Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Квазимемлекеттік сектордағы кездесу

2015 жылдың 6 қараша күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты және осы саладағы заңнаманы түсіндіру мақсатында Департамент қызметкерлері «Қазақтелеком» АҚФ ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесуді филиалдың бас директоры Б.Канафин жүргізіп, кез-келген құқықбұзушылық пен қылмыстардың, соның ішінде сыбайлас жемқорлықтың алды алуға көмектесуге себеп болатын құқық нормаларын азаматтарға түсіндіретін кездесулердің керек екендігін атап өтті.

Департаменттің мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Ж.Аманқос әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі мен қылмыстық Кодексіндегі өзгерістермен таныстырып, қылмыстық баптардың кейбірлеріне мысал келтіріп талдады, «сыбайлас жемқорлық тәуекелділігі», «сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер», «мүдделер қақтығысы», «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» түсініктері туралы баяндады.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша  Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы В.Масимова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басты мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндамада квазимемлекеттік және жеке сектордағы сыбайлас жемқорлықтың қауіптілігі мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықпен шамалас екендігі, сондықтан бұл сектордағы шешімдерді қабылдауда есеп беру, бақылауға алу мен ашықтылықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау атмосферасын қалыптастыруға әр азаматттың қатысу қажеттілігі туралы ақпараттар айтылды.

Баяндамалар аяқталғаннан кейін қатысушылар сұрақтарын қойып, оған түсіндіру бойынша Департамент қызметкерлері жауап берді.

Сонымен қатар, кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетіліп, «Мемлекеттік қызметтер алу кезіндегі менің құқығым», «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады?» жаднамалары таратылды және сауалнамалар толтырылды.

 
0
0
354

Осы тақырып бойынша

Квазимемлекеттік сектордағы кездесу - Yvision.kz