Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов WBA (Interim) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атағын иеленді

Монте-Карлода жеңіл салмақ дәрежесінде (53,5 келіге дейін) қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов пен венесуэлалық Йонфрес Парехо арасындағы жекпе-жек аяқталды.

12 раундқа созылған кездесуде төрешілер шешімі бойынша қазақстандық боксшы жеңіске жетіп, WBA (Interim) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атанды.

Осылайша Жанат Жақиянов кәсіпқой рингтегі өзінің 26-шы жеңісіне (19-ы нокаут) қол жеткізді.

0
0
236

«Сөздің пірі – Сүйінбай». Халықаралық ақындар айтысы. 2-бөлім

Сүйінбай Аронұлының 200 жылдығына арналған айтыстың 2-бөлімін бүгін сағат 13:10-да көріңіз.

Мұхтар Әуезов Сүйінбай Аронұлына «Айтыс өнерінің алтын діңгегі», деп бекер баға бермесе керек. Ел тағ­ды­рын толғап, шежіремізді шебер тіл­мен шер­тіп, тарих тереңіне бойлаған Сүйінбай ақынның шынында алтын діңгек екені ақиқат.

Осыдан біраз уақыт бұрын Талдықорғанда Сүйінбай Аронұлының 200 жылдығына арналған «Сөздің пірі – Сүйінбай» атты халықаралық ақындар айтысы өтті.

Айтысқа  арысы Қытай, Моңғолия мен Қырғыздан, берісі еліміздің әрбір өңірінен 20-ға жуық ақын қатысты.

Жыр додасының телевизиялық нұсқасының 2-бөлімін  бүгін Ұлттық арнадан сағат 13:10-да тамашалай аласыздар.

0
0
2180

«Айгөлектің» концертін көріңіз

Бүгін сағат 12:05-те Ұлттық арнада.

Балалардың музыкалық мәдениетін дамытуға арналған «Айгөлек» концерттік жобасының өтіп келе жатқанына біраз болды. Талай бүлдіршіннің жұлдызының жануына мүмкіндік берген жобаға қызығушылар да көп.

Байқаудың мақсаты - балалардың бойында көркемдік-эстетикалық талғам қалыптастырып, олардың шығармашылығының дамуына атсалысу.

Қатысушылар «Бүлдіршіндер әні», «Жасөспірімдер әні», «Вокалдық топ», «Дәстүрлі ән» және «Би» аталымдары  бойынша сынға түседі.

Бүгін Ұлттық арнадан сағат 12:05-те «Айгөлек» қатысушыларының спорт тақырыбына арналған концертін көріңіз.

0
0
277

«Күміс көмей, жез таңдай». Концерт

Жас дарындар кешін бүгін 18:15-те көріңіз.

Жуырда Алматыда талантты жастарды қолдау мақсатында «Күміс көмей, жез таңдай» атты ән байқауы өтті. Байқауға  3 аталым бойынша 200-ге жуық өнерпаз қатысқан.

Биыл  төртінші рет өтіп отырған сайыс қатысушыларының кәсіби деңгейі де өскен. Нағыз таланттыларды анықтау үшін Нұрғали Нүсіпжанов, Еркін Шүкімән, Сәкен Майғазиев сынды белгілі тұлғалар қазылық етті.

Өнерпаз жастарға ерекше серпін берген «Күміс көмей, жез таңдай» байқауының телевизиялық нұсқасын бүгін Ұлттық арнадан сағат 18:15-те тамашалай аласыздар.

0
0
549

«Қазақ Нұхтың тікелей мұрагері ма?»

Нұх пайғамбар ғ.с. кемесі Қазығұрттан кейін Нұр(Нұр Ата) тауына тоқтағаннан соң қазіргі қазақ сахарасында адамзаттың екінші өркениеті басталды. Нұх ұрпақтары көшпелі және отырықшы тіршілік мәдениетін қатар алып жүрді. Нұх баласы Ойша(Юша) сансыз бапты Сайрамда жерленуі соның жарқын айғағы. Нұх кемесінен түскен санаулы хайуанаттар да топан судан кейін жер-әлемге тап осы Нұр тауы атырабынан тарқалды. Мың жастағы Нұхтың батасын алған ұрпақтары таухид жолымен жүріп, кәсіптерін жаңғыртты, тілдерін дамытты, мәдениетін өркендетті. Төрт түлік үй жануарлары Нұхтықтарға айрықша береке дарытты. Ақ молайды, қарын тоғайды. Үш тайпаға бөлінген Нұх ұрпақтары саны көбейген сайын шұрайлы жерлерге тұрақты қоныстанып, жерді еміп, егіншілік, бау-бақшалық, дәнді-дақыл өсірушілік кәсіптерін жаппай игеру бастал…

1
0
1842

«Қазақта сыр сақтайтын адам бар ма?»

Қазақта "сыр" деген мағынасы өте терең сөз бар. "Сырластым", "сыр төктім", "сыр ақтардым", "сыр бөлістім", "сыр айттым", "сыр сақтадым", "сыр-сандық" дейді қазақ баласы. Міне, осы "сыр" сөзінің табиғатына үңіліп көрсеңіз әлмисақтан бергі бар кезеңді, уақыт өлшемін қамтитын ғажайып құбылыстарға тап боласыз. Жаратушы мен жаратылған мақлұқаттың арасындағы тікелей қарым-қатынасты айқындап беретін "жаратылыс сыры" қазіргі таңға дейін бүкіл адамзатты өз құпиясымен баурайды. Алла тағала мен Адам арасындағы сыр тіршіліктің барлық тылсымында өз көрінісін тапқан. Рухтың жаратылуы, тәннің жоқтан бар болуы, он сегіз мың ғаламның жаратылысы, рухтың әлмисақтан кейін ананың құрсағына түскен кездегі қараңғылық ахуалы, рухтың қабірдегі және ақыреттегі жағдаяты, рухтың нәпсі қажеттіліктерімен күресуі, рух…

1
0
5584

Господь есть Аруақ.

Представляю себе удивленное лицо казахов, прочитавших заголовок моего поста :) На самом деле, эта фраза не принадлежит мне. Она взята из Нового Завета, которые евреи перевели на свой родной язык, а конкретно 2-е послание к Коринфянам св. апостола Павла, глава 3, стихи 17-18, читаем сначала русский перевод этих стихов: Господь есть Дух; а где Дух Господень, там свобода.Мы же все открытым лицем, как в зеркале, взирая на славу Господню, преображаемся в тот же образ от славы в славу, как от Господня Духа. (Второе послание к Коринфянам 3:17,18) А теперь прочитаем еврейский перевод этих же стихов: יהוה הוּא הָרוּחַ וּבַאֲשֶׁר רוּחַ יהוה שָׁם הַחֵרוּת. אֲבָל אֲנַחְנוּ כֻּלָּנוּ בְּפָנִים מְגֻלִּים רוֹאִים בְּמַרְאָה אֶת כְּבוֹד יהוה וְנֶהְפָּכִים לְאוֹתוֹ צֶלֶם, מִכָּבוֹד אֶל כָּבוֹד, כְּמוֹ מִי…

1
1
491

«2015 жылдың 5 қарашадағы жағдайы бойынша 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің Кешенді жоспарын жүзеге асыру туралы ақпарат

2014 - 2015 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 821 объекті жоспарланған. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың қаорашадағы кезеңінде 437 объекті жекешелендіруге жатады. 2015 жылдың 5 қарашадағы жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 393 объекті шығарылды, оның ішінде 216 объекті сатылды, республикалық меншік бойынша - 11, коммуналдық меншік бойынша - 99, ӘКК - 59, холдингтер бойынша - 47. Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 3 328 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 2 769 млн. теңгеден астам, Холдингтер 61 703 млн теңге, ӘКК 2 956 млн. теңге. Республикалық меншік бойынша Барлығы 2014-2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 37 объекті жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың қарашадағы кезеңінде іс жүзінде сатуға 22 объекті жоспарланған. Ағымд…

0
0
254

ҚР ДСӘДМ әлеуметтік-еңбек саласының 2015 жылдың 9 айындағы қызметі қорытындыланды

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованың басшылығымен ҚР ДСӘДМ-нің ағымдағы жылдың 9 айындағы әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметінің қорытындысы бойынша алқа мәжілісі өтті. Шараға вице-министрлер, министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің және ведомствоға бағынысты ұйымдардың басшылары, бейнебайланыс режимінде – облыс әкімдерінің орынбасарлары, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру, әлеуметтік бағдарламалар басқармалары мен еңбек инспекцияларының басшылары, сондай-ақ ҚР ДСӘДМ еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті аймақтық департаменттерінің директорлары қатысты. Отырыста сөз сөйлеген Тамара Дүйсенова әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында ең алдымен, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының төмендемеуіне жол бермеу үшін бар күш-жігерді салу керектіг…

0
0
206

Мұнай шығару саласындағы онлайн-бақылаудың бірыңғай жүйесі

«Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Министрлігі Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Павлодар облысы бойынша Департаменті» РММ, ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 27 маусымдағы №484 «Мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының және жанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) резервуарларын есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру бойынша қағидаларды және талаптарды бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңына өзгертулер мен қосымшалар еңгізілуі туралы хабарлайды. 2017 жылдан бастап Қазақстанда мұнай шығарудың әр мұнай орындары мен ұңғымаларында кейінгі автокөліктерге жанармай құю станциясына дейін тасымалдауды қадағалау…

1
0
866