Мазмұнға өту

Жаңа

Жасыл экономика. Климаттың өзгеруімен қалай күресу керек?

Жаһандық жылынуды 2 градусқа тежеу. Бұл Парижде өтетін 21-ші конференцияның негізгі мақсаты.

Қорытынды келісім климаттың өзгеруімен күрес мәселесінің жаңа кезеңі болады деп күтілуде. Келісімнен бөлек конвенцияға мүше әр мемлекет өз мойнына парниктік газдарды азайту жөнінде қосымша міндеттеме алады. Бүгінде 150-ден астам ел осыған қатысты өздерінің мақсатты көрсеткіштерін жолдап үлгерді. Оның ішінде Қазақстан да бар.

http://gbpp.org/kz/2015/11/11187

1
0
292

Н.Назарбаев ЮНЕСКО Бас конференциясының 38-сессиясына қатысты

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Конференцияға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінде ЮНЕСКО-ның алатын орны айрықша екенін атап өтті. «Қазақстан негізгі басымдығы Біріккен Ұлттар Ұйымының орнықты даму мақсатының маңызды бағыты болып саналатын ЮНЕСКО-ның қызметін толық қолдайды», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті өзі осы мінберден 20 жыл бұрын баяндаған мақсат-міндеттердің бәріне, сондай-ақ БҰҰ Мыңжылдық даму мақсаттарын біздің ел қол жеткізгенін айтты. Нұрсұлтан Назарбаев этносаралық, мәдениетаралық, дінаралық негізде өркениеттердің күйреуі мен қақтығысы ушығып кеткеніне арнайы тоқталды. «Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының мерейтойлық 70-сессиясында өткен дебаттар әлем дамуының жаңа парадигмасын әзірлеу…

1
0
481

Ұлыбританияның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы туралы келісімге қол қойылды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Елбасы Қазақстан-Британия сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының ІІ отырысының ашылуына қатысты. Іс-шараға сондай-ақ Ұлыбритания Премьер-Министрі Д.Кэмерон қатысты. Мемлекет басшысы сөйлеген сөзінде форумға қатысушыларға тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы мен бүгінде мемлекет жүргізіп жатқан экономикалық саясат туралы әңгімелеп берді. Мәселен, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан шекарасының ұзақтығы мен жерінің кеңдігі Еуразия кеңістігінде маңызды стратегиялық және көлік-логистикалық қызмет атқаруға мүмкіндік беретініне назар аударды. Мемлекет басшысы елде 100-ден аса этнос өкілдері тұрып жатқанын, осы уақыт ішінде олардың тең құқықтары мен мүмкіндіктері сақталғанын, соның арқасында тұрақтылық қамтамасыз етіліп…

1
0
201

Жаяу Мұса

 

Атақты Жаяу Мұса тоқсан төрт жасаған,аса дарынды қиын тағдырлы ақын,әнші. Тоқсан үш жасында үйінде жатса, есіктен біреу "Ассалуалейкум" деп кіріп келіпті. Жаяу Мұса сәлемін қабылдап,жөн сұрапты.-Шорманның немересі Садуақаспын,-Атамның сізге істеген қиянатын кеш деп келіп отырмын депті. Жаяу Мұса үндемепті. Әкежан кешіре көріңіз атамның сізге істеген қиянатын. Жаяу Муса үндемепті. Садуақас үйден шығып кетеді. Қора жақтан дүрсілдеген дыбысқа елеңдеген Жаяу келініне, -қорадағы не дүрсіл деп сүраса, келіні:-жаңағылар бір үйір жылқы қамап кетті дейді. Сонда Жаяу Мұсс қораның есігін ашта жылқыларды қоя бер депті. Қорадан дүркіреп қашқан жылқыларды көріп, Садуақас жылап жіберіпті-, Атамның қиянаттын кешпедіғой деп

2
0
422

Қазақтың әнші қызы

Қазақтың әнші қызыҚоңыр сазды , терең мағыналы өлеңдерімен халық жүрегіне алтын əріптермен жазылған əнші, сазгер-Гаухар Əлімбекованың қазақ эстрадасында алар орны ерекше. Көгілдір экраннан басқа жұлдыздар сағат сайын шығып өзін жарнамаламайтын Гаухар тыңдармандарын сағындырып бір-ақ шығады. Сазгер ретінде жүрекке тиетін əуендерін шығарып, оған қоса əн айтқанда да нақышына келтіре халықтың жүрегіне жеткізеді. Гауһар Әлімбекова 1971 жылдың 7 қазанында Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай өңірінде дүниеге келген. Әкесі Серікбай мен анасы Мақпалайдың қасиет қонақтап, қыдыр дарыған берекелі шаңырағында 8 ұл, 4 қыз өсіп-өнді. Гауһар – ата-анасының алты ұлдан кейін көрген тұңғыш қызы болатын. Ел мақтаған әкесі ауыл-аймақтың қадірлі ақсақалы болса, гүл баптаған анасы ақыл-парасатына алыс-жақын ағайы…

0
0
2769

Неге қазақ сөйлемейді қазақша

Неге қазақ сөйлемейді қазақша,
Ана тілде сөйлеу қазір мазақ па?
Шұбарлатып өзге тілді қостырмай,
Төл тіліңді құрметте де ардақта!

Төл тіліңді құрметте де ардақта,
Қазақ тілін насихатта жан-жаққа.
Мәртебесін жоғалтса ана тілің
Құрып кетер,қаласың сонда азапта.

Құрып кетер,қаласың сонда азапта,
Ана тілің жетелдеді азатқа.
Тарихы бар өшпейтұғын мәңгілік,
Қазақ тілін сақтаңдаршы,қазақтар!

Қазақ тілін сақтаңдаршы, қазақтар!
Тіл бар жерде тірлік пенен бірлік бар.
Өз тіліңді білмейтұғын жүрсеңдер,
Қоғамың да бір-ақ сәтте құлдырар.

Қоғамың да бір-ақ сәтте құлдырар,
Аманатсыз қалар болашақ,ұл-қыздар.
Неге қазақ сөйлемейді қазақша,
Ана тілде сөйлеу қазір мазақ па?

3
0
483

Алашымның ордасы

Алашымның ордасы,Ұлы Абайдың мекені,
Тарихы бар тұғырлы,үміт күткен ертеңі.
Ерке Ертісті жағалай бой көтерген бұл қала,
Құдіретті елден шыққан талай дана тұлғалар,
Қазақ елін танытқан Шәхкәрім мен Мұхтарлар.

Алашымның ордасы,қатал кезеңді өткерген,
Зор дауысы да атомның тараған осы өлкеден.
Қиындыққа төтеп беріп, көп қиналған бұл қала,
Жасымады ақсадағы улы ауызсуы жылғадан,
Зардап көріп бар аймақ, тұрғындары жылаған.

Алашымның ордасы,өркениеттің бастауы,
Қазақ елі мойындады рухани астана атауын.
Халқы сүйген өнерлілердің қаны тамған бұл қала,
Күміс көмей Әмірені тыңдады Франкфурт таңқала,
Ұлттық өнер Айнұрмен айтыс түсті жандана.

Алашымның ордасы, ыстық маған қашанда,
Махаббатым таусылмас,қанша өлең жазсам да.
Еуразияның дәл жүрегі, Доржынкит ежелгі аты,
Аса берсін күннен күнге туған қаламның даңқы.

-1
0
432

«Жиде. Кешіккен махаббат» комедиясы

Жерар Депардье, Нұржұман Ықтымбаев, Болат Қалымбетов, Наталия Арынбасарова, Наталья Гвоздикова фильмде басты рөлдерді сомдайды.

Режиссер Сәбит Құрманбековтің бұл туындысы қарттардың бүгінгі күні туралы сыр шертеді.

Мейірімге толы лирикалық хикая қарттардың күнделікті өмірінің қайшылықтары мен шырғалаңдары, жаймашуақ қарым-қатынастары, қуанышты сәттері мен болашаққа деген өшпейтін үміт оты туралы баяндайды.

Жерар Депардье, Нұржұман Ықтымбаев, Болат Қалымбетов, Наталия Арынбасарова, Наталья Гвоздикова сынды майталмандар кейіпкерлерін сомдаған фильмді бүгін Ұлттық арнадан сағат 22:50-де көре аласыздар.

0
0
856

Қоғабай Сәрсекеевтің «Жарқын бейнесі»

Бүгін 15:45-те Ұлттық арнадан көріңіз. Жазушы, публицист, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Қоғабай Сәрсекеев - 1939 жылы қазіргі Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Торғай ауылында дүниеге келген. Ол 1963 - 1967 жылдары «Қазақстан пионері», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде әдеби қызметкер, 1967 - 1982 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, 1983 - 1986 жылдары «Кітап жаршысы» («Друг читателя») газетінің редакторы болды, 1986-1990 жылдары «Жалын» баспасында бас редактор, республикалық «Қазақкітап» бірлестігінің бас редакторы, Кітап таратушылар республикалық қауымдастығының президенті қызметтерін атқарған. Повестер мен әңгімелерден тұратын «Кілт» (1967), «Қараша қаздар» (1974) деген жинақтары жарық көрді. «Қол мерген», «Кестелі орамал», «Ыбырай Алтынсар…

0
0
592