Мазмұнға өту

Жаңа

«Тақиялы періште» 80 жаста!

«Тақиялы періште» 1968 жылы жарыққа шықты. Бірер жылдан кейін Шәкен Аймановтың бұл картинасы да 50 жылдық мерей тойын атап өтпек. Фильм барысында 60-жылдардағы Алматы қаласын, сол кездегі жастардың болмысын көрумен қатар, Александр Зацепиннің «Ты куда, Одиссей?!» әні мен Ермек Серкебаевтың орындауындағы бірқатар әндерді тыңдауға болады. Бір қызығы, дәл осы фильмнің әсерімен ауылдан қалаға келетін қазақ жастарының саны едәуір өскен.


0
0
2551

Павлодарда жаңа медициналық орталық ашылды

Павлодарда Усолка көшесі 42/6 мекенжайы бойынша 25 орындық жаңа Нефрология және эфферентті терапия медициналық орталығы ашылды, деп хабарлады облыс әкімдігі. Медициналық орталық «ABM Investment Group басқарушы компаниясы» ЖШС-мен мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында құрылды, компанияның негізгі серіктесі «B.Braun Avitum AG» компаниясы (Германия). «Бұл еліміздегі 25 аппаратқа негізделген ең ірі диализ орталығы. Жобаның құны 330 млн. теңгеден астам соманы құрайды. Облыс әкімдігі құрылысқа арналған жер телімін бөліп берді, сондай-ақ мемлекеттік тапсырыс орналастыру кепілдігін береді»,- деп атап өтті облыс әкімі Қанат Бозымбаев. Жаңа орталық қазақстандық денсаулық сақтау тарихындағы диализ қызметтерінің тиімділігін арттыруға бағытталған типтік нефрологиялық емдік-диагностикалық орталық…

0
0
255

ЕҚДБ ШҚО-да 20 млрд теңгені құрайтын 5 жобаға қолдау көрсетті

Облыс әкімі Еуропалық қайта құру және даму банкімен іс-қимыл жасау мәселелері бойынша кезекті кеңес өткізді. Отырыс барысында жобаларды алға жылжыту барысы талқыланды, деп хабарлады ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі. Жобалардың әрбірін толықтай тексеру барысы туралы «ШҚО мемлекеттік-жеке-меншік серіктестік аймақтық орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Шәкәрім Бұқтұғұтов баяндады. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына тиісті басқармалармен және әкімдіктермен бірлесе отырып, 2016 жылдың бюджетінен «Өскемен қаласының сумен қамту және су өткізу жүйелерін жаңғырту», «Ертіс өзені арқылы Виноградов көшесінің қиылысы арқылы «Өскемен - Семей» автокөлік жолына шығатын көпір өткелінің құрылысы», «Семей қаласының сумен қамту және су өткізу жүйелерін жаңғырту», «Семей қаласының жылумен қамту жүйеле…

0
0
405

«Бәйтерек» холдингі, AllurGroup және PSA Peugeot Citroën отандық автомпромды дамытуда ынтымақтастық орнатуға уағдаласты

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Францияға ресми сапары шеңберінде «Бәйтерек» холдингі автомобиль өнеркәсібін дамыту және автомобиль өнімін ілгерілету мен өткізу кезінде қолдау көрсету мүмкіндігі туралы AllurGroup және PSA Peugeot Citroën құрамына кіретін «СарыарқаАвтопром» ЖШС-мен ынтымақтастық туралы негіздемелік келісім жасасты, деп хабарлады Ұлттық холдингтің баспасөз қызметі. Құжатқа «Бәйтерек» холдингінің Басқарма Төрағасы Қуандық Бишімбаев, AllurGroup Директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев, PSA Peugeot Citroën тобының вице-президенті Кристоф Бержеран қол қойды. Келісімде Холдинг Қазақстанда «СарыарқаАвтопром» компаниясының қуатында толық циклді режимде PSA Peugeot Citroën автомобильдер өндірісін қаржыландыру мүмкіндігін қарастырады деп көзделген. Бұдан басқа, «…

0
0
206

«Жібек жолы» фестивалінің жабылу салтанатында Италиядан келген қонақтар өнер көрсетеді

ІІ халықаралық «Жібек жолы» фестивалінің жабылу салтанатына арналған ғаламат Гала концертте Италиядан келген қонақтар – атақты сырнайшы Нелло Сальца және дирижер Массимо Скапин өнер көрсетеді, деп хабарлады театрдың баспасөз қызметі. «Астана Опера» театрының Үлкен залында музыкалық кеш өтеді, оған театрдың опера және балет жұлдыздары, тамаша хоры мен керемет симфониялық оркестрі қатысады. Мерекелік концерттік бағдарлама А. Жұбанов пен Л. Хамидидің қазақтың классикалық «Абай» операсындағы әйгілі «Той бастар» көрінісі мен Айдардың ариясынан бастау алады. 25 қыркүйекте ІІ халықаралық «Жібек жолы» фестивалі театрдың бас дирижері Алан Бөрібаевтың редакциясындағы дәл осы операның тұсаукесерімен ашылғанын атап өткен жөн. Бір жарым ай бойы театр көпшіліктің назарына 23 іс-шара ұсынды, оның ішінде…

0
0
270

Минскте дәстүрлі құндылықтар ұлтаралық келісімді сақтаудың негізі ретінде талқыланды

ҚР-ның БР-дағы Елшілігінің бастамасымен және БР ҰҒА социология институтының қолдауымен Беларуссия ұлттық академиясында «Қоғамның дәстүрлі құндылықтары – ұлтаралық келісім мен толеранттылықты сақтаудың негізі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті, деп хабарлады ҚР СІМ. Конференцияның жұмысына алдыңғы қатарлы ғалым-әлеуметтанушылар, саясаткерлер, Парламент депутаттары, Қазақстанның "достар клубының" мүшелері, дипломатиялық корпус және қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. Қазақстанның Елшісі Ерғали Бөлегенов іс-шараны аша отырып, елдің тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап, мемлекеттің барлық ішкі саясатының өзегі болған және тікелей Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан басталған, ұлтаралық келісім мен конфессияаралық толеранттылықты сақтау мен дамыту стратегиясы…

0
0
264

«Astana Arlans» бокс клубы алтыншы маусымының бірінші кездесуін 2016 жылдың 23 қаңтарында өткізбекші

Бокс кеші Қарағанды қаласында өткізіледі деп күтілуде.

«Astana Arlans» бокс клубы  Әлемдік бокс сериясының алтыншы маусымының бірінші кездесуін 2016 жылы 23 қаңтарда өткізбекші. Бұл туралы команданың баспасөз қызметі хабарлады.

Астана арландарының қарсыласы – әзірбайжандық «Баку Файрс». Естеріңізге саламыз, жеребе бойынша қазақстандық клуб D тобында жұдырықтасады. Әзірбайжан командасынан бөлек, олар «Пуэрто Рико Харрикайнс» және Өзбекстан  командасымен бақ сынасады.

«Astana Arlans» боксшылары «Куба Домадорес» командасын қапы қалдырып, Әлемдік бокс сериясы бесінші маусымының жеңімпазы атанғанын болатын.

0
0
242

«Capital Gate» ғимараты қалай салынды?

Ғимарат Италиядағы Пизан мұнарасынан бес есе қиғаш тұр. Дубай өзінің ерекше ғимараттарымен таң қалдырса, енді Абу-Даби Дубайдан да асып түсуді көздейді. «Capital Gate» ғимаратының орналасуы ерекше. Италиядағы Пизан мұнарасынан бес есе қиғаш тұр. Парсы шығанағын жағалай қоныстанған Абу-Даби 1971 жылы тәуелсіздігін алған ел. Бүгінде әлемдегі ең бай жеті мемлекеттің қатарына кіреді. Біріккен Араб Әмірліктерінің королі Абу-Дабиді әлемдегі ең дамыған және туристер көп келетін қалаға айналдыру үшін қазынадан 200 миллиард доллар бөлдірді. Әу баста қиғаш бекітілген ғимарат теңіздің толқыны мен шөл даладағы жел, сусыған құмды бейнелейді. Мұнараның жерден ұшар басына дейінгі биіктігі - 162 метр. Әр бұрышы бір-бірін қайталамайды. Қаладағы ел жиылатын басты орындардың бірі болуы үшін жақсы жерге салу…

0
0
458

Қазақстанда ЖҚЖК-2020 бағдарламасы аясында 120 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты – ҚР ДСӘДМ

Астанада ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованың басшылығымен ҚР ДСӘДМ-нің ағымдағы жылдың 9 айындағы әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметінің қорытындысы бойынша алқа мәжілісі өтті, деп ведомстводан хабарлады. Шараға вице-министрлер, министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің жәневедомствоға бағынысты ұйымдардыңбасшылары, бейнебайланыс режимінде – облыс әкімдерінің орынбасарлары, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру, әлеуметтік бағдарламалар басқармалары мен еңбек инспекцияларының басшылары, сондай-ақ ҚР ДСӘДМ еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті аймақтық департаменттерінің директорлары қатысты. Отырыста сөз сөйлеген Тамара Дүйсенова әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында ең алдымен, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының төмендемеуіне жол бермеу үшін…

0
0
263