Мазмұнға өту

Жаңа

Сараптама кеңесі отырысында кәсіби мемлекеттік аппаратты құру мәселелері талқыланды

Ағымдағы жылғы 10 қарашада Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңестің төрағасы Әділбек Қайырбекұлы Мұқашевтың төрағалығымен Сараптама кеңесінің отырысы өтті.
Іс-шараға облыс әкімі аппаратының басшысы М.Д. Қожахмет, АОО директоры Т.В. Лебедева, облыстық кәсіподақ орталығының төрайымы Ж.Қ. Ахметова, аудандар және Петропавл қ. әкімдері аппараттарының басшылары, жергілікті атқарушы және аумақтық мемлекеттік органдарының жетекшілері мен кадрлық қызмет мамандары шақырылды.
Күн тәртібінде кәсіби мемлекеттік аппаратты құру, мемлекеттік басқару жүйесіндегі әлеуметтік әріптестікті дамыту, облыстық Тәртіптік кеңесінің жұмысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері қаралды.

 


Кездесуді ашқан А.Қ. Мұқашев, биылғы жылы Агенттіктің жұмысы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында аппаратты қайта құруға бағытталғандығын және соның нәтижесінде «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Заңының қабылданғандығын жеткізді.
Заңның мақсаты – конкурстық іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету, біліктілік негізінде мансаптық жоғарылату, еңбекақыны нәтижеге сай төлету болып табылады.
Заңнамаға сәйкес, Департаментпен облысымыздағы мемлекеттік қызметшілердің кадрлық құрамына мониторинг жүргізіледі.
9 айдың қорытындысы бойынша олардың жұмыстары талданып, лауазымдық міндеттерін мінсіз орындаған ҚР АШМ Агро өндіріс кешеніндегі аумақтық инспекциясы, Тексеру комиссиясы, Есіл ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметтерінің мамандары, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының алғыс хаттарымен марапатталды.
Департаменттің мемлекеттік қызметті өткеру бөлімінің басшысы Е.Ф. Степаненко «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Заңының негізгі жаңашылдықтарымен таныстырды.
Біліктілікке негізделген жаңа Заң қазақстандық мемлекеттік қызметінің басты принципі ретінде «мансаптылықты» нығайтады. Ал мемлекеттік қызметке өту және одан әрі өсу білім мен біліктіліктің деңгейіне байланысты болады.
Бұдан әрі сөз Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі Ж.Ж. Жұмабаевқа берілді. Ол өз кезегінде, өткен мерзімде Тәртіптік кеңес атқарған жұмыстың қорытындысына және халыққа мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және анықтау жұмысына тоқталды.
Аталған мәселе қарастырылған соң, мемлекеттік сатып алулар және қаржылық қызмет саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстарды тұрақты түрде жүргізу, ведомствоға қарасты мемлекеттік сыңайлы кәсіпорындар қызметін бақылау, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыруда аумақтық іс-шаралар Жоспары тармақтарының сапалы және уақытылы орындалуын қадағалау, мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған тұлғалардың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауына мониторинг жүргізу ұсынылды.
Жиын соңында Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы Н.С. Жахин «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді тәсілі» тақырыбында баяндамасын оқу барысында, 2015 жылы Агенттікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзара қарым-қатынас жасау бойынша ашық келісім әзірленгендігін хабарлады. Оған түрлі ұйымдар, бірлестіктер, оқу орындары мен азаматтар қосылуға құқылы.
Осы бағыттағы жұмыс біздің өңірімзде де іске асырылуда.
Бұдан әрі мемлекеттік қызметті өткеру және «Е - қызмет» БАЖ пайдаланудың өзекті мәселелері талқыланды.
Мемлекеттік қызметшілер санына мониторингі бойынша есептерді тапсырудың аталған негізгі бағыттары бойынша кадрлық қызмет мамандарына арнайы тәжірибелік оқытулар өткізілді 
Іс-шараға 185-тен астам адам қатысты.

 

0
0
592

Тәртіптік кеңес «қыдырымпаз» басшыға ескерту жасады

Ағымдағы жылғы 9 қарашада Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңестің төрағасы Әділбек Қайырбекұлы Мұқашевтың төрағалығымен Тәртіптік кеңестің кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды, ішіндегі 2 тәртіптік іс жемқорлық құқық бұзушылықтарға қатысты болды.
Алдымен, жұмыс уақытын дұрыс есептемеу және еңбекақы төлемі фактісі бойынша Мамлют ауданы Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Д.С. Серғалиевке қатысты тәртіптік іс қаралды. Нақтырақ айтқанда, БЖСМ қызметкерлері жұмыс күндері бірнеше рет Ресей Федерациясына жол жүріпті, бірақ қыдырған күндерін жұмыс істеген ғып белгілеп келген. Сонымен қатар іссапарлық шығындарды есептеу және мемлекеттік сатып алу шарттарын жасау кезінде де бірқатар олқылықтарға жол берілгендігі анықталды.
Жемқорлық құқық бұзушылыққа жол берген басшыға, Тәртіптік кеңес мүшелері бір ауыздан қызметіне толық сай еместігі жөнінде ескерту жасады.
Екінші мәселеде, жетім балаларға арналған азық-түлікті сатып алу туралы келісім шарттар бойынша алдын ала төлем фактісі бойынша, бюджетті орындау және оның кассалық қызмет көрсету Ережесін бұзған Отбасылық үлгідегі балалар аулының директорына қатысты тәртіптік іс қаралды.
Бюджет заңнамасын бұзған директор А.М. Әкімжановты жауапкершілікке тарту және өзіне қарасты мекемелерде мұндай бұзушылықтарға жол бермеу бойынша тиісті шара қабылдау үшін аталған материалдар Облыстық білім басқармасына жолданатын болды.
Кездесу соңында Әділет департаментінің басшысы Е.А. Сейдімбектің мемлекеттік тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын, мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін сақтау, 2015 жылдың 9 айындағы атқарушылық құжаттарының орындалуы жөніндегі көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараты тыңдалды.
Отырысты қорытындылаған Кеңес құрамы, бұдан былай сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау және халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін тиісті шешімдер шығарды.

0
0
566

Тістің саулығына пайдалы 10 тағам

Қазіргі таңда дүкен сөрелеріндегі сан-алуан тағамдардың бірқатары химиялық қоспаларға толы. Адам ағзасына пайдасы болмақ түгілі, табиғи дәрумендері жоқтың қасы. Күнделікті қолданып жүрген сусындарымыз, азық-түліктеріміз денімізге саулық берудің орнына, түрлі ауруларды «сыйлап» жатады. Мысалы, көп мөлшердегі қант, газдалған сусын, шарап секілді адам тұтынатын тауарлар тістің бірден-бір жауы.


0
0
918

Астанада 13-14 қарашада «жасыл экономика» бойынша Халықаралық конференция өтеді

Астанада 13-14 қарашада «жасыл экономика» бойынша «Жасыл көпір – Озық тәжірибелер мен инновациялар үшін әріптестік платформасы» халықаралық конференциясы өтеді, деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «G-Global «жасыл экономика» мен даму коалициясы» ЗТБ басқарма төрағасы Салтанат Рахымбекова.

«Конференцияның бағдарламасы жасыл экономикаға көшу бойынша халықаралық ынтымақтастық, алдыңғы «жасыл» технологиялар мен тәжірибелер трансферті, «жасыл» бизнесті дамыту, институционалдық және техникалық инновациялық ынталандыру мәселелеріне арналған», – деді ол.

Конференция жұмысына Армения, Грузия, Беларусь, Ресей, Германия, Финляндия, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия, Эстония елдерінің ҮЕҰ жетекшілері мен кәсіптік министрліктер өкілдері қатысады.

Осы аптада Астанада «Жасыл көпір» бағдарламасына арналған шаралар өтеді. Атап айтсақ, 13 қарашада елордада «Жасыл көпір – Озық тәжірибелер мен инновациялар үшін әріптестік платформасы» халықаралық конференциясы өтеді. Ал 14 қарашада «Жасыл көпір – инновациялық мүмкіндіктер платформасы» атты бірінші халықаралық жастар форумы ұйымдастырылады.

http://gbpp.org/kz/2015/11/11336

 
1
0
237

БҰҰ ДБ ҚР-да құрылыс жүргізуге рұқсатты энерготиімділік есепке алынған жағдайда беруді ұсынуда

«Қазақстанда тұрғын үйлерді энерготиімді жобалау мен салуды ілгерілету» халықаралық конференциясы өтуде. Ауқымды шара Жаһандық экологиялық қордың (ЖЭҚ) қаржылай қолдауы аясында жүзеге асырылған ҚР Үкіметі мен БҰҰ Даму бағдарламасының «Тұрғын үйлерді энерготиімді жобалау мен салу» бірлескен жобасын қорытындылауға бағытталған.

ЖЭҚ/БҰҰДБ энерготиімділік бойынша жоба үйлестірушісі  Александр Белый «Strategy2050.kz» АА берген эксклюзивті сұхбатында жүргізілген жұмыстар туралы жан-жақты айтып берді.

Аталмыш жобаны дамыту қалай жүргізілді?

- 2011 жылдан бастап БҰҰ Даму бағдарламасы Қазақстанда ЖЭҚ-тың қаржылай қолдауы арқылы ҚР Үкіметіне тұрғын үйлерді энерготиімді жобалау мен салуды ілгерілетуде көмектесіп келді. Осы жылдары бірқатар жұмыстар бағыттар бойынша жүзеге асырылды. Жақсарту, энерготиімділік бойынша бірқатар нормативтерді орындау, жаңа ерікті «жасыл» стандарттарды енгізу.  Сонымен қатар, нысанды энерготаңбалау сынды шешімдер сынақтан өткізілді, энерготұтыну және нысан секторында парникті газдарды шығаруға мониторинг жүргізу бойынша ақпараттық жүйе жасақталып, Астанада сынақтан өткізілді.  Сонымен қатар энерготиімді насандардың құрылысын жобалау  бойынша кеңестер  жасақталды. Шешімдер жинағы мемлекеттік сараптаманы жобалаушылар арасында қаралды. Сонымен қатар 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап ҚР-да енгізілген жобаның қатысуымен жаңа құрылыс стандаттары жасақталды (ЖЖҚС). Ол ғимараттардың энерготиімділік талаптарын қатайтады.

Жобаны жасақтауға не түрткі болды?

- Көрсету жобалары электр энергияны тұтынуда қаржыны үнемдеу бойынша жекеменшік иелері үшін тиімділік көрсетті.  Қазақстан «Жасыл» экономикаға көші тұжырымдамасын қабылдады, сонымен қатар «Қазақстан-2050» бағдарламасы да қабылданды. Онда Қазақстан ЖІӨ-нің  энергосыйымдылығын төмендетуге ұмтылуы керек деп көрсетілген. Энергосыйымдылық тек өндіріс пен индустрияда  ғана емес, сонымен қатар ТКШ-да бар. Егер инфрақұрылым энерготиімді болмаса онда бәсекелестік туралы айтуға мүмкін емес. Сонымен қатар, Қазақстан парникті газдарды шығаруды төмендету бойынша ерікті түрде өз мойнына міндеттемелерді алды – мұның барлығы ҚР Үкіметінің назарын энерготиімді құрылысқа  аударды.

Жобаны жасақтау барысында оны құрылыс компанияларына енгізуге немесе ұсынуды жоспарладыңыздар ма?

- Жобаны жасақтау барысында құрылыс компанияларымен келісім шартқа отыру міндеті қойылмады. Жоба ұйымдастырушылық, индустриалды болып табылады. Біз энерготиімділікті көрсетеміз және оны ҚР Үкіметіне ұсынамыз. Бүгінгі конференцияда бірқатар жобалар бойынша негізгі кеңестер беріледі. Бұл кешенді тақырып. Құрылыс және бақылау, нормативтерді орындау, әлеуетті дамыту, студенттерді, мамандарды (монтаждаушылар, құрылысшылар) оқыту.

ҚР Үкіметі өз мойнына қандай міндеттемелерді алып отыр?

- БҰҰДМ нәтижелерді ұсынады, ҚР Үкіметі кеңестерді қолдануға тырысады. Мысалы, біз құрылыс туралы шешімді қабылдау процесін жетілдіру керек деген шешім қабылдадық. Бүгінде тұрғын үй салынып жатқанда құрылысқа рұқсат беріледі, алайда энерготиімділік туралы бірінші кезекте ойламайды. Біз құрылыс жүргізуге рұқсат бергенде энерготиімділіктің санатын бірден көрсетуді ұсынып отырмыз.  Бұл энерготиімділік желісі бойынша тұрғын ұй құрылысы процесін жылдамдатады. Қазақстанның көптеген қалаларында электр немесе жылу энергиясына тапшылық немесе шамадан көп тыс мөлшері сезіледі. Энерготиімді нысандарды тапшылық сезіліп жатқан аймақтарда салу керек. Үкімет бұл кеңестерді талқылауға және заңнамаға міндетті талап  ретінде енгізуге алады.

http://gbpp.org/kz/2015/11/11327

 
1
0
299

Куала-Лумпурда Қазақстан мен Малайзия бизнес форумы өтті

Екі ел арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға арналған бұл игі шара XI Дүниежүзілік ислам экономикалық форумының аясында жүзеге асты.

Бизнес форумға Қазақстанның нарығына шығуға қызығушылық танытып отырған 80-нен астам Малайзияның жетекші компаниялары қатысты. Үлкен дайындықпен келген ұйымдастырушылар шетелдік инвесторларға Қазақстанның инвестициялық ахуалы жайлы толық ақпарат берді.

Ерлан Хаиров, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы:

- Бүгінгі форумда біз малайзиялық инвесторлардың халал өнімдер мен құрылыс материалдарын өндіру саласына қатысты қызығушылықтары бар екенін байқадық. Өзіңіз білетіндей, бұл шара Елбасының тапсырмасына сәйкес, елге инвесторларды тарту мақсатында жүзеге асып отыр. Еліміз соңғы 10 жылда қазынаға шетелдік инвесторлардың есебінен 200 млрд АҚШ долларын құйды. Олардың қатарында Малайзия да бар. Сырттағы инвесторларды тартуға қолайлы болу үшін 19 елге визасыз жүйе енгізілген болатын. Енді малайзиялық компаниялар да осы мүмкіндікті пайдалана алады.

Бизнес форумда қазақстандық өкілдер арнайы экономикалық аймақтарға шолу жасап, оның ішінде «Астана-жаңа қала» арнайы аймағына инвестиция құюдың тиімді тұстарын саралап айтып берді. Жылдам дамып келе жатқан елордада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтетіндігі де тілге тиек етілді. Оған қоса малайзиялық кәсіпкерлерді ұтымды бизнес жобалардың бірегейі ретінде екіжақты сауда-саттық, көлік және логистика, құрылыс және инфрақұрылым мен ауылшаруашылық, азық-түлік өндіру саласында әріптестік қарым-қатынас орнатуға шақырды. Бүгінгі күні 65-тен астам бірлескен жобаны игеріп жатқан тараптар мұндай игі-шаралар өзара тиімді ынтымақтастықтың  кеңеюіне жол ашады деп отыр.

Тан Сри Ахмад Фузи Абдул Разак, Дүниежүзілік ислам экономикасы форумының бас хатшысы:

- Біздегі белді деген малайзиялық компаниялар Қазақстанға инвестиция құюға талпынғаны дұрыс. Өйткені бұл елдің мүмкіншіліктері көп. Меніңше, бүгінгідей форумдарды ұйымдастыру – жақсы бастама. Өйткені осындай жиындар арқылы шетелдік инвесторлар Қазақстан туралы, оның бизнес саласындағы мүмкіндіктері жайында пайдалы мағлұматқа қанық болып, нәтижелі істер атқара алады.

XI Дүниежүзілік ислам экономикалық форумның аясында өткен басқосуда екі елдің өкілдері өзара пікір алмасып қана қоймай, туындаған сұрақтарына да жауап алды. Енді малайзиялық бизнес көшбасшыларының тарапынан бірлескен жобалар жасауға қызығушылық туып жатса, екіжақты келісімге қол қойылып, сенімді әріптес ретінде қоян-қолтық жұмыс істеуге мүмкіндік тумақ.

http://gbpp.org/kz/2015/11/11322

 
1
0
262

СҚО үздік жұмысшылары анықталды

2015 жылдың 9 қарашасында «Нұр Отан» Солтүстік Қазақстан филиалында мемлекеттік әлеумет тапсырыс аясында өткізілетін «Жұмысшы жастардың әлеуметтік белсенділікті жоғарылату бойынша шаралар жинағы» жобасы аясында өткізілген «Үздік жас жұмысшы» атты кәсіби біліктілік сайысы өткізілді. Бұл іс-шараның басты мақсаты жұмысшы жастардың әлеуметтік белсенділігін көтеріп, жас жұмысшыларды еліміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси өміріне араласуын күшейту болатын. Конференцияны «СҚО жастар маслихаты» ЖБҰ төрағасы Қайроллаев А.өткізді. Кездесу барысында сайыс жеңімпаздары дипломдармен және құнды сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздар қатарында Қызылжар және айыртау аудандарының өкілдері болды.

Жеңімпаздардың толық тізімі:

1.Зеленков Эдуард Михайлович, «Үздік дәнекерлеуші»

2. Пачганов Валерий Андреевич, «Үздік механизатор»

3.Федотова Юлия Владимировна, «Үздік сылақшы-әктеуші»

4. Звягинцев Виктор Борисович, «Үздік қырнаушы»

5. Багинский Артем Валерьевич, «Үздік электрші»

9 ноября 2015 года Северо-Казахстанском филиале «Нур Отан» в рамках государственного социального заказа по проекту «Комплекс мероприятий по повышению социальной активности рабочей молодежи, в том числе конкурс профессионального мастерства» состоялся конкурс профессионального мастерства «Лучший молодой рабочий»

Целью данного мероприятия было повышение социальной активности рабочей молодежи, а также усиление интеграции молодых рабочих в социально-экономическую, политическую жизнь страны. Конференцию провел председатель МОО «Молодежный маслихат СКО» Кайроллаев А. В ходе встречи победители данного конкурса были награждены дипломами и ценными призами. Среди победителей есть представители Кызылжарского и Айыртауского районов.

Вот полный список победителей конкурса:

1.Зеленков Эдуард Михайлович победитель «Лучший сварщик»

2. Пачганов Валерий Андреевич победитель «Лучший Механизатор»

3.Федотова Юлия Владимировна победитель «Лучший штукатур-маляр»

4. Звягинцев Виктор Борисович победитель «Лучший токарь»

5. Багинский Артем Валерьевич победитель «Лучший электрик»

1
0
614

«Жол жүрісі қауіпсіздігі апталығы» акциясы аясында қызылордалық полицейлер балабақша тәрбиеленушілерімен кездесті

2005 жылдың 26 қазанында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының бастамасымен  қарашаның үшінші жексенбісі жол-көлік оқиғасының құрбандарын Дүниежүзілік еске алу күні болып бекітілген болатын. Аталмыш күн аясында Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментінің ұйымдастыруымен қараша айының 09-15 күндері аралығында «Жол жүрісі қауіпсіздігі апталығы» республикалық акциясы өткізілуде. Бұл акцияның мақсаты – жол-көлік оқиғасында көз жұмғандарды еске алу және ауыр қазаға ұшыраған отбасылардың қайғысына ортақтасу, өзара сыйластық, жолда қауіпсіздік ережесін сақтау, жүргізушілердің мәдениетін арттыру тұрғысынан жол қозғалысы қатысушыларының санасын өзгертуде әлеуетті қоғамдық қолдау көрсету болып табылады.

Аталған акция аясында қараша айының 09 күні Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығындағы «Жұлдыз» мектепке дейінгі мекемесінің бүлдіршіндерімен кездесті. 3-5 жас аралығындағы балабақша тәрбиеленушілеріне жолда жүру ережелері бойынша түсіндірме сабақтары жүргізіліп, «Жолдос көмекке асығады» анимациялық мультфильмі көрсетілді. Түрлі-түсті суреттерден құралған, жол қозғалысы ережелерінен сақтауға шақыратын көрнекі үгіт-насихат құралдары таратылып, жарық шағылыстыратын фликерлер сыйға берілді.

 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

0
0
980