Мазмұнға өту
sakenkalkamanov

Saken Kalkamanov

@sakenkalkamanov

Сайтта 2012 ж. 6 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

5

пікірлер

2

тіркелуші

1 504

жазылымдар

0

Сауат ашу & Сауатсыздықты жою

Кейінгі кездері жиі сынға ілінгеніне қарамастан, Білім министрлігі жасап жатқан жұмыстардың жеке басыма қатысты жағымды тұстарын атап өткенді жөн көрдім. (Қызым мен ұлым мектепке барады).Алғашқысы- бірінші сыныпқа арналған оқулықтардың сапасы. Кітаптар әлдеқайда жеңіл, әрі мұқабасы жұқарды. Оқулықтардағы материалдар өмірден алынған түрлі мысалдар негізінде беріледі. Математика пәні оқулығының бірінші бөлімінде балаға заттарды түрлі-түсті етіп бояп,оларды санау ұсынылады.Екіншісі – баламның сынып жетекшісі мерекелерде сыйлық алудан үзілді-кесілді бас тартуда. Ата-аналардың чатында мұғалімнің психикалық саулығы жайында талқылануда. Біртүрлі, жабайы ата-аналар пара бермесе, тұра аламайтындай халге жеткен. Жуырда БҒМ-нің мұғалімдерге сыйлық жасауға тыйым салғаны жайында білдім. Алайда, мұғалі…

0
0
1390

Бағаны нарық реттейтін болады

Жаңа жылдан бастап әлеуметтік нанның бағасын нарық реттейтін болады. Бұған дейін нан бағасын Үкімет бақылауда ұстаған еді. Бірақ нарықтың талабы, қазіргі қаржылық жағдай нан бағасының да еркін айналымға түскенін дұрыс деп санайды. Әрине, қазіргідей дағдарыс кезінде нанның бағасы еркін айналымға түссе, бұрынғыға қарағанда, қымбаттамаса арзандамасы мәлім. Ал бұл ретте Үкімет әлеуметтік жағынан аз қамтылғандарға тиісті көмек көрсетпек. Қазіргі күні нан бағасын тұрақты ұстап тұру үшін мемлекеттік бюджеттен арнайы субсидия бөлініп отыр. Мәселен, 2014 жылдан бері қарай бұл мақсатқа мемлекеттік бюджеттен 17 млрд. теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, қазіргі астық өндірушілерді субсидиялау жүйесі саладағы бәсекелестікті тежеуде. Өйткені, мемлекеттің көмегін әдетте ірі…

0
0
583

Ет экспортын дамытуға мүмкіндік мол

Бүгінде республика Үкіметі ет экспорты әлеуетін көтеру жөнінде түбегейлі шаралар мен жобалар белгілеп отыр. Мұндай іргелі қадамдар Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ірі қара малы етін сыртқа көбірек шығаруға байланысты тапсырмасынан кейін жаңаша серпін алды. Бұл бағытта өте қысқа уақыт аралығында арнайы бағдарламалар қабылданып, соған сәйкес қажетті қаражат көздері қарастырылды. Бұған қоса Елбасы Қазақстан таяудағы жылдарда қанша тонна ірі қара етін экспортқа шығара алатыны жөнінде де ашық мәлімдеді. Бұл деректі оқырмандар назарына тағы бір қайтара сала кетер болсақ, еліміз 2016 жылға дейін 60 мың тонна ірі қара етін экспорттауы керек. Шынтуайтына келгенде, бұл қалпақпен ұрып ала қоятындай жеп-жеңіл іс емес. Осы үлкен жобаға рес­публика өңірлері қандай үлес қоса алады? Осындай басы ашық са…

0
0
525