Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті: 2015 жылдың 9 айында құқықтық статистика органдарынан 1732 мұрағаттық анықтама мен мұрағаттық құжаттың көшірмесі берілген.



Есірткіден азат қоғамды қалыптастыру, жастар арасында саламатты және салауатты өмір салтын насихаттау, бүкіләлемдік зұлматқа айналып отырған дерттің кең етек алуын болдырмау мақсатында республика көлемінде «Өз өміріңді көркемде!» акциясы өтуде. Аталған акция шеңберінде 2015 жылдың 30 қазанында сағат 15.00-16.00 аралығында Қызылорда қаласының орталық алаңынан бастап, қала көшелерін аралай отырып, автокөліктер шеруі жүріп өтетін болады. Шара одан кейін 31 қазанда жалғасын тауып, сағат 15.00-16.00 аралығында Қызылорда қаласының орталық алаңынан бастау алып, А.Тоқмағанбетов атындағы Мәдениет үйіне дейін (Желтоқсан, одан кейін А.Тоқмағанбетов көшелерімен жүре отырып) жаяу шеру жүріп өтеді. Шеруге қаладағы барлық орта, арнаулы орта, жоғары оқу орындарының білім алушылары, медицина саласының қыз…
2015 жылғы 27 қазан күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен, бірлесе Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы «Жастар арасындағы құқықбұзушылық пен сыбайлас жемқорлықты ескерту және алдын алу мәселелері!» тақырыбында семинар өтті.
2015 жылдың 24-30 тамыз аралығында Қазақстанның елордасы — Астана қаласында елімізде алғаш рет әлем біріншілігі өткізіледі., деп хабарлады ҚР МСМ баспасөз қызметі. Аталып өткендей, Оған 137 мемлекеттен 823 спортшы (495 ер мен 328 қыз) қатысады деп жоспарланған. Сонымен бірге, елордаға 1000-ға жуық қонақ келеді деп күтілуде. Олардың ішінде бапкерлер мен федерация басшылары және басқа да лауазым иелері бар. Байрақты бәсеке барысында жұмыс істеу үшін 200 журналист тіркеуден өтуге өтініш жасады. Бұл чемпионат Олимпиада қарсаңында өткізілетіндіктен, барлық мемлекеттер үшін маңызды болып табылады. Әлем біріншілігі «Алау» мұзайдыны сарайында өткізіледі. Жарыс ерлер мен қыздар арасында 7 салмақ дәрежесі бойынша ұйымдастырылады және соңғы күні командалар өзара сынға түседі. Осы әлем бірінішілігі а…
Жақсы болсын жұбайың.
Ырысы қалың жігіттің қатыны - шаруа, томпаңдап
Жаман қатын көп ұйықтар, оятсаң - араз, қоңқаңдап.
Көргенді жерден қыз алсаң, атыңды ерттер жүгендеп,
Далаға жүрер уақытта, керектісін түгендеп,
Түнде көрсең - күндіздей, көңілің құшақ сүйеңдеп,
Көрсетеді көзіңе былтырғы берген инең деп
Құрала берер дүниең көп,
Билікті салсаң соған сал.
Бір сөз айтпа бұл нең деп,
Жаман болса қатының,
Ұқсайды тілі шешекке,
Ызаға толар қос өкпе,
Бір жұмысты қылғанша,
Жолықтырар кесекке,
Жамбасың үйір боп кетер
Жатқанда қатты төсекке
Қаншама жақсы сөз айтсаң
Алмайды оны есепке
Арманда өтер өмірің
Артылғандай есекке
Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Өткен сенбі күні Алматының Қала құрылысы кеңесіне меценаттар Бостандық ауданының аумағында халықаралық деңгейдегі Мұражай салу жөніндегі әлеуметтік жобаны ұсынған болатын, деп хабарлады қалалық әкімдік. «Museum of Modern Art» ҚҚ-ның осы жобаны жасаушылары туризмнің халықаралық орталығы болып табылатын қаланың беделін одан әрі көтеруді көздепті. Құрылыс нысаны Ботаникалық баққа жақын аумақта бой көтереді, оған бөлінген жер көлемі 2,17 гектар, Әл – Фараби даңғылының солтүстігі. Қалалық кеңес мүшелері айтып өткендей, болашақта салынған мұражай Дендрапарктің дамуына оң ықпал етіп, Ботаникалық баққа енудің кіреберісі болады. Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі күнге дейін Ботаникалық бақтан Әл- Фараби даңғылына шығатын жол жоқ. Жоба бастамашыларына қойылған басты талап – салынатын мұражай кешені…
Бүгін Астанада VI Халықаралық инвестициялық форумының бірінші күні өтіп жатыр. Аталған шараға қатысу үшін елордаға Еуропа, ТМД мен Азия мемлекеттерінен делегаттар келді. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды. Форум аясында қатысушылар «Аstana Solar» ЖШС фотоэлектрлі модульдер мен күн батареясын шығаратын зауытты аралады. Кәсіпорын өкілдері қонақтарды қарсы алып, зауыт жұмысымен толыққанды таныстырды. Күн батарея өнімін шығару Қазақстанда үш кезең бойынша жүзеге асырылады. Алматы облысы Үштөбе қаласында кремний өндіріліп, Өскемен қаласында негізгі шикізат көзі дайындалып, Астанаға күн ұяшықтары түрінде жеткізіліп, күн модульдері дайындалады. Зауыттың өнімділігі сағатына 30 модульді, тәулігіне 240 модульді құрайды. Кәсіпорын жылына қуаттылығы 50 МВт-тық дайын фотоэлект…
Қарағандылық физиктер қымбат тұратын құрылғылардың төзімділігін арттыратын тәсілді ойлап тапты. Жаңа технология тау-кен, мұнай және энергетикалық компанияларды жабдықтауға кететін шығындарды екі есеге азайтады. Қазір ғалымдар қарағандылық жылу электр орталығындағы көмір ұнтақтайтын диірменнің төзімділігін арттырумен айналысып жатыр. Алдымен құрылғының бөлшектері тазартылып, одан кейін электрондық-сәуле балқымасынан өткізіледі. Соңында құрылғының үйкелісін азайту үшін оның сыртын арнайы жабындымен жабады. Мұндай тәсіл ғалымдардың айтуынша, құрылғының төзімділігін бес есеге арттырады. Виктор Юров, ҚарМУ ғылыми-зерттеу орталығының директоры: - Біз материалдарды қаптау тәсілін тауып алдық. Бұл тәсіл Қазақстанда патенттелген. Жаңа технология балқыма қаптау ұнтақтары арқылы кез келген құрылғыны…
Сотүстік Қазақстан облысының әкімі Ерiк Сұлтанов жұмыс сапарымен Шал ақын ауданында болды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі. Шал ақын ауданында орақ науқаны басталды. Облыс әкiмi жұмыс сапарымен осы ауданда болып, диқандармен кездестi. Ең алдымен, өңiр басшысы «Азко Жаңажол» ЖШС егiн алқаптарында болып қайтты. Диқандар орақ науқанына толық даяр. Қауызынан шығып тұрған сары алтынды жиюға, техника паркi де қол күшi де жетерлiк көрiнедi. Жалпы диқандар қауымы арық айтып семiз шыққанды жөн көредi. Жағдайды сұрай қалсаң әлiптiң артын бағып, «ауа райы жақсы болса» — деп жауап қатады. Жалпы аудан бойынша 231 мың гектар жерге ырыс дәнi сiңiрiлген. Оның 17,5 гектары майлы дақылдар болса, 185 мың гектары дәндi-дақылдар, 22 мың гектарға бiржылдық шөп себiлдi. Жоспар бойынша гектар берекелiл…