Мазмұнға өту

Жаңа

БҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментіндегі семинар-кеңес.

2015 жылдың 27 қазанында Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігі тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департамент мамандарының құқықтық сауатталығын арттыру мақсатында сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбында семинар-кеңес оздырылды. Семинар-кеңесте Департаменттің мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы А.Жұбаныш, мемлекеттік қызмет өткеру бөлімінің басшысы М.Мырзаш «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарынан туындайтын кәсіби, автономды мемлекеттік аппарат қалыптастыру, «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының жаңа жобасы, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының мақсаты мен міндеттері және оның жүзеге асырылуы туралы, Қылмыстық Кодекстің сыбайл…

0
0
392

консультации для молодежи в консалтинг центре «Кеңес орталығы»

Специалист МК «Жас Отан» ведет консультации для молодежи по реализующимся государственным программам, в том числе «Жастар тәжірибесі», «Сәтті қадам», «Молодежный кадровый резерв», рассказывает о деятельности молодежных организаций регионального и республиканского уровня.

Ждем Вас по адресу: ул. Камзина 171, ТД «Караван»

0
0
259

Студенттер қатарына қосылу

Жастарға қызмет көрсету орталығының холында мерекелік көңіл орнады. Түрлі түсті шарлар, қарқынды әуен, жарқын бейнелі, әзілді плакаттар, барлығы да студенттік тақырыпты танытып тұрды. Ал міне, хол енді салтанатты рәсім кейіпкерлеріне – бірінші курс студенттеріне толды.

Павлодар қаласының басқару колледжі өзінің жаңа тәрбиеленушілеріне нағыз  студент қатарына қосылу шарасын ұйымдастырды. Сахнада ұядан ұшқалы тұрғандардан тілек сөздер естілді. Ұстаздар студенттер жайлы жүргізушілердің қисын сұрақтарына жауап бергенінен өз тәрбиеленушілерін әлде қайда жақсы танып үлгергенін байқадық. Кештің соңында «Апрель» рок тобы шығып өнер көрсетті. Бұл топ мүшелері де басқару колледжінің студенттері.

0
0
690

Н.Раззак: ҚР Конституциясы балаларға өмір сүру құқығы мен еркіндікті және отбасында тәрбиеленуді кепілдендіреді

Астана қаласы жасөспірімдер істері бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы, заң ғылымдарының кандидаты Нәзилә Раззак «Strategy2050.kz» АА берген эксклюзивті сұхбатында Қазақстан Республикасы Конституциясының бала құқығына байланысты кепілдемелері туралы әңгімелеп берді. Ағымдағы Қазақстан Конституциясының 20 жылдығын атап өтеді. Ел Конституциясының 12 бабында адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепiлдiк берiледi. Адам құқықтары мен бостандықтары әркiмге тумысынан жазылған, олар абсолюттi деп танылады, олардан ешкiм айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады. Алайда балалар өз жастарының ерекшелігіне байланысты заңды құқығын толығымен өз бетінше қолдана алмайды. Біздің сұхбатымызда Нәзилә…

0
0
421

Астанадағы қоғамдық көліктер үшін жеңілдікті санаттағы азаматтарды фототіркеу 2015 жылдың тамыз айының соңына дейін ұзартылды

Астанадағы қоғамдық көліктер үшін жеңілдікті санаттағы азаматтарды фототіркеу жобасы 2015 жылдың тамыз айының соңына дейін ұзартылды, деп хабарлады «Астана LRT» ЖШС баспасөз хатшысы Айгүл Жамалова брифингте. 2015 жылдың тамыз айының 1-нен бастап Астана қаласында жеңілдікті санттағы азаматтарды ақысыз фототіркеу жобасы басталған болатын. Бұл үрдіс жергілікті әкімдіктің қолдауымен қоғамдық көлікте жол ақысын электронды түрде төлеу жүйесін енгізу шарасының шеңберінде өткізіліп жатыр. «Естеріңізге сала кетейін, жеңілдікті санаттағы азаматтар қатарына: ҰОС ардагерлері мен қатысушылары; зейнеткерлер; отбасы асыраушысынан айырылуға байланысты мемлекеттік әлеуметтік ақы алушылар; көпбалалаы жанұялар; физикалық мүмкіндігі шектеулі жандар; 16-қа дейінгі мүгедек балалар жатады», - деді А.Жамалова. О…

0
0
341

ҚР-да ЖҚЖК аясында шамамен 82 мың адам жұмысқа орналастырылды – ДСӘДМ

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі тұрғындарды жұмыспен қамту үшін белсенді түрде шараларды қолдануда. Ағымдағы жылдың басынан бастап «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының аясында 82 мыңға жуық адам, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 63 мың, уақытша жұмыс орындарына 18,8 мың азамат жұмысқа орналастырылды, деп хабарлады ҚР ДСӘДМ. Аталып өткендей, 2015 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша 513 жобаның жүзеге асырылуы қолға алынып, оның 151-і өз жұмысын аяқтады. 6,6 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды. Екінші бағыттың аясында 2,2 мың адам кәсіпкерліктің негіздері бойынша оқыды. Оның ішінде 2063 қатысушы 4,8 млрд. теңге сомасына несие алды, оның 1377-і тұңғыш рет өз бизнесін ашты, 911 қайтарылған қаражат есебінен микронесие алды. Несие а…

0
0
234

Б.Сапарбаев: Алматы Қазақстанның барлық өңірлеріне білім саласында үлгі болуы тиіс

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Алматыға барды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Сапар барысында вице-премьер мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуымен, жаңа оқу маусымына дайындығымен танысып, Алматының қысқы Универсиада-2017-ге дайындық барысын тексерді, сондай-ақ Азиада нысандарын пайдаланудың тиімділігін тексерді. Атап айтқанда, ол «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешенін қарап шығып, Универсиада нысандарын таныстыру өткен салынып жатқан Мұз ареналарын, сондай-ақ 5 мың спортшыны қабылдауға арналған Атлеттер ауылын аралады. Сонымен бірге, Б.Сапарбаев республикалық және қалалық қан орталықтарын, жалпы білім беретін мектепті, спорт сарайын және Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайын аралап, денсаулық сақтау мен білім…

0
0
237

Н. Назарбаев: Бәсекелестікті қалпына келтіру арқылы еліміз кәсіпорындардағы жұмыс орындарын сақтап қала алады

Бәсекелестікті қалпына келтіру арқылы біз кәсіпорындардағы жұмыс орындарын сақтап қала аламыз, деп мәлімдеді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордадағы елімізді ірі өндірушілерімен кездесу барысында. «Үкімет пен Ұлттық банктың қабылданған шешімі экспорттаушылардың, «Атамекен» ҰКП мен шағын және орта бизнес өкілдерінің өтініші негізінде қабылданды. Бәсекелестікті қалпына келтіру арқылы біз кәсіпорындардағы жұмыс орындарын сақтап қала аламыз», - деп сендірді ҚР Президенті. Н. Назарбаев атап өткендей, Қазақстанда миллиондаған адамдар өз жұмыс орындарын сақтап қалып, жұмысын одан ары жалғастыруда. «Экспорттаушы кәсіпорындарда қалыптасқан жағдай оның жұмысшыларының жалақысына әсер етпеу керек, келешекте жағдай жақсарады деген ойдамыз, ол бізге еліміздің экономикалық өсімін қамтамасыз етуг…

0
0
293

WorldSkills Competition халықаралық техникалық мамандықтар чемпионатында колледж студенттерінің ұлттық құрамасы жеңіске жетті

WorldSkills Competition халықаралық техникалық мамандықтар чемпионатында колледж студенттерінің ұлттық құрамасы жеңіске жетті, деп хабарлады ҚР БҒМ баспасөз қызметі. Аталып өткендей, Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің тарихында алғаш рет, еліміздің колледж студенттері Сан-Пауло (Бразилия) қаласында 11-16 тамыз аралығында өткен, WorldSkills Халықаралық техникалық Конкурстың, чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Құраманың чемпионатқа қатысуы ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Ұлттық оператор «Кәсіпқор» Холдингінің қолдауының арқасында өткізілді. Әлемнің түкпір-түкпірінен 1200-ден астам қатысушылар үздік деген атақ үшін түрлі құзыреттіліктерде жарысты. Қазақстан құрамасын Әлемдік аренада WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионаттың жеңімпаздары таныс…

0
0
602

Н. Назарбаев: Инфляциялық таргеттеуге көшу – мәжбүрлік

Инфляциялық таргеттеуге көшу – ол мәжбүрлік, бүгінгі жағдайда бізде басқа таңдау болмады, жан-жақты сараптай келе теңгенің еркін бағамына көшуді дұрыс деп шештік, деп мәлімдеді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордадағы еліміздің ірі өндірушілерімен кездесу барысында. «Бүгінде жұмысқа орналасу, жалақыны төлеу жағдайы нашарлап барады. Бүгіннің өзінде бюджетпен байланысты жағымсыз жағдайларды байқап отырмыз. 2015 жылы бағалау бойынша бюджетке 264 миллиард теңге қаржы түспей қалған. Ал, бұл қаржының барлығын біз көптеген құрылыс жұмыстарына, бағдарламаларға шығындауды жоспарлаған болатынбыз. Осыған дейін хабарлағанымдай, біз өзіміздің барлық шығындарымызды барыншы қысқартуға мәжбүр болдық, әрине әлеуметтік шығындарды алмағанда», - деді Елбасы. Н. Назарбаев атап өткендей, мұндай жағдайда…

0
0
354