылымкомитетінің кеңейтілген отырысында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Заң жобасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізудің бірнеше кезеңмен өтуін көздейді. Құжатпен медициналық көмекке құқықтар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау ұйымын таңдау, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатының сақталуын қамтамасыз ету айқындалады.

Сондай-ақ, заң жобасымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылардың, аударымдар мен жарналарды төлеушілердің, медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың, осы жүйеде медициналық көмек көрсету кезінде денсаулық сақтау субъектілерінің құқықтары мен міндеттері айқындалған.

Міндетті төлемдерді шоғырландыру мен медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін коммерциялық емес акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын құру көзделген. Қордың құрылтайшысы мен жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады. Сонымен қатар заң жобасымен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарына жататын азаматтардың 15 санаты, оның ішінде балалар, көпбалалы аналар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның мүгедектері, мүгедектер босатылады.

Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың денсаулық үшін ортақ жауапкершілігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін, алғашқы медициналық-санитариялық көмекті, жеке медицинаны басымдықпен дамыту және медициналық ұйымдардың арасындағы бәсекелестікті арттыру есебінен көтеруге жағдай жасайды.

Комитеттің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын да бірінші оқылымда қаралды. Заң жобасымен Азаматтық Салық, Бюджет кодекстеріне, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне, басқа да бірқатар заңдарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі көзделеді.

Атап айтқанда, заң жобасымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы сатып алу көзделеді.

Заң жобасымен 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыған адамдарға оқу орнын бітіргеннен кейін кемінде үш жыл мамандығы бойынша міндетті жұмыспен өтеу нормасы енгізіледі. Әскери және арнаулы оқу орындарын қоспағанда, халықаралық аккредиттеуден өткен жағдайда ғана, 2017 жылғы 1 қаңтардан – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, ал 2020 жылғы 1 қаңтардан – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдардың мемлекеттік үлгідегі құжаттар беруіне рұқсат беру жолымен біртіндеп аттестаттаудан аккредиттеуге өту ұсынылады.

Оқытудың сапасын арттыру мақсатында білім беру ұйымдарында қабылдауға, даярлауға, және педагогтардың жұмысына қойылатын талаптар қатайтылады. Білім беру деңгейлері бойынша оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің және оқу құралдарының сараптамасын жүргізу ұйымдары жөніндегі қызметке мемлекеттік монополия енгізіледі.

Ақпарат көзі

 
0
0
282

«Намыс додамен» бірге биіктікті бағындыр!

2015 жылғы 1 қарашада сағат 15.00-де Алматы және Астана қалаларындағы MEGA ойын-сауық кешенінде орналасқан SCALA жарға өрмелеуіштерінде әуесқойлар арасында құзға шығудан қызықты жарыс өтеді. «Намыс дода» тележобасының аясындағы осы жарыстың ұйымдастырушысы  – «Қазақстан» телерадиокорпорациясы.

Құзға шығу деген не? Бұл табиғи шыңдар мен жасанды құзға өрмелеушілердің 15-30 метрлік биікті бағындыруды білдіретін белсенді демалыс және спорт түрі. Құзға шығу – әлемнің түкпір-түкпірінде мыңдаған адамдар айналысатын ерекше спорт. Спорттың ерекше және экстремалды бұл түрі түрлі жастағы ең белсенді адамдардың басын біріктіреді. Бұл сайысқа кез келген адам қатысып, естен кетпес сәттер мен сезімдерді бастан кешіреді.

Бұл экстремалдар мен биіктікті ұнататын адамдар үшін өз күшін сынап көретін сәт.

Арнайы электрондық хронометр жарысқа қатысушылардың ішінен үздігін анықтайды. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталады.

«Қазақстан» телеарнасының ұжымы қатысам деушілерді асыға күтеді. Өз мүмкіндіктеріңізді Сіздер де сынап көріңіздер!

 
0
0
461

Сарапшылар: Қазақстанда халықты жұмыспен қамту бойынша ұтымды шаралар кешені қолданылуда

ҚР ДСӘДМ «Жұмыспен қамту жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-ның сарапшылары Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымына (әрі қарай - ЭДЫҰ) қатысушы елдердің және Қазақстанның еңбек нарығындағы жағдайды талдай келе, осындай шешімге келді.

Көптеген елдерде халықты жұмыспен қамту саясатын жүзеге асыру мақсатында жұмыспен қамтудың белсенді және бейтарап шараларын қарастыратын мемлекеттік бағдарламалар жасалған.

Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына: арнаулы оқу орнындағы кәсіби дайындық, жұмыс орнындағы оқу, арнайы тағылымдамалар; қысқа мерзім ішінде  (әдеттегідей) жұмыс орындарын субсидиялау; жұмыс істеуге қабілеттілігі төмен жұмысшыларды 100% субсидиялау; жаңа жұмыс орындарын құру; кәсіпкерлікті дамытуға көмектесетін бағдарламаларды жасау және қаржыландыру шаралары кіреді.

Жұмыспен қамтудың бейтарап шараларына: жұмыссыздық бойынша сақтандыру төлемақылары; жұмыссыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақылар; банкротқа ұшыраған компаниялар қызметкерлері үшін төленбеген еңбекақыны өтеу; орнына өзге мақсатты топтағы жұмыссыздарды орналастыру мүмкіндігі бар қарт адамдардың толығымен немесе жартылай мерзімінен бұрын зейнеткерлікке шығуына жәрдемдесетін бағдарламалар (мерзімінен бұрын зейнеткерлікке шығу төлемақысы зейнеткерлік жасына жеткен соң тоқтатылады) кіреді.

«ЖҚЖ АТО» АҚ-ның мәліметтеріне сәйкес, ЭДЫҰ елдері орташа есеппен ІЖӨ-нің 1,5%-ын жұмыспен қамту шараларына жұмсайды, еуропа елдері - 1,8%, ал Ирландия, Дания және Испания сияқты елдер өз азаматтарын жұмыспен қамту ісіне ІЖӨ-нің 3%-ын жұмсайды екен. Жұмыспен қамту шараларына Франция мен Германия –47 млрд. евродан астам, АҚШ – 46 млрд. евро, Испания –38 млрд. евродан аса және Италия –32 млрд. евродан астам қомақты қаражат бөледі.

Жұмыспен қамту шараларының қай түрі (белсенді немесе бейтарап) қолайлы екенін анықтау үшін «ЖҚЖ АТО» АҚ-ның сарапшылары ЭДЫҰ-ның бірқатар елдерінің 2013 жылғы (еркін қолданыстағы соңғы мәліметтер) тиісті шаралардың әрбір қатысушыларына ақшалай шаққандағы шығындарын талдады.

«Бірінші кезекте, аталған елдердегі жұмыспен қамту бағдарламаларына бөлінетін мемлекеттік бюджеттің шығыны ІЖӨ-нен орта есеппен белсенді шаралардан гөрі (0,5%) бейтарап шараларға (0,9%) көбірек бөлінетінін атап өту керек. Біз үшін жұмыссыздық деңгейі Қазақстаннан (5%) төмен елдердің көрсеткіштері оңтайлы. Яғни, Норвегия (3,4%) және Швейцария (4,4%). Норвегияда жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 55 мың, бейтарап шараларымен 53 мың адам қамтылған. Бірақ, белсенді шаралар қатысушыларының шығындары бейтарап шараларға қарағанда көбірек, сәйкесінше 35 мың евро және 24 мың евро. Швейцариядағы жағдай өзгеше. Мұнда бейтарап шаралармен 120 мың, белсенді шаралармен 55 мың адам қамтылды. Бірінші бағыт бойынша 1 адамның шығыны 26 мың евро, екіншісі бойынша 51 мың евроны құрады.

Жұмыссыздық деңгейі 26,1%-ды құрайтын Испанияда жұмыспен қамту шараларына өзге ЭДЫҰ елдеріне (3,6%) қарағанда ІЖӨ-нің едәуір бөлігі бөлінеді. Оның басым бөлігі, нақтылай түссек, 3%-ға жуығы байтарап шараларға жұмсалады. Белсенді шаралармен 2,7 млн. адам қамтылса, бейтарап шаралармен 2,9 млн. адам қамтылған. 2013 жылы Испанияда бейтарап шараларының 1 қатысушысына 10 мың евро бөлінген, бұл белсенді шаралардың қатысушы шығындарынан 4,5 есеге көп», - дейді «ЖҚЖ АТО» АҚ-ның сарапшылары.

Сарапшылардың пікірінше, аталған көрсеткіштер ЭДЫҰ мемлекеттерінің халықты жұмыспен қамту шараларының тиімділігін бағалауға негіз болады. Дәлірек айтсақ, жұмыссыздықпен күресу ісінде белсенді шаралар нәтижелі болатынын дәлелдей түседі.

Қазақстанда халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына мақсаты жұмыссыздық деңгейін төмендету мен қазақстандықтардың әл-ауқатын көтеру болып табылатын «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» (әрі қарай – «ЖҚЖК 2020») бағдарламасы бағытталған. Айта кету керек, Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі Норвегия мен Швейцарияға қарағанда айтарлықтай жоғары емес. Сонымен қатар, 2014 жылы бағдарламаның әрбір қатысушысына 2 мың евро бөлінді, бұл 2013 жылы еуропа елдеріндегі жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламаларының аясындағы бөлінген қаражаттан 15 есе аз.

«Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 2010 жылғы 5,8%-дан 2015 жылдың екінші тоқсанында 5%-ға біртіндеп төмендеп келеді. Сонымен қатар, аталған уақыт ішінде тек 2012 жылы жұмыссыздар санының ұлғайғанын байқауға болады (2011 жылы 473 мың, 2012 жылы 475 мың жұмыссыз азаматтар). 2015 жылдың екінші тоқсанындағы мәліметтер бойынша Қазақстандағы жұмыссыздар саны 449 мың адамды құрап отыр», - деп атап өтті «ЖҚЖ АТО» АҚ-ның сарапшылары.

Сарапшылардың пікірінше, Қазақстандағы жұмыссыздықпен күрес шараларының сәттілігі «ЖҚЖК 2020» бағдарламасын жүзеге асырумен тікелей байланысты. Бағдарламада жұмыссыздық деңгейі - 5%-дан көп емес, әйелдер арасындағы жұмыссыздық - 5,5%-дан артық емес, жастар арасындағы жұмыссыздық - 4,6%-дан көп болмауы туралы нақтымақсаттар айқындалған, Сондай-ақ, жүзеге асырудың нақты бағыттары белгіленген: инфрақұрылымдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамту; кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және тірек ауылдарын кешенді дамыту; жұмыс берушінің сұранысына сай жұмысқа орналастыру мен көші-қон мәселелері бойынша жәрдемдесу мен оқыту.

«Осылайша, қорытындылай келе, дағдарыс жағдайында қаражатты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жұмсау қажет. Өйткені, тікелей жұмысқа орналасу, мамандарды кәсіби даярлау, еңбекақыларды субсидиялау, кәсіпкерлікті дамыту және тағы басқа шаралар – халықты жұмыспен қамту мәселелерінде аса тиімді құрал болып табылады», - деп атап айтты «ЖҚЖ АТО» АҚ-ның сарапшылары.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасын жүзеге асыру шараларының аясында 167 мың адам жұмыспен қамтылды. Биылғы жылдың басынан бастап 118 мың адам, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына – 97,4 мың азамат, уақытша жұмысқа – 20,7 мың адам жұмысқа орналастырылды.

 
0
0
485

Сен қазақша сөйледің...

Елбасы Н. Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясында қазақ тілінде баяндама жасағаны әр қазақты қуантты. БАҚ өкілдері қазақ тілін әлем естіді мақала жазып, телеарналардан түрлі сюжеттер көрсетті. Әлеуметтік желі қолданушылары да бұл қуанышпен бөліспей тұра алмады, барлығы дерлік Елбасының суретін салып, бір-бір пост арнады. Интернетті ақтарып отырғанда, Ауыт Мұқибектің "Сен қазақша сөйледің..." атты өлеңін оқып қалдым. Керемет жазылған. Ұнады. Бірден алтын дауыс иегері Мұхамедәли бауырыма хабарласып, өліңді оқып беруін өтіндім. Ролик жасаймыз, Елбасын қолдауымыз бен тілге құрметімізді біз де білдірейік дедім. Қуана келісті. Бас аяғы 2 сағаттың ішінде ролик дүниеге келді. Ел арасында жақсы тарады. белгілі сайттар алғашқы бетіне шығарды. Ең күштісі ҚР Президентінің баспасөз қызметі Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында «Сен қазақша сөйледің...» атты видеоны жарялады. Еңбек еленіп, жасаған дүниеміз пайдаға жарап жатса біздің мақсаттың орындалғаны. Бұйыртса, алдағы уақытта бірнеше роликті назарларыңызға ұсынамыз!


2
1
773

Facebook компаниясының «М» виртуалды көмекшіcі қалай жұмыс істейді?

Google сіздің достарыңыздың кім екенін, кіммен сөйлесетініңізді (чат арқылы), кімнің жаңалықтары сіз үшін маңызды екенін біле бермейді. Дәл солай Facebook те сіздің поштаңызда не бар екенін, сіздің нені іздейтініңізді (интернеттегі іздеу қызметі арқылы),Android телефоныңызда не болып жатқанын білмейді. Мүмкіншілігі өте көп екі алпауыт компания жеке адамға қызмет көрсету бойынша бір-бірінен осылайша қатты ерекшеленеді. Дәл осы қалпында бұлардың арасында үлкен бәсекелестік бар деп айтуға да болмайды.


0
0
516

Мобильдік ХҚКО-лар ЗТМО мен «Қазпочта» АҚ қызметтерін көрсетуді бастайды!

Шалғай елді мекендердің тұрғындары өз елді мекендерінен еш жерге шықпай-ақ ХҚКО, ЗТМО және Қазпочта қызметтерін ала алатын болады. Егер бұрын мобильдік ХҚКО-лар халыққа қызмет көрсету орталықтарының ғана қызметтерін көрсетсе, енді 16 наурыздан бастап ХҚКО қызметкерлерімен бірге ЗТМО және «Қазпочта» АҚ қызметкерлері сапарға шығатын болады.

«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташева мен «Қазпочта» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусиннің және «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК бас директоры Біржан Жүнісов арасында тиісті меморандумға қол қойылды.

«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуынша, мобильдік ХҚКО-лардың басты міндеті – бұдан бұрын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін аудандық орталықтарға баруға мәжбүр болатын шалғай елді мекендерде тұрып жатқан азаматтардың ақшасы мен уақытын үнемдеу. «Әлбетте, біз қаншалықты көп қызмет көрсетсек, соншалықты халыққа да қолайлы болмақ. Солндықтан да біз ЗТМО мен «Қазпочта» АҚ басшылығының ұсынысын, яғни олардың қызметкерлерінің Мобильдік ХҚКО-лармен бірге сапарға шығып, өз бағыттары бойынша қызметтер көрсетуін ынтызарлықпен қолдадық.

ЗТМО қызметкерлерінің халыққа барынша маңызды әлеуметтік қызметтерді көрсететіндігін атап өту керек, атап айтсақ олардың ішінде жәрдемақылар, зейнетақы төлемдерін тағайындау бар, ал «Қазпочта» АҚ қызметкерлері азаматтарға зейнетақы төлемдерін, әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау үшін шоттар ашуға көмектеседі, зейнетақыны жеткізетін болады және т.б.

Мобильдік ХҚКО спараларының кестесі әкімдіктермен алдын ала келісілетін және аудандық әкімдіктердің сайттары мен өңірлік БАҚ-тарда жарияланатын болады. Бұдан басқа, мобильдік ХҚКО сапарларының кестесін«ХҚКО» РМК-ның www.con.gov.kz ресми порталындағы «Мобильдік ХҚКО» тарауынан табуға да болады. Қажет болған жағдайда, мобильдік ХҚКО-ның жоспардан тыс сапарға шығуын ұйымдастыру мүмкін болады. Қазіргі уақытта Қазақстанда 70 мобильдік ХҚКО қызмет ететіндігін атап өту керек.Балташеваның айтуынша, 2014 жылы мобильдік ХҚКО-лар 11 мыңнан астам сапарды жүзеге асырып, 339 мыңнан астам қызмет көрсеткен, ал ағымдағы жылдың 2 ай ішінде мобильдік ХҚКО-лар шалғай елді мекендерге 2 мыңнан астам рет сапарға шығып, 67 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен.

 
0
0
1451

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қажетті мемлекеттік көрсетілетін қызметтералуға қолжетімділікті қамтамасыз ету

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қажетті мемлекеттік көрсетілетін қызметтералуға қолжетімділікті қамтамасыз ету – бұл біздің алдымызда тұрған басым міндеттердің бірі болып табылады. Осы орайда ХҚКО «Мобльді ХҚКО» эжұмысын іске қосқанын баршаңыз білесіздер. Аталмыш қызмет өз жұмысының жемісінде беріп келеді.

Мобильдік ХҚКО шығу қызметі тек қана 1 және 2-топтағы мүгедектерге көрсетілетіндігін атап өту керек. Аталған азаматтар санаты call-орталыққа 1414 нөміріне хабарласып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтінім бере алады, ол 5-7 минут көлемінде өңделеді. Бұдан кейін қызметкерлер өтініш берушімен байланысып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізімін ұсынады және өтініш берушіге келу үшін барынша қолайлы уақытты белгілейді. Мобильдік топ өтініш берушінің үйіне 72 жұмыс сағаты ішінде барып, құжаттарды қабылдауды және беруді жүзеге асырады.

Сол сияқты, өтініш берушікеліскен жағдайда жәнеоларда интернет желісіне кол жетімділігі бар дербес компьютер болса,ХҚКО қызметкерлері электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға үйретеді.

 
0
0
469

Жеңіспен оралды

20-24  қазан күндері Астана қаласында Ұлттық  Дельфи ойындар өтті. Дельфий ойындарында қатысу үшін 33 павлодарлық аттанды. Он бір жыл бойында біздің талантты жастарымыз бос қолымен қайтатын, дегенмен осы жолы айымыз оңынан түсті. Тележурналистика номинациясында Солтанова Замира жүлделі бірінші орынға, Тілеген Көгершін үшінші орынға жайғасты. Павлодарлық жас суретші Ергазинова Мадинаға алтын бұйырды. Жастарымыздың заманауи биі де әділ қазылардың ойынан шықты  - «Вдохновение» тобы жүлделі үшінші орынды иеленді. «Зори Иртыша» тобының бишілері  ең жарық өнер үшін үздік дипломмен марапатталды.

Бұл жеңістер өз шығармашылығын халыққа ұсынуға дайындалып жүрген жастарға мықты уәждеме болды.

 
0
0
521