Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Блогинг негіздері

Түрлі кәсіп пен қызметте жүрген жиырма жас адамды  бір мәселе біріктірді: өз жобаларын интернет желісінде  қалай дамытып,  оны көпшілікке тарату.  Ғаламдық торда сайт, блогтар арқылы өзінің ойларын іске асырудың маңыздылығын интернет-қолданушыларға Алексей Браво ретінде танылған Алексей Кубрак айтты. Интернет бойынша жобаны кез келген ілгерілету негіздерінің бірі - медиа материалдар, бейресми әңгіме арқылы ол осы жұмыстың өзгешеліктерін анықтады.

Тындармандар желіде жарнамалаудың түрлі тәсілдері туралы егжей-тегжейлі түсінік алды. Сонымен қатар, Алексей өзінің блоктау тәжірибесімен бөлісті. Бұл үлкен қызығушылық туғызды, себебі кездесуге қатысқандардың көпшілігінде өз қызметтері туралы танылмаған блогтары бар. Қатысушылардың айтуы бойынша өз ісінің тәжірибелі маманымен өткен бұл кездесу оларды жаңа істер мен идеяларға шабыттады. Кейбіреуі шынымен де өз блогтарын толықтай өзгертуді ойлауда.

 
1
0
380

Осы тақырып бойынша