Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Әрекет түбі — берекет» немесе «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы туралы ой

«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», демекші бүгінде жұмыс істеп, жанын баққысы келген адамға атқарар іс жетерлік. Бірақ салағасай мамандығың, білігің мен біліміңнің де қажет екендігі сөзсіз.

Иә, елімізде жұмыс бар, деген мен білікті маманның жоқ екендігі шындық. Сондықтан да Үкімет бірнеше жылдан бері «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын әзірлеп, жұмыссыздардың білімі мен біліктілігін арттырып, еліміздегі бұл көрсеткішті барынша қысқартуға тырысып-ақ келеді.

Жұмыссыздық елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Экономикалық әдебиеттер де кезкелген қоғамдағы жұмыссыздық құбылыстары сипатына байланысты фрикциялық жұмыссыздық, құрылымдық жұмыссыздық, циклдік жұмыссыздық болып ажыратылады.

Фрикциялық жұмыссыздық – қызметкерлердің жұмыс орнын еріктітүрде ауыстыруымен және жұмыстан уақытша босау кезеңдерімен байланысты (қызметкерлердің бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысқан кездегі уақытша жұмыс пен қамтылмауы) құбылыс.

Құрылымдық жұмыссыздық – елдегі тұтыну тауарларына сұранымның құрылымында және өндіріс технологиясында болатын өзгерістер салдарынан пайда болатын құбылыс. Бұл жағдайда қызметкер не өзінің кәсібіне (мамандығына) сұранымның жоқтығы салдарынан‚ не жұмыс алу үшін жеткілікті біліктілігінің жоқтығы салдарынан жұмыссыз қалады.

Кезкелген қоғамдағы экономикалық даму барысында тұтыну тауарларының сұранымы құрылымында және өндіріс технологиясында маңызды өзгерістер болады. Бұл өзгерістер өз кезегінде жұмыс күшіне жалпы сұранымның құрылымын да өзгертеді. Осындай өзгерістерге байланысты кәсіптердің кейбір түрлері азаяды не қысқарады‚ ал басқа бір түрлері көбейеді. Қоғамдағы жұмыссыздықтың пайда болу себебі жұмыс күшінің осы өзгерістерге баяу ыңғайланатындығына және оның құрылымының нақты жұмыс орнына сай келмейтіндігіне байланысты болады. Фрикциялық жұмыссыздық пен құрылымдық жұмыссыздық арасындағы елеулі ерекшелік мынада: бірінші жағдайда жұмыссыздар да еңбек нарығында ұсынуына болатындағды‚ машық бар‚ ал екінші жағдайда олар қайта даярланбайынша‚ қосымша оқып біліктілігін арттырмайынша‚ тіпті тұрғылықты жерін ауыстырмайынша жұмыс таба алмайды. Фрикциялық жұмыссыздық неғұрлым қысқа мерзімді сипатта болады‚ ал құрылымдық жұмыссыздық неғұрлым ұзақмерзімді сипатта болады‚ сондықтан ол қоғамдағы неғұрлым елеулі жұмыссыздық болып табылады.

Циклдік жұмыссыздық – елдегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жиынтық сұранымның күрт азаюы салдарынан болатын құбылыс. Осы себептен оны кейде сұранымның тапшылығына байланысты жұмыссыздық деп те атайды. Циклдік жұмыссыздық – кезкелген қоғам үшін экономикалық және әлеуметтік дағдарыс болып саналады. Экономикалық дағдарыс (экономикалық дамудың құлдырауы‚ тоқырау) елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың елеулі бөлігінің бостан босқа уақыт өткізуіне әкеліп соғады‚ ал мұндай жағдай олардың біліктілігінің жоғалуына‚ адамгершілік қадір-қасиеттің азғындауына‚ әлеуметтік және саяси жанжалдарға апарып соқтырады.

Жұмыссыздық – барлық қоғамда болып тұратын құбылыс. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде‚ мысалы‚ АҚШ-та‚ еңбекке қабілетті тұрғындардың жұмыспен толық қамтылуы жұмыссыздық мүлдем жоқ дегенді білдірмейді. Фрикциялық және құрылымдық жұмыссыздық болмай қоймайды деп есептеледі. Демек, елдегі тұрғындардың жұмыспен толық қамтылуы – ол елде циклдік жұмыссыздықтың жоқтығын білдіреді. Жұмыспен толық қамтылу кезіндегі жұмыссыздық деңгейі оның табиғи деңгейі болып саналады. Мұндай жағдай елдегі жұмыс күшінің рыноктары теңдестірілгенде, яғни жұмыс іздеушілердің саны бос жұмыс орындарының санына тең болғанда пайда болады. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі қоғамдағы оң құбылыс болып есептеледі. Өйткені “фрикциялық” жұмыссыздарға бос жұмыс орнын табу үшін әр қашан уақыт керек‚ “құрылымдық” жұмыссыздарға да біліктілігін жетілдіру, жаңа мамандық алу үшін немесе жұмыс табу мақсатымен басқа жерге көшу үшін уақыт керек. Егер жұмыс іздеушілердің саны бос жұмыс орнынан асып түссе‚ онда жұмыс күші рыногінің тең болмағаны. Екінші жағынан‚ жиынтық  сұраным молайған жағдайда жұмыс күшінің “жетіспеушілігі” сезіледі‚ яғни бос жұмыс орындарының саны жұмысқа мұқтаждардың санынан асып түседі. Қазақстанда нарықтық экономикаға өту кезеңінде бұрынғы тиімсіз кәсіпорындар мен ауыл шаруашылық мекемелерінің жұмысын уақытша тоқтатып, жабылуына, банкротқа ұшырауына, жекешелендіріліп, қайта құрылуына байланысты құрылымдық жұмыссыздық құбылысы байқалды.

Осыған сәйкес жергілікті жерлер де азаматтар мен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендерге және өсу орталықтарына көшуге үміткерлер тізімдерін нақтылау, өнідіріс ошақтарының білікті жұмыс күшіне деген қажеттілігін анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде «екі қолға бір күрек» іздегендердің кәсіптік оқыту арқылы оларды жұмысқа орналастыру мақсатында елімізде «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Аталмыш бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табыс деңгейін арттыру болып табылады. Бағдарлама аясында сұранасқа ие мамандықтарға қайта оқытуға мүмкіндік бар. Бұл бағдарлама аудан орталығын да жылма-жыл өз жалғасын табуда. Аталмыш бағдарлама арқылы пайдалы кәсіп көзін тауып оны әрі дамытамындеушілердің қатары көбеюде.

ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы 4 бағыттан тұрады. Бірінші бағыт аясында кәсіптік оқыту арқылы жұмысқа орналастыру, «жастар бағдарламасы» және уақытша әлеуметтік жұмыс орындары көзделеді. Ал екінші бағыт бойынша ауылда кәсіп ашып, жеке ісін жүргізгісі келетіндерге жәрдем жасалады. Сол сияқты үшінші бағыт тұратын жері бойынша келешекте жұмысқа орналастыру немесе бизнесті дамытуға мүмкіндік жоқ олғандықтан бағдарлама арқылы ондай адамдардың әлеуеті төмен елдімекеннен экономикасы дамыған өңірлерге көшуіне мүмкіндік қарастырылған. Сонымен қатар төртінші бағыт инфрақұрылым  жасату кезіндегі нысандарға жұмысқа жіберу.

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы арқылы несие алып, бүгінде ойлаған кәсібінің жұмыстары алға тартып нәсібін көріп отырған Павлодар облысы, Ақтоғай ауылының тұрғыны Кәмелбай Жұмабай  мемлекет тарапынан берілген жеңілдіктер мен қолдауды сезініп, оны ұтымды пайдаланудың жолдарын іздестіріп жүру арқылы «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша қатынасып, кәсіпкерлігін одан әрі дамыту үшін мемлекет қаржысы есебінен қажеттілігін өтегенін айтады.

Мемлекетіміздің жасап берген қамқорлығын тиімді пайдалана отырып, ісімізді жүзеге асырғанымыз жөн. «Әрекет түбі - берекет». Халқымыздың әлеуеті жақсармай жұмыссыздардың саны азаймай, еліміз алға қарай қарыштап дами алмайтыны, экономикамыздың көтерілмейтіні белгілі. Елімізде күннен – күнге көбейіп келе жатқан жұмыссыздар санын азайту жолындағы түйткілді түйіндерді шешетін жаңа бағдарлама өмірге келіп, өз жұмысын бастап та кетті. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» демекші, мемлекеттің мұндай қамқорлығынан тысқалмайық ағайын!

 

«Назар Мәлік»

0
0
1076

Осы тақырып бойынша

«Әрекет түбі — берекет» немесе «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы туралы ой - Yvision.kz