Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақ руларының ұраны мен таңбасы: Ұлы жүз (СУРЕТТЕР)

Қазақ филологиясының көрнекті қайраткері, қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, белгілі түрколог, филология ғылымдарының докторы, профессор Сәрсен Аманжоловтың «Қазақ тілі диалектологиясы мен тарихының мәселелері» атты кітабының негізінде El.kz редакциясы Қазақ руларының атауын, ұранын және таңбасын бірыңғай стильде бір суретке салып өз оқырмандарына ұсынады.  Бұл топтама Ұлы жүз руларына арналады.


0
0
4474

Оралда өткен «Жас Барыс» турнирінде жаңа чемпиондар анықталды

Орал қаласында қазақ күресінен республикалық «Жас Барыс» турнирі мәресіне жетті. 14-15, 16-17, 18-19 жас аралығында үш топта сынға түскен жас палуандардың бәсекесіне еліміз бойынша 260 спортшы қатысты. Дәстүрлі түрде 4-ші рет өткен республикалық турнирге іріктеу 4 кезең бойынша жалғасқан еді. Алғашқыда қатысушылар 1-2 кезеңде ауылдық елді мекендер мен аудандық іріктеуден өтсе, 3 кезеңде облыстық іріктеу сынына қатысқан. Одан өткендер 4 кезеңге, яғгни, финалдық турнирге жолдама алды. Турнирде 14-15 жастағы балалар: 38, 42, 46, 50, 55, 60, 66, 73, + 73 келі, 16-17 жастары жасөспірімдер: 46, 51, 57, 64, 72, 81, +81 келі, 18-19 жастағы жастар: 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100, +100 келі салмақ дәрежелерінде белдесті. «Жас Барыс» турнирін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Қазақстан Республикасы…

0
0
485

Бүгіннен бастап «Балапан» телеарнасынан «Менің ғажайып ертегім» жобасы көрсетіледі

Енді кішкентай көрермендер «Айжұлдыз» хабарынан кейін жаңа ертегі тыңдай алады.

Бүгіннен бастап  «Менің ғажайып ертегім» жобасы эфирге шығады.  Енді кішкентай көрермендер «Айжұлдыз» хабарынан кейін жаңа ертегі тыңдай алады.

«Менің ғажайып ертегім» жобасы ата-аналар жазған ертегілер бойынша жасалған. Хабар барысында эстрада жұлдыздары ертегі оқыса, ал балалар шығарманың  оқиға желісі бойынша қойылым көрсетеді.

Айта кетейік, «Балапан» телеарнасы 5 жылдық мерейтойы қарсаңында ата-аналар арасында  «Менің сүйікті ертегім» атты ертегілер  байқауын жариялаған болатын. Сайыста үздік  деп танылған шығармалар «Менің ғажайып ертегім» жинағына енгізілді.

 

Жинаққа енген ертегілер туралы мына жерден білуге болады.

0
0
345

Гүлдәрия Қастеева: Әкемнің сурет салудағы табандылығы ерекше болатын

Әбілхан Қастеев - қазақ кәсіби бейнелеу өнерінің негізін қалаушы.

Әбілхан Қастеевтің мұражай-үйі - Алматыдағы орны бөлек мәдениет нысандарының бірі.

Қазақ бейнелеу өнерінің атасы бұл үйде 1958-1973 жылдары тұрған. Мұнда суретшінің кезінде тұтынған дүниелері мен 100-ге тарта  жұмысы қойылған. Шебердің қарындашпен, қылқаламмен салған алғашқы туындыларын да осы мұражайдан көруге болады.

«Мұнда жиі келетіндер - бейнелеу өнерін меңгеріп жүрген жастар, танымал суретшілер мен шебердің көзін көргендер», дейді мұражай-үйінің директоры Еркін Нұразхан.

Қолданған заттарының ішіндегі ең құндысы - сурет салуға арналған құрал-саймандары. Бұлардың бәрін суретші өз қолымен жасаған екен. Қызы Гүлдәрия Қастеева «Әкемнің сурет салудағы табандылығы ерекше болатын», деп еске алады.

Толығырақ «Таңшолпанда».

0
0
437

Мақсат Базарбаев: Тыңдармандарыммен әлеуметтік желілер арқылы пікірлесіп отырамын

Әнші Мақсат Базарбаев - «Таңшолпанда» қонақта.

«Қайда барсам да, «Сахнадан неге көрінбей кеттің?» дегенді жиі еститін болдым.

Тоқтап қалған жоқпын, әндер жазылып жатыр, түсірілімдерге, түрлі концерттерге қатысып жүрмін. Шығармашылық жұмыстарым жалғасуда», дейді әнші.

«Өнерде жүргеннен кейін халыққа есеп беру - міндет. Сондықтан, жеке кешімді өткізу - қазіргі кездегі ең басты мақсаттарымның бірі», деген өнер иесі тыңдармандарымен әлеуметтік желілер арқылы пікірлесіп отыратынын жеткізді.

Сондай-ақ,әнші студияда көрермендер тарапынан түскен отбасы туралы сауалдарға жауап берді. Толығырақ«Таңшолпаннан» көріңіз.

0
0
389

Студенттердің бір-біріне қандай сыйлық ұсынғандары абзал?

Ақша жинайтын түрлі қобдишалар сыйлау - жақсы ырым.

«Кім сыйлық жасай білсе, сол өмір сүре біледі». Жақыныңның жанын жадыратып, қуанта білудің өзі - бір бақыт.

Ақша жинайтын түрлі қобдишалар сыйлау - жақсы ырым. Баласы бар жақындарыңызға ойыншықтардан гөрі, бір мезгіл бала денсаулығына пайдалы заттар да сыйлағаныңыз абзал.

Ең бастысы, бұл сыйлықтардың қолдан жасалғанын, тұрмысыңызға аса қажетті екенін естен шығармаған жөн. Сондай-ақ, сыйлық берген адамға құрметпен қараңыз. Оның тартуын «арзан-қымбат, үлкен-кіші» деп өлшеп-пішуге әдеттенбеген жөн.

Ал, студенттер қауымы бір-біріне қандай сыйлық ұсынғандары абзал? Бұл туралы «Таңшолпаннан» көріңіз.

0
0
308

Ц.Цачева: Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болуы қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттырады

Қазақстанның ДСҰ-ға енуі бәсекелестікті арттырып, ұлттық кадрлардың сапасын жақсартып қана қоймай, қазақстандықтардың өмір сүру сапасы мен экономика өсімі мен табысын ұлғайтады, деді Астанаға жасаған ресми сапары кезінде Болгария Республикасының Халықтық Ұжым төрағасы Цецка Цачева. - Қазақстан мен Болгария арасындағы парламентаралық қарым-қатынастың деңгейіне қандай баға бересіз? - Екі ел арасындағы парламентаралық қарым-қатынас мені толық қанағаттандырады. Бұл орайда екі ел арасындағы парламенттік желі бойынша жоғары дәрежедегі екіжақты ынтымақтастық жолында жасалып жатқан өзара сапарларды ерекше атап өткен жөн. Достық тобының парламенттер арасындағы байланыс пен ынтымақтастықты дамытудағы маңызды рөлін атап өту қажет. Мен осы сапарымды пайдалана отырып Парламент Мәжілісінің төрағасын Бо…

0
0
426

«Қазақстан» зымыран-артиллериялық кораблінің экипажы марапатталды

ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінде ағымдағы жыл бойынша «Қазақстан» зымыран-артиллериялық кораблі экипажының жұмысы қорытындыланды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігің баспасөз қызметі. Жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық даярлықтағы жоғары көрсеткіштері, сондай-ақ өздерінің функционалдық міндеттерін үлгілі орындағаны үшін бірқатар әскери қызметші вымпелдармен, грамоталар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Корабль командирі капитан-лейтенант Бауыржан Мұратұлы «Қазақстан» зымыран-артиллериялық кораблі алдында қойылған 2015 жылға арналған жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес барлық тапсырмалар орындалғанын және ҚР Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз базасы мен Әскери-теңіз күштері қолбасшылығының тарапынан жоғары бағаға лайықты екенін атап өтті. Соңында әскери теңізшілердің аналары, жұбайлары м…

0
0
436

Нан бағасының қымбаттау мүмкіндігіне байланысты өмір сүру деңгейі төмендейтін азаматтар атаулы әлеуметтік көмек ала алады

Қазақстанда нанның бағасы қымбаттаған жағдайда ең төменгі күнкөріс деңгейінің көлемі өзгеретін болады. Бұл атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын ұлғайтуға мүмкіндік береді, деп хабарлады Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі. Қазіргі таңда табысы кедейлік шегінен төмен азаматтарды (отбасыларын) әлеуметтік қолдау «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» ҚР Заңына сәйкес жүзеге асырылады. АӘК жан басына шаққандағы орташа табыс пен облыстар, Астана және Алматы қалаларындағы әрбір отбасына шаққандағы есеппен белгіленген кедейлік шегі айырмашылығының ақшалай нысанында беріледі (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40%). 2015 жылдың 1 қазанындағы ақпаратқа сәйкес, АӘК-ні табысы кедейлік шегінен төмен 34,7 мың азамат алып отыр, АӘК-нің бір адамға шаққандағы көлемі…

0
0
356

Қазақстан мен Пәкістан сауда-экономикалық байланысты нығайтуға мүдделі

Астана қаласында комиссиясының сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Пәкістан үкіметаралық бірлескен 8-ші отырысы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Асқар Мусиновтің және Пәкістан Ислам Республикасының Мұнай және минералды ресурстар мемлекеттік министрі Джам Камал Ханның төрағалығымен өтті. Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, отырыс барысында Қазақстан-Пәкістан өзара ықпалдастығының сауда-экономикалық, отын-энергетикалық, транспорт және байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, ғылым салаларына қатысты көптеген мәселелер талқыланды. Қазақстан тарапы «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамудың мемлекеттік бағдарламасы, «100 нақты қадам» ұлттық жоспары секілді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамаларына…

0
0
412