Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Катар EXPO-2017 көрмесінде күн энергетикасы саласында ғылыми жаңалықтарын таныстырмақ

Катар елі EXPO-2017 Халықаралық  көрмесінде күн энергетикасы саласындағы ғылыми жаңалықтарын таныстыруға дайын.

Қазақ-катар Үкіметаралық IV отырысы комиссия мүшелерінің екіжақты кездесу аясында тараптар ынтымақтастықтың және Катар мемлекетінің EXPO-2017 көрмесіне қатысуын талқылады. Катардың Сыртқы істер министрі Халед бен Мухаммед Әл-Аттыя Қазақстанның халықаралық шараға жоғары деңгейде дайындалып жатқанын айта отырып, Катар мемлекетінің көрмеге қатысуға дайын екенін жеткізді. Екі ел арасындағы келіссөздер басталып кетті деп айтуға да болады. Мәселен Qatar Solar Energy компаниясы күн ұяшықтары мен бөлікшелерін жеткізетін AstanaSolar секілді қазақстандық компаниялармен серіктес. Тараптар виза мәселесін де сөз етті. Дипломатиялық төлқұжаты барларды виза талаптарынан босату туралы құжатқа қол қоюға келісті. Одан өзге, 2017 жылға қарай екі ел азаматтарына да бір ай көлемінде визалық тәртіпті мүлдем алып тастау жағдайы қарастырылмақ.

Shell халықаралық британдық-нидерландық концерні ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің бас демеушісі болуға ниетті. Бұл туралы «Shell» концернінің Қазақстандағы төрағасы Дунган ван Берген «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовпен кездесу барысында айтты.

http://gbpp.org/kz/2015/10/10573

1
0
279

Осы тақырып бойынша

Катар EXPO-2017 көрмесінде күн энергетикасы саласында ғылыми жаңалықтарын таныстырмақ - Yvision.kz