«Білім жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеуді жетілдіру мәселелері»

Ағымдағы жылдың 5 қараша күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы жаңа заң жобасын таныстыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу қызметін ақпараттандыру және түсіндіру, білім беру мекемелерінде болуы мүмкін сыбайлас жемқорлықты алдын алу мақсатында «Білім жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеуді жетілдіру мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті ұйымдастырды. Іс-шараға Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті жанындағы қоғамдық кеңес төрағасы, университет ректоры, облыстық мәслихат депутаты Әйтімов Ақсерік Сарыұлы төрағалық етті.
Дөңгелек үстелге «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасын дайындаушыларының бірі, заң ғылымдарының докторы, доцент А.Н.Ахпанов қатынасты. Ғалым өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдағы жаңалықтарды түсіндірді, олар: «сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер», «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл», «сыбайлас жемқорлық тәуекелділігі», «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің іс-шаралар жүйесі», «сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді талдау», «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің Ұлттық баяндамасы».
Заңның 9-бабы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» ерекше аталып өтті. Аталған жұмыстар қоғамда сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру мен нығайту үшін жасалады. Бұл шаралар білім беру, ақпараттық және ұйымдастыру бағыттарында болады.
Сонымен қатар, заң ғылымдарының кандидаты, доцент А.Б.Турекулов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті әртүрлі әлеуметтік топтарда қалыптастыру» оқыту бағдарламасы курсын таныстырды, заң ғылымдарының кандидаты, доцент С.Н.Бачурин «Мемлекеттік қызмет және құқық қорғау органдары жүйелеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тәжірибиелері» тақырыбында баяндама оқыды.
Іс-шара барысында ресейлік ғалым (Самара қаласы) Н.А.Сорокин көтерген халық дәстүрлерінің жемқорлықты тоқтатуға қосатын үлесі туралы мәселесі қызығушылық тудырып, талқылаға түсті. Шараға қатысушылар сыбайлас жемқорлықты түгелімен жою үшін азаматты ерте жастан тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлу керек деген қорытындыға келді.
Сонымен бірге, дөңгелек үстелде мәселелерді талқылауға техника ғылымдарының докторы, профессор В.И.Черенцов, Әділет департаменті басшысының орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты Х.М.Кусдавлетов, заңгер, құқық қорғау және арнайы құрылымдарының экс-басшысы Б.Г.Пак, «КазИИТУ» ғылыми-білім кешені жанындағы мемлекеттік қызмет және жұмысқа орналастыру институтының топ менеджері Б.А.Атауов және ҚазИжТЖУ профессор-оқытушылар құрамы қатынасты.
Шараға Департаменттің мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы А.Жұбаныш және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы В.Масимова қатынасты.

