Мазмұнға өту

Жаңа

Новости по новому на телеканале «Қазақстан»!

Ежедневные оперативные и актуальные новости о событиях в стране и мире, всегда являлись визитной карточкой национального телеканала «Қазақстан». В связи с этим, руководством телеканала было принято решение сделать свои новости еще более актуальными, живыми и свежими.  С 6 октября 2015 года, произошло обьединение новостной-информационной службы телеканала в единый целостный бренд - «Кaznews», с абсолютно новым форматом подачи иформации.

Обладающий сильнейшей новостной базой, «Кaznews» смог расширить свои возможности и еще больше увеличить доступ общественности к ньюсмейкерам государственной политики. Это позволило предоставить зрителю максимально горячую и объективную информацию  из различных сфер деятельности страны и мира. Еще более улучшенная корреспондентская сеть, позволила новостной службе «Кaznews» собрать наиболее оперативную,  достоверную и актуальную информацию из разных уголков планеты.

Вместе с этим, вечерние новости на телеканале «Қазақстан» стали выходить на час раньше (в 19.30), с целью еще более раннего и оперативного информирования своего телезрителя.

Также, одной из главных особенностей нового формата новостей является то, что после основного новостного блока, в студии «Кaznews», проводятся эксклюзивные интервью со специальными гостями. Интересные и популярные гости из таких областей как политика, экономика, культура и искусство, ответят на самые неожиданные и наболевшие вопросы телезрителей в прямом эфире, создавая тем самым мост между государственными ораганами власти и населением страны.

Вместе с этим, к интервью будут привлечены специалисты законодательных и  исполнительных органов власти, которые будут затрагивать назревшие проблемы в разнообразных аспектах жизни общества. Целью данного эксперсс-интервью является повышение экономической, юридической и социальной грамотности всего населения страны, а также увеличение интереса людей к изучению своих конституционных прав и обязонностей.

Смотрите новый формат новостей «Кaznews» на телеканале «Қазақстан» с понедельника по субботу в 8:00, 9:30, 17:30 и 19:30 в прямом эфире (с повтором в 01:00 и 03:00).

Также, самые свежие и важные новости будут доступны на официальном сайте «Кaznews» - www.kaznews.kaztrk.kz.

Желаем Вам самых интересных, приятных и добрых новостей, вместе с РТРК «Қазақстан».

 
0
0
301

«Қазақстан» телеарнасында жаңаша жаңалықтар!

Еліміздегі және әлемдегі күнделікті өзекті жаңалықтар – «Қазақстан» ұлттық телеарнасының бетке ұстар бағыттары. Осыған орай, телеарна басшылығы жаңалықтар топтамасын заман талабына сай түрлендіру туралы шешім қабылдады. 2015 жылғы 6 қарашада ақпаратты жаңаша форматта беру мақсатында телеарнаның ақпараттық жаңалықтар қызметі бірыңғай тұтас «Кaznews» брендіне орталықтандырылды.

Республиканың ең ірі жаңалықтар базасын қамтитын «Кaznews» өзінің мүмкіндіктерін кеңейтіп қана қоймай, қоғамды мемлекеттік саясат нюсмейкерлеріне бір табан жақындата түсті. Бұл еліміз бен әлемдегі түрлі қызмет саласындағы соңғы және объективті жаңалықтарды көрерменнің назарына ұсынуды қамтамасыз етті. Жетілдірілген тілшілер желісі «Кaznews» жаңалықтар қызметіне әлемнің түкпір-түкпірінен оперативті, нақты, әрі өзекті ақпаратты алуға мүмкіндік береді.

Көрермендерді жедел ақпараттандыру мақсатында «Қазақстан» телеарнасындағы кешкі жаңалықтар бір сағатқа (19.30-да) ерте беріле бастады.

Жаңалықтар топтамасының жаңа форматының тағы бір ерекшелігі негізгі жаңалықтар блогынан кейін «Кaznews» студиясында арнайы қонақтармен эксклюзивті сұхбат жүргізіледі.  Саясат, экономика, мәдениет және өнер саласындағы танымал тұлғалар тікелей эфирде көрермендерді толғандырған сұрақтарға жауап береді. Бұл –  мемлекеттік билік органдары мен тұрғындар арасындағы байланыс көпірі болмақ.

Сонымен қатар, қоғамдық өмірдің түрлі аспектілеріндегі өзекті мәселелерді шешуге көмек беретін заң және атқарушы билік органдарының арнайы мамандары қатыстырылады. Осындай сұхбаттардың басты мақсаты тұрғындардың экономикалық, заң және әлеуметтік білімін жоғарылату, сондай-ақ азаматтарды өздерінің конституциялық құқықтары мен міндеттерін білуге қызығушылықтарын арттыру.

«Қазақстан» телеарнасының тікелей эфиріндегі «Кaznews» жаңалықтарын дүйсенбі-сенбі аралығында сағат 8:00; 9:30; 17:30 және 19:30-да жіберіп алмаңыздар.

Сондай-ақ, соңғы және өзекті жаңалықтарды «Кaznews»-тің ресми сайтындағы www.kaznews.kaztrk.kz парақшасынан біле аласыздар.

Қызықты, әрі жағымды жаңалықтар көп болсын!

 
0
0
586

Қазақстандық делегация Азия-Тынық мұхиты аймағының сот жүйесі саммитіне қатысты

Гонконг қаласында алғаш рет Азия-Тынық мұхиты аймағының сот жүйесі бойынша саммит өтуде. Іс-шараға Қайрат Мәми бастаған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының делегациясы қатысуда, деп хабарлады ведомство.

Аталған сапар соттардың жұмысы, соның ішінде қаржылық соттардың жұмысы бойынша халықаралық озық тәжірибені зерделеу мақсатындағы іссапарлардың жалғасы болып табылады. Биылғы наурыз айында осы мақсатта қазақстандық судьялар БАӘ мен Сингапурға іссапармен барған болатын.

Саммит Гонконг Халықаралық қаржы орталығы тарапынан ұйымдастырылған. Оған АҚШ, Англия, Швейцария, Франция, Қытай, Корей және басқа да елдердің сот жүйесінің өкілдері қатысуда.

Судьялардан құралған делегация шетелдік арбитраждық шешімдерді тану және орындалуын іске асыру туралы БҰҰ конвенциясын қолдану жөніндегі дөңгелек үстелге, Халықаралық арбитраж жөніндегі конференцияға, сондай-ақ Халықаралық арбитраждағы ұлттық соттардың рөлі туралы саммитке қатысты.

Алғашқы күні дөңгелек үстел барысында Нью-Йорк конвенциясын қолдану, арбитраждық шешімдерді орындау және ЮНСИТРАЛ-дың типтік заңын енгізу (БҰҰ Халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссиясы) мәселелері талқыланды.

Конференцияда арбитраждық қауымдастықтың мүшелері халықаралық арбитраждың аса маңызды мәселелері мен соңғы жетістіктерін талқылады.

Саммитке қатысушылар Астана қаласында Халықаралық қаржы орталығының, соттың және арбитраждың құрылатындығы туралы хабардар болды.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (AIFC) «жалпы құқық» нормалары (ағылшын-саксондық жүйе) қолданылатын дербес әкімшілік-құқықтық реттеу негізінде жұмыс істейтін болады. Оның жұмысына шетелдік судьялар, арбитрлар және заң саласының мамандары тартылады.

Сонымен қатар, сапар барысында Қ. Мәми Гонконг Әділет министрі Римски Юэн мырзамен, сондай-ақ Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің жоғары сот органдарының басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді. Кездесулер шеңберінде «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт Жоспарының аясында Қазақстанның сот жүйесінде жүргізіліп отырған реформалардың негізгі тәсілдері таныстырылды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қазақстанда дауларды шешудің баламалы тәсілдері туралы әңгімелей келе, «Қазақстанда азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істер бойынша медиация белсенді және табысты енгізілуде. Сот медиациясы институты да мақұлданған. Дауларды шешудің баламалы тәсілдері біздердің тарапымыздан дауларды шешудің тиімді құралы ретінде қарастырылуда. Осы ретте, Гонконг соттарының бітімгершілік рәсімдерді қолдану тәжірибесі Қазақстан үшін қызығушылық тудырып отыр», - деп атап өтті.

Кездесулердің соңында тараптар ақпарат алмасу және озық кәсіби тәжірибені бөлісу үшін қолайлы жағдай жасауға мүдделілік танытты.

Ақпарат көзі

 
0
0
314

Қазақстанда ИДМ-нің қолдауымен «Инновациялар апталығы» өтеді

Қазақстанда 2015 жылғы қарашаның 9-13 аралығында Инновация және даму министрлігінің қолдауымен «Инновациялар апталығы» өтеді, деп хабарлады ҚР ИДМ.

Айта кетейік, Инновациялар апталығы дегеніміз  инвестиция және даму министрлігінің инновация мәселелері бойынша өткізілетін өзекті шаралардың қатары. Ол Алматы қаласында басталып, Астанада ірі Халықаралық инновациялық форум өткізумен аяқталатын болады.

Инновацияның оңтайлы экожүйесін қалыптастыру білімге негізделген жаңа экономиканы құрудың базалық қоры екендігі белгілі. Сондықтан  әлемдік қаржы дағдарысы мен ғаламдық тартыс жағдайында Қазақстан білімді, перспективалы жобалар мен инвестицияларды тартудың жаңа бірегей мүмкіндіктерін іздестіруде.

Қазақстанның экономикасына білікті мамандар, жас ғалымдар, өнертапқыштар, инноваторлар, инженерлер мен рационализаторлардың тұрақты толыға беруі өте маңызды.

«Инновациялар апталығының» басты міндеті –  әлемнің әр бұрышынан және елімізден технологиялық бизнес-қауымдастықтың жаңа ойыншыларын тарту үшін Қазақстанды әлеуеті ең оңтайлы жаңа өңірлік инновациялық хаб ретіндегі мүмкіндіктерін паш ету.

Бұл шаралар «Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттігі» АҚ және «Almaty Tech Garden».Инновациялық технологиялар паркінің Автономиялық кластерлік қорының қатысуымен іске асырылуда.

9 қарашада «Инновациялық апталық» Алматыда жас инноваторларды оқыту, оларды жыл сайынғы «Startup Day» (Стартап күні) күніне дайындау мақсатында семинарлар  топтамасын ұйымдастырудан басталады.

10 қарашада ең тәуір Startup Day стартап-жобалар мемлекет және инвесторлар тарапының бұдан былай қаржыландыруына  ұсынылатын болады.

11 қарашада Алматы қаласында Showcase (демонстрация проектов «Парка Инновациялық технологиялар паркінің» жобаларын көрсету) және жүзеге асырылу үстіндегі инновациялық кластер жобалары мен дамуы көрсетілетін  Tech Garden инкубаторының ресми ашылуы өткізіледі.

12 қарашада Астана қаласында «Қазақстан – жаңа жаһандық инновациялық хаб» тақырыбында Халықаралық инновациялық хаб (TechConnect.Tech.) өткізіледі.

13 қарашада «Инновациялар аптасы» Астана қаласында өтетін «Инновациялық технологиялар паркі» Автономиялық кластерлік қоры мен IBM компаниясының «IBM SolutionsConnect 2015сәтті пайдалан» тақырыбындағы бірлескен конференциямен аяқталады.

Ақпарат көзі

 
0
0
252

Работа консалтинг цента «Кеңес орталығы». Семинар-тренинг проводимый МК «Жас Отан» по Павлодарской области и АО «Фонд развития предпринимательства „Даму“ по Павлодарской области

Оказывая консультацию работникам крытого рынка и торгового дома «Караван», представитель «Кеңес орталығы» приглашал всех желающих принять участие в семинар-тренинге проводимого МК «Жас Отан» по Павлодарской области и АО «Фонд развития предпринимательства «Даму» по Павлодарской области. Который состоиться ә ноября в 10:00 часов по адресу: ул. Короленко 109, здание АО «Фонд развития предпринимательства «Даму». Всем желающим принять участие в семинар-тренинге обращаться по тел. 65-48-24

#Zhasotan
#Pavlodar_zhasotan
#жастаротанға
#кеңесорталығы

0
0
263

К.Мәсімов аймақ әкімдеріне әлеуметтік аз қамтамасыз етілгендерге қолдау көрсету шараларын қолға алуды тапсырды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов аймақ әкімдеріне әлеуметтік аз қамтамасыз етілгендерге айсайынғы берілетін әлеуметтік көмек көлемін арттыру арқылы қолдау көрсету шараларын қолға алуды тапсырды.

«Аймақ әкімдіктеріне штабтарды басқаруды,  жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік аз қамтамасыз етілген жандарға  айсайынғы берілетін әлеуметтік көмек көлемін арттыру арқылы қолдау көрсету шараларын қолға алу керек», - деп мәлімдеді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар, Премьер-Министр әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдері мен қызметтің бағаларының негізсіз қымбаттауын болдырмайтын құжаттар топтамасыз қабылдауды тапсырды.

«Сіздер мониторинг жүргізулеріңіз қажет, жалпы үйлестіру мен жедел шаралар бойынша Б.Сағынтаев, әлеуметтік мәселелер бойынша Б.Сапарбаев айналысатын болады», - деді К. Мәсімов.

Премьер-Министр: ҚР Үкіметі әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдері мен қызметтің бағаларының негізсіз қымбаттауын болдырмайды

«Инфляциялық таргеттеуге негізделген жаңа қаржы-несие саясатын жүзеге асыру стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруға - отандық экономиканың ұзақмерзімді өсіміне, инфляция деңгейінің төмендеуіне, халықтың әл-аухатының артуына оң әсер етеді», - деп сендірді К. Мәсімов.

Жалпы, Премьер-Министрдің айуынша, ҚР Үкіметі әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдері мен қызметтің бағаларының негізсіз қымбаттауын болдырмайды.

«Әрқашан мұнайдың, металлдың бағасы қымбаттаған уақыт бітті. Біздің болжамымызша алдағы 5-7 жыл біз басқа экономикалық жағдайда өмір сүретін боламыз. Біз мұнай бағасы бір барель үшін 30-дан 50 долларға дейін болатын баға санатында өмір сүруге үйренуіміз керек», - деді К.Мәсімов.

Премьер-Министрдің айтуынша, Қазақстанда өндірілетін мұнай, металл өнімдерінің бағасы өте төмен деңгейде болады. Сондықтан ҚР Үкіметі мен Ұлттық банк бұл жағдайда сәйкесінше қарсы әрекет ету керек.

«Біз жаңа экономика саясаты жағдайында Елбасы Н.Назарбаев айқындап берген – 5 институционалды реформаның бағыттары бойынша жұмыс істейтін болып шештік», - деп баса айтты К.Мәсімов.

Бұдан басқа, К. Мәсімов  баса айтқандай, бұл экономикалық трэнед ұзақмерзімді болып келеді  және 5-7 жылға есептелген.

«Біз таңдап отырған экономикалық трэнд – ұзақмерзімді екенін есепке алған жөн, ол 5-7 жылға арналған. Біз осыған келіп жеттік, ол реформаның құрылымдық бөлімінің бір бөлігі», – деді Үкімет басшысы.

Ақпарат көзі

 

0
0
395

К. Мәсімов: Қазақстан экономикалық саясатын дамыту барысында Канада мен Австралияның тәжірибесіне жүгінеді

Біз экономикалық саясатымызды дамыту барысында Канада мен Австралияның тәжірибесіне жүгінетін боламыз, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысында.

«Әрине, еркін ағым жүйесі –біз үшін жаңа процесс. Біз өзге мемлекеттердің тәжірибесін зерттедік, біздің экономикалық құрылымымыздың ерекшелігін ескере отырып осы бағытты дұрыс деп есептейміз. Сондықтанда біз экономикалық саясатымызды дамыту барысында Канада мен Австралияның тәжірибесіне жүгінетін боламыз. Олар бізге ұқсайды және бізден дамудың жоғары деңгейінде», – деп мәлімдеді Премьер-Министр.

Бұдан басқа, К. Мәсімов  баса айтқандай, бұл экономикалық трэнед ұзақмерзімді болып келеді  және 5-7 жылға есептелген.

«Біз таңдап отырған экономикалық трэнд – ұзақмерзімді екенін есепке алған жөн, ол 5-7 жылға арналған. Біз осыған келіп жеттік, ол реформаның құрылымдық бөлімінің бір бөлігі», – деді Үкімет басшысы.

«Бүгін Үкімет отырысында аймақ әкімдіктеріне штабтарды басқаруды,  жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік аз қамтамасыз етілген жандарға  айсайынғы берілетін әлеуметтік көмек көлемін арттыру арқылы қолдау көрсету шараларын қолға алу бойынша тапсырмалар берілді.  Жалпы, ҚР Үкіметі жақын арада әлеуметтік маңызды тауарлардың негізсіз қымбаттауын болдырмайды», - деп мәлімдеді Үкімет басшысы.

«Әрқашан мұнайдың, металлдың бағасы қымбаттаған уақыт бітті. Біздің болжамымызша алдағы 5-7 жыл біз басқа экономикалық жағдайда өмір сүретін боламыз. Біз мұнай бағасы бір барель үшін 30-дан 50 долларға дейін болатын баға санатында өмір сүруге үйренуіміз керек», - деді К.Мәсімов.

Премьер-Министрдің айтуынша, Қазақстанда өндірілетін мұнай, металл өнімдерінің бағасы өте төмен деңгейде болады. Сондықтан ҚР Үкіметі мен Ұлттық банк бұл жағдайда сәйкесінше қарсы әрекет ету керек.

«Біз жаңа экономика саясаты жағдайында Елбасы Н.Назарбаев айқындап берген – 5 институционалды реформаның бағыттары бойынша жұмыс істейтін болып шештік», - деп баса айтты К.Мәсімов.

«Бүгінде әлем экономикасындағы жағымсыз факторларды есекеретін болсақ, Үкімет пен Ұлттық банк бірлесіп ұзақмерзімді экономика өсімімі мен жұмыспен қамту мәселесін қамтамасыз ету мақсатында құрылымдық реформалар жиынтығын жасақтауда. Елбасының Ұлттық банкке берген  тапсырмасын орындау мақсатында болшақта орташа мерзімде инфляциялық таргеттеуге көшу бойынша шаралар кешені жүзеге асырылады», - деп мәлімдеді Үкімет басшысы.

К. Мәсімов еске салып өткендей, ағымдағы жылдың 15 шілдесінде Ұлттық банк валюталық дәлізді кеңейту туралы шешім қабалдаған болатын Себебі экспорттық табыстың төмендеуі республикалық бюджетке және еліміздің төлем балансына кері әсерін тигізуде.

Ақпарат көзі

 

0
0
348

Ұлттық банк пен ҚР Үкіметі валюталық дәлізді алып тастау және еркін айырбас бағамына көшу туралы шешім қабылдады

Ұлттық банк пен ҚР Үкіметі валюталық дәлізді алып тастау және еркін айырбас бағамына көшу туралы шешім қабылдады, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысында.

«Бүгінде әлем экономикасындағы жағымсыз факторларды есекеретін болсақ, Үкімет пен Ұлттық банк бірлесіп ұзақмерзімді экономика өсімімі мен жұмыспен қамту мәселесін қамтамасыз ету мақсатында құрылымдық реформалар жиынтығын жасақтауда. Елбасының Ұлттық банкке берген  тапсырмасын орындау мақсатында болшақта орташа мерзімде инфляциялық таргеттеуге көшу бойынша шаралар кешені жүзеге асырылады», - деп мәлімдеді Үкімет басшысы.

К. Мәсімов еске салып өткендей, ағымдағы жылдың 15 шілдесінде Ұлттық банк валюталық дәлізді кеңейту туралы шешім қабалдаған болатын Себебі экспорттық табыстың төмендеуі республикалық бюджетке және еліміздің төлем балансына кері әсерін тигізуде.

«Осы ретте экономикалық саясат  өндірістің құлдырауын, инвестициялық және несиелік белсенділіктің төмендеуін, жұмыссыздықтың артуын болдырмау мақсатында әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталады», - деп жалғастырды ҚР Премьер-Министрі.

Оның айтуынша, жаңа экономикалық саясат бүгінгі экономикалық жағдайда жаңа қаржы-несие саясатын қажет етеді.

«Осы ретте Ұлттық банк пен ҚР Үкіметі 2015 жылдың 20 тамызынан бастап жаңа қаржы-несие саясатына көшеді. Шектелген валюталық дәлізді алып тастайды», - деп мәлімдеді К. Мәсімов.

Бір сөзбен айтқанда, ҚР Үкімет басшысының айтуынша, теңгенің айырбас бағамы нарықтық сұранысқа байланысты жасақталады.

Ұлттық банк теңгенің нарықтық айырбас бағамының қалыптасуына араласпайды, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов.

«Ұлттық банк теңгенің нарықтық айырбас бағамының қалыптасуына араласпайды. Алайда өзіне еліміздің қаржы жүйесіне тұрақсыздану қаупі  төнген тұста валюталық интервенцияны жүргізу арқылы ішкі валюталық нарыққа қатысу құқығын қалдырады», - деп мәлімдеді Үкімет басшысы.

Премьер-Министр түсіндіріп кеткендей, айырбас бағамының нарықтық сұраныс негізінде қалыптасуы экономикалық өсімнің қалпына келуіне, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына, несиелік және инвестициялық белсенділіктің артуына, инфляция деңгейінің орташа мерзімде 3-4%-ға дейін төмендеуіне сеп болады.

Ақпарат көзі

 

0
0
279

Қазақстан жаңа экономика саясаты жағдайында Ұлт жоспарының бағыттары бойынша жұмыс істейтін болады – ҚР Премьер-Министрі

Біз жаңа экономика саясаты жағдайында – 5 институционалды реформаның бағыттары бойынша жұмыс істейтін болып шештік, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.

«Әрқашан мұнайдың, металлдың бағасы қымбаттаған уақыт бітті. Біздің болжамымызша алдағы 5-7 жыл біз басқа экономикалық жағдайда өмір сүретін боламыз. Біз мұнай бағасы бір барель үшін 30-дан 50 долларға дейін болатын баға санатында өмір сүруге үйренуіміз керек», - деді К.Мәсімов.

Премьер-Министрдің айтуынша, Қазақстанда өндірілетін мұнай, металл өнімдерінің бағасы өте төмен деңгейде болады. Сондықтан ҚР Үкіметі мен Ұлттық банк бұл жағдайда сәйкесінше қарсы әрекет ету керек.

«Біз жаңа экономика саясаты жағдайында Елбасы Н.Назарбаев айқындап берген – 5 институционалды реформаның бағыттары бойынша жұмыс істейтін болып шештік», - деп баса айтты К.Мәсімов.

«Аймақ әкімдіктеріне штабтарды басқаруды,  жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік аз қамтамасыз етілген жандарға  айсайынғы берілетін әлеуметтік көмек көлемін арттыру арқылы қолдау көрсету шараларын қолға алу керек», - деп мәлімдеді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар, Премьер-Министр әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдері мен қызметтің бағаларының негізсіз қымбаттауын болдырмайтын құжаттар топтамасыз қабылдауды тапсырды.

«Сіздер мониторинг жүргізулеріңіз қажет, жалпы үйлестіру мен жедел шаралар бойынша Б.Сағынтаев, әлеуметтік мәселелер бойынша Б.Сапарбаев айналысатын болады», - деді К. Мәсімов.

«Жаңа бюджеттік саясат аясында біз барлық тапсырмаларымыз орындап келеміз. Республикалық бюджеттің алдағы үш жылдық жоспарында барлық шығындар оңтайландырылады. Жаңа жоба барлық әлеуметтік міндеттемелердің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді», - деп сендірді ол.

Министрдің айтуынша, мемлекеттік сатып алулардың басым бөлігі бірінші жарты жылдықта жүзеге асырылды.

«Бізде барлық бюджеттік міндеттемелер жыл соңына дейін толығымен өтелетініне еш күмән жоқ. Бүгінде біз барлық міндеттемелердің 65-70% қаржыландырып үлгердік. Жыл соңына дейін 2,8 трлн теңгені өтеу қалды және ешқандай проблема жоқ», - деп баса айтты министр.

«Бүгін Үкімет отырысында аймақ әкімдіктеріне штабтарды басқаруды,  жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік аз қамтамасыз етілген жандарға  айсайынғы берілетін әлеуметтік көмек көлемін арттыру арқылы қолдау көрсету шараларын қолға алу бойынша тапсырмалар берілді.  Жалпы, ҚР Үкіметі жақын арада әлеуметтік маңызды тауарлардың негізсіз қымбаттауын болдырмайды», - деп мәлімдеді Үкімет басшысы.

Ақпарат көзі

 

0
0
346

Тәңертеңгі сессиядағы сауда нәтижесі бойынша 1 долларға баға 255,23 теңге болып орнықты – Келімбетов

Теңертеңгі сессиядағы сауда нәтижесі бойынша 1 долларға баға 255,23 теңге болып орнықты, сонымен қатар 115 млн доллар сатылды, деп хабарлады Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.

«Теңертеңгі сессиядағы сауда нәтижесі бойынша 1 долларға баға 255,23 теңге болып орнықты, сонымен қатар 115 млн доллар сатылды. Бұл еркін айналымға көшкеннен кейінгі алғашқы нәтиже», – деді ол.

Оның айтуынша, ол бекітілген бағам емес.

«Бұрын бізде бекітілген бағам тәжірибесі қолданылатын, бүгінде біз еркін айналымға көштік. Яғни теңгенің бүгінгі құнын сұранысқа байланысты нарық өзі белгілейді», – деді Қ. Келімбетов.

«Бағамның өзгеруі бағамның әлсіреуіне және нығаюына қарай құбылып тұрады. Біз нарықтың дейгейдің қалыптасуыны араласпаймыз. Алайда өзімізге еліміздің қаржы жүйесіне тұрақсыздану қаупі  төнген тұста валюталық интервенцияны жүргізу арқылы ішкі валюталық нарыққа қатысу құқығын қалдырамыз», - деп мәлімдеді Келімбетов.

Сонымен, Ұлттық банк басшысының айтуынша, жаңа қаржы саясатын жүзеге асыру ҚР Үкіметі жасақтаған  стратегиялық экономикалық міндеттерді жүзеге асыруға септігін тигізеді.

«Жаңа экономикалық саясат бүгінгі әлемдік экономикадағы жағымсыз жағдайларға жауап болып табылады», - деп түйді Қ. Келімбетов.

ҚР Үкіметі 5 институционалды реформаның құрамына кіретін мықты шаралар жиынтығын жасақтады, олар экономиканы әртараптандыруға, дамытуға, сыртқы тұрақсыздықтарға дайын болуы мүмкіндік береді, деп ағынан жарылды Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов.

«Бүгінде біз жаһандық экономикалық шынайылықты байқап отырмыз, оның ішінде мұнай бағасының диапазоны да бар. Жалпы шикізатқа бейімделген мемлекетер үшін, оның ішінде бізге Қазақстанға да ол өте маңызды. Біз Ресей мен Қытай нарығындағы белгілі бір қиындықтарды да көріп отырмыз», – деді Қ. Келімбетов.

Ұлттық банк басшысы атап өткендей, бүгінде әлемдік валюта секторына қарсы АҚШ доллар бағамының нығайғанын күтіп отыр.

«Еуро соңғы уақыттары  20%-ға әлсіреді. 5–10 жыл ішінде жағдай мүлдем басқа болады, әр мемлекет өз жауабын дайындауда – мемлекеттің экономикалық саясаты. ҚР Үкіметі 5 институционалды реформаның құрамына кіретін мықты шаралар жиынтығын жасақтады, олар экономиканы әртараптандыруға,  дамытуға,  сыртқы тұрақсыздықтарға дайын болуға мүмкіндік береді», – деді Қ. Келімбетов.

Ақпарат көзі

 

0
0
375