Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Shell» халықаралық британ-нидерланд концерні ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің бас демеушісі болуға ниетті

Shell компаниясы мен «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоятын болады деп хабарлайдыЭКСПО — 2017 сайты.

«Shell» халықаралық британ-нидерланд концерні ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің бас демеушісі болуға ниет танытып отыр. Бұл туралы «Shell» концернінің Қазақстандағы төрағасы – «Shell VP and Country Chairman in Kazakhstan» вице-президенті Дунган ван Берген «Астана ЭКСПО-2017» ҰК Басқарма төрағасы Ахметжан Есімовпен кездесу барысында айтты.

«Осы уақыт аралығында 48 мемлекеттің қатысатындығын растағандығы өте жақсы нәтиже. Біз сіздердің жетістікке жететіндіктеріңізге сенеміз», — деді Дунган ван Берген.

Кездесу барысында Ахметжан Есімов жоба жайлы, көрме кешенінің құрылысы жөнінде және халықаралық көрменің мән-мақсаты туралы айтып берді. Сондай-ақ, ол бүгінгі таңда 48 мемлекет пен 10 халықаралық ұйымның ЭКСПО-2017 қатысатындығын, әрі көрменің әлемдік деңгейде ерекше қызығушылық тудырып отырғандығын жеткізді.

«Әлемдік танымал әрі компаниялардың бірі Cisco System-пен келісімге отырдық. Көрме ең алдымен жаһандық алаң. Бұл ретте, Shell компаниясының ЭКСПО-2017-нің бас демеушісі болуға ниет білдіргендігі өте маңызды» — деп атап өтті Ахметжан Есімов.

http://gbpp.org/kz/2015/10/10569

1
0
452

Осы тақырып бойынша