Мазмұнға өту

Жаңа

Қанат Ислам: «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналарына алғыстан басқа айтарым жоқ

Қанат аға, жиырмасыншы жеңісіңіз құтты болсын! Қазақтың абыройын асқақтатып, беделін тағы бір көтердіңіз. Шын қуандық. Қарсыласыңызды алғашқы раундта-ақ құлаттыңыз. Ең оңай жекпе-жегіңіз осы болған шығар?

— Мен бұл жарысқа өте көп дайындалдым. Негізі бұл жекпе-жек сәл ертерек өту керек еді. Түрлі себептермен кейінге шегеріле берді. Шамамен 6 ай бойы осы жарысты күттім. Спорт ол қиындықтардан тұрады. Биік белес бағындырып, қазақтың атын шығару үшін мен соның барлығынан өтуім керек. Сабыр сақтап, шыдамдылық танытып, күнделікті жаттығуымды үзбедім. Тіпті әдеттегіден де көбірек жаттығып, техникалық мүмкіндіктерімді арттыруға күш салдым. Ешбір қарсыласқа анау әлсіз мынау мықты деп қарамаймын. Әр қарсыласқа тиянақты дайындаламын. Бұл жолы 10 раундтық кездесу болады деп, дайындалып шыққан едім. Құдай бұйыртып алғашқы раундта-ақ ұттым. Бұл жеңісім де жаттығуымның нәтижесі деп ойлаймын.

 

Интернеттен жаңа киім үлгісін киіп, фотосессия жасаған суретіңізді көріп қалдық. Жаңа келісім шарттар жасалды ма?

— «Нелсон» промоутерлік компаниясымен ары қарай жұмыс жасаса беремін. Бірақ, біз қазір жаңа менеджермен келісім шартқа отырдық. Енді менің жекпе-жектерімді әлемдегі ең танымал менеджер Эл Хэймон ұйымдастыратын болады. Ол бұрын Мейвезердің кездесулерін өткізген тәжірибелі маман. Алдағы уақытта жағымды жаңалықтар көп болады деп сенемін. Осы ретте Бауыржан Оспанов ағама ерекше алғыс айтқым келеді. Ол кісінің менің биік белес бағындыруыма жасап жатқан еңбегі орасан зор. Ұлттың мүддесін ойлайтын, елге тірек болатын ағамның барына қуанамын. Бойында азаматтық, даналық пен парсаттылығы мол аға аман болсын!

 

Қанат аға, жиырмасыншы жеңісіңіз құтты болсын! Қазақтың абыройын асқақтатып, беделін тағы бір көтердіңіз. Шын қуандық. Қарсыласыңызды алғашқы раундта-ақ құлаттыңыз. Ең оңай жекпе-жегіңіз осы болған шығар?

— Мен бұл жарысқа өте көп дайындалдым. Негізі бұл жекпе-жек сәл ертерек өту керек еді. Түрлі себептермен кейінге шегеріле берді. Шамамен 6 ай бойы осы жарысты күттім. Спорт ол қиындықтардан тұрады. Биік белес бағындырып, қазақтың атын шығару үшін мен соның барлығынан өтуім керек. Сабыр сақтап, шыдамдылық танытып, күнделікті жаттығуымды үзбедім. Тіпті әдеттегіден де көбірек жаттығып, техникалық мүмкіндіктерімді арттыруға күш салдым. Ешбір қарсыласқа анау әлсіз мынау мықты деп қарамаймын. Әр қарсыласқа тиянақты дайындаламын. Бұл жолы 10 раундтық кездесу болады деп, дайындалып шыққан едім. Құдай бұйыртып алғашқы раундта-ақ ұттым. Бұл жеңісім де жаттығуымның нәтижесі деп ойлаймын.

 

Интернеттен жаңа киім үлгісін киіп, фотосессия жасаған суретіңізді көріп қалдық. Жаңа келісім шарттар жасалды ма?

— «Нелсон» промоутерлік компаниясымен ары қарай жұмыс жасаса беремін. Бірақ, біз қазір жаңа менеджермен келісім шартқа отырдық. Енді менің жекпе-жектерімді әлемдегі ең танымал менеджер Эл Хэймон ұйымдастыратын болады. Ол бұрын Мейвезердің кездесулерін өткізген тәжірибелі маман. Алдағы уақытта жағымды жаңалықтар көп болады деп сенемін. Осы ретте Бауыржан Оспанов ағама ерекше алғыс айтқым келеді. Ол кісінің менің биік белес бағындыруыма жасап жатқан еңбегі орасан зор. Ұлттың мүддесін ойлайтын, елге тірек болатын ағамның барына қуанамын. Бойында азаматтық, даналық пен парсаттылығы мол аға аман болсын!

 

Әлеуметтік желілер мен сайттарда «Қанат Исламның жекпе-жегенін отандық телеарналар неге көрсетпейді?» деген мақалалар жазылып, түрлі пікірлер айтылуда. Шынымен де неге жекпе-жектеріңізді телеарналардан көре алмай жүрміз? Мұның біз білмейтін бір сыры бар ма?

— Спорттың да басқа салалар сияқты өзінің заңдылығы бар. Мұны бірі түсінсе бірі түсінбей жатады. Көп адам мені Генамен салыстырады. Генаның өзі көп еңбек етті, ол да басында телеарналарға шыққан жоқ. Белгілі бір белес бағындырған соң барып, экрандардан көрсетіле бастады. Әлемге танымал болмай жатып, телеарнаға шығамын деу ол қисынға келмейді. Экраннан көрсету үшін спортшының атақ дәрежесі, жетістігі болу керек. Мен 20 жекпе-жегімді енді ғана өткіздім. Американың өзі бұл кездесуімді экраннан көрсеткен жоқ. Маған әлі көп еңбек ету керек. Қазақстандағы телеарналарға менің ешқандай да өкпем жоқ. «Қазақстан» ұлттық арнасы бір бағдарламасын маған арнағанын білемін, жарыстан соң скайп арқылы сұхбаттастық. Қаншама журналистер жарыс алдында да жарыстан соң да хабарласып жатты. Аллаға шүкір, елімнің барына, мені іздейтін қазағымның барына қуаныштымын. «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналарына алғыстан басқа айтарым жоқ. Ешкім мені шеттетіп жатқан жоқ. Мен спортта ақырын-ақырын өсіп келе жатырмын. Бұйыртса, жекпе-жегімді телеарнадан көрсететін күнге де жетеміз. Сіздер сабыр етіп күтулеріңіз керек. Ал маған талмай еңбек ету керек.

 

Жиырмасыншы жекпе-жектің видеосын көрермен екі күннен соң көрді. Суреттер әлі күнге дейін жоқ. Неге? Әлде қасыңызда жарнамаңызбен айналысатын адам жоқ па?

— Сіздерді түсінемін. Экраннан көре алмаған соң, кездесулерімді интернеттен көруге асығасыздар. Кейде оған да мүмкіндік болмай жатады. Жаңа келісім шартқа енді қол қойдық. Бұйыртса, енді барлығы басқаша болады деп ойлаймын. Келесі жарыстарымның суреті мен видеолары өз уақытында жариаланатын шығар.

 

Келесі жекпе-жегіңіз қашанға жоспарлануда? Жыл соңына дейін қанша жекпе-жек өткізесіз?

— Қазір осы мәселелерді шешіп жатырмыз. Алдағы 10 күннің ішінде белгілі болады. Тағы бір кездесу өткізуім мүмкін. Қанат деп тақымын қысып отырған еліме алғыс айтқым келеді. Қазақтың туын көтеретін жастар көп болсын. Қазақ елі өркендеп дами берсін. Еліміз, Елбасымыз аман болсын!

 

— Рахмет, аға. Аман жүріңіз! Қазақтың Қанатын әлем танысын!

 

Сұхбаттасқан — Берік СҰЛТАН

0
0
422

«Микки маус клубы» сайысының 10 қараша күнгі жеңімпазы анықталды

«Микки маус клубы» сайысының  10 қарашадағы жеңімпазы анықталды. Ол - Арайлым есімді қатысушы.

Жеңімпаз 15 сұрақтың бәріне дұрыс әрі жылдам жауап беріп,  1000 ұпай жинаған. «Балапан» телеарнасы Арайлымға арнайы Миккиден сыйлық ұсынады.

«Микки маус клубы» сайысы осымен  аяқталды. Бір апта бойы өткен байқауда 7 ойыншы топ жарды. Оларға сыйлықтар табыс етіледі.

Ойынға қатысқан барлық балаға алғыс айтамыз!

 
0
0
852

«Қазақстан-Павлодар» телеарнасы 50 жылдығын атап өтуде

Павлодар облыстық телеарнасының жартығасырлық тойын өңір жұртшылығымен бірге бөлісу үшін Мәдениет үйінің акт залында сағат 11.00-ден 13.30-ға дейін салтанатты жиналыс өтеді.

Оны көрермендеріміз сол күні тікелей эфир арқылы көре алады. Сол жиында «Қазақстан -Павлодар» телеарнасының 50 жылдығына арналған «Аймақтың басты арнасы – Главный телеканал Прииртышья» кітабының тұсауы кесіледі.

Сағат 15:00- 16:00 «Қазақстан - Павлодар» телеарнасының 50 жылдығына арналған «Аймақтық БАҚ-тың қоғамдағы ролі» атты дөңгелек үстел өткізіліп, «Қазақстан - Павлодар» телеарнасы мен Ресей Федерациясы Алтай мемлекеттік телерадиокомпаниясы арасындағы Меморандумға қол қойылады.

Алыстан келген меймандармен «Қазақстан - Павлодар» телеарнасының 50 жылдығына арнап безендірілген трамваймен шағын экскурсия жасап, Павлодар қаласының көрікті жерлерін аралап көрсету жоспарланып отыр.


0
0
937

«Қазақстан-Семей» филиалын «Қазақстан-Өскемен» филиалына біріктіру мәселесі бойынша «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз мәлімдемесі

Қазіргі уақытта «Қазақстан» РТРК» АҚ (бұдан әрі – Корпорация) Корпорацияның тиімділігін арттыру мақсатында оны трансформациялауды жүзеге асыруда.

Мемлекет аумағының 98% хабар таратумен қамтитын және әр өңір орталығында орналасқан 13 облыстық және Семей қаласындағы 1 қалалық филиалы бар, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыратын «Қазақстан» телеарнасы Корпорацияның басты медиа-ресурстарының бірі болып табылады.

1997 жылы өңірлерді әкімшілік реформалау кезінде Семей және Шығыс Қазақстан облыстары біріктіріліп, Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласындағы бір орталыққа бағындырылды. Нәтижесінде, бір әкімшілік-аумақтық бірлікте бірін-бірі қайталайтын 2 телеарна қызмет атқара бастады. Бұл жағдай мемлекеттік қаражаттың тиімсіз жұмсалуына алып келді.

Бұдан басқа, «Ақпараттық Қазақстан – 2020» Стратегиялық даму жоспарына сәйкес 2018 жылға қарай Қазақстан Республикасының барлық аумағы сандық хабар таратуға толығымен ауыстырылу қарастырылған. Яғни, 2018 жылы қызмет көрсетуі үлкен шығындарды қажет ететін аналогтық хабар тарату толығымен тоқтатылады. Сандық пакетке, қалалық деңгейдегі арналарды қоспағанда, барлық облыстық телеарналар енгізілетін болады.

Жоғарыда айтылғанды негізге ала отырып, мемлекеттік қаражатты тиімді жұмсау мақсатында Корпорация «Қазақстан-Семей» телеарнасын «Қазақстан-Өскемен» телеарнасының құрамына қосу туралы шешім қабылдады. Сонымен бірге, Семей қаласының тұрғындар саны 339 мыңнан астам адамға жететінін және олардың басым бөлігі «Қазақстан-Семей» телеарнасының аудиториясын құрайтынын ескере отырып, телеарнаның материалдық-техникалық базасындағы танымал бағдарламаларды «Қазақстан-Өскемен» телеарнасының хабар тарату кестесіне қосу арқылы сақтап қала отырып, Семейде кеңейтілген тілшілер қосынын құру туралы шешім қабылданды.

Осы орайда, «Қазақстан-2050» даму Стратегиясын, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлт жоспары - «100 нақты қадам» бес институционалдық реформасын, «Мәңгілік ел» патриоттық актісін, «Нұрлы жол» бағдарламасын және басқа да бағдарламалық құжаттарды орындау шеңберінде мемлекеттік ақпараттық саясаттың басым бағыттары бүкіл Шығыс Қазақстан облысын  хабар таратумен толық қамтитын «Қазақстан-Өскемен» телеарнасы арқылы жүзеге асырылатын болады.

Қазіргі уақытта Семей қалалық телеарнасының жаңа жағдайдағы өндіріс көлемін анықтау мақсатында Корпорация қызметкерлерінен тұратын арнайы жұмыс тобы құрылды. Оның қорытындысы бойынша штаттық құрамы шамамен 30 бірліктен тұратын жаңа штаттық кесте қалыптастырылмақ. Семей қ. филиалында қызметінен босатылған барлық қызметкерлерге Корпорацияның өндірістік құрылымдарында, атап айтқанда Астана, Алматы қалаларындағы және басқа да облыстық филиалдардағы бос қызмет вакансиялары басымдық негізде ұсынылатын болады.

Мұнымен қатар, «Қазақстан-Семей» телеарнасының қаржылық қызметінің шығыны басым екендігін, атап айтқанда 158,5 млн. теңгені құрайтын жылдық жалпы шығынның құрылымы төмендегідей екенін атап өткен жөн:

-         жарнама қызметі есебінен түсетін коммерциялық кіріс «Қазақстан-Семей» филиалының жалпы кіріс сомасының 11% құрайды;

-         жергілікті бюджеттен кіріс сомасы 19% құрайды;

-         қалған шығын мемлекеттік бюджет есебінен дотацияланады.

 
0
0
1043

Бои Ислама и РТРК «Қазақстан»

В последние дни, среди любителей бокса не утихают страсти касательно прошедшего 7 ноября поединка казахстанца Каната Ислама с доминиканским боксером Хонатаном Батистой.


АО «РТРК «Қазақстан» регулярно следит за профессиональной карьерой Каната Ислама и старается не упускать возможность освещения поединков с его участием.

Как известно, все свои бои на профи-ринге Канат проводит зарубежом. Канат Ислам – как человек новый в мире профессионального бокса, где, как известно, ключевую роль играют рейтинги, занимает только 90-ю строчку в мировом рейтинге проффесиональных боксеров. По этой причине, его бои, в основном, попадают в сетку «разогревочных поединков», которые редко включают в программу международных трансляций.

Вечер бокса, в рамках которого Канат провел свой двадцатый бой, соответственно не имел высокого рейтинга, так как в главном поединке вечера ганский боксер Фредерик Лоусон и канадец Кевин Бизье всего лишь оспаривали титул IBF title eliminator в полусреднем весе, что особо не котируется в мире профессионалов. В связи с этим данный поединок транслировался только по интернет-телевидению, у которого нет лицензии на трансляцию по всему миру.

Тем не менее, творческий коллектив АО «РТРК «Қазақстан» сделал всё возможное, чтобы наши зрители первыми узнали о результатах данного боя в рамках утренней передачи «Бүгін жексенбі» на телеканале «Қазақстан».

Во время эфира удалось организовать прямую видеосвязь с Канатом через Skype ипредоставить ему возможность поблагодарить своих соотечественников за поддержку в прямом эфире национального телеканала.

Хотелось бы сообщить, что телеканалы «Казахстан» и «Kazsport» постоянно ведут работу по освещению различных турниров, где участвуют казахстанские спортсмены, в том числе боксеры-профессионалы.

Зрители наших телеканалов уже стали свидетелями ярких побед не только Геннадия Головкина, но и Романа Жайлауова, Исы Акбербаева, Жаната Жакиянова.

Совсем скоро в мире большого профессионального бокса появится еще один казахстанец и поклонники спорта узнают о нем также из трансляций вышеуказанных телеканалов.

В свою очередь, мы рады очередной победе Каната и желаем ему успехов, как в профессиональном плане, так и в личных достижениях.

 
0
0
341

«Қазақстан» РТРК және Исламның кезекті жекпе-жегі

Соңғы күндері бокссүйерқауым арасында 7 қараша күні  өткен қазақстандық боксшы Қанат Ислам мен доминиканалық боксшы Хонатан Батистаның жекпе-жегіне қатысты дау басылар емес.


«Қазақстан» РТРК» АҚ Қанат Исламның кәсіпқой бокстағы қадамын үнемі қадағалап, оның қатысуымен өткен барлық сындарға ақпараттық қолдау көрсету мүмкіндігін жіберіп алмауға тырысады.

Көпшілікке аян, Қанат жекпе-жектерінің барлығын шетелде өткізіп жүр. Кәсіпқой бокста рейтингтің маңызы зор екені аян.  Ал Ислам бұл салаға жаңа келген адам. Оның үздік боксшылар тізімінде бар болғаны 90-шы орында тұрғаны және белгілі. Сол себепті қазірше ол өткізген кездесулер халықаралық трансляциялар тізіміне ілінбеуде.

Қанаттың жиырмасыншы жекпе-жегі де аталған себеппен көпшілік назарынан тыс қалды. 7 қараша күні Майамиде өткізілген бокс кешінің басты кездесуі - ганалық Фредерик Лоусон мен Кевин Бизье арасындағы жекпе-жек тек жартылай ортақ салмақтағы IBF title eliminator атағына талас болатын. Ал мұндай жекпе-жектер кәсіпқой бокс әлемінде жоғары  бағаланбайды. Сондықтан бокс кеші толығымен көпшілік үшін қолжетімді телеарна емес,  трансляцияны әлемге таратуға лицензиясы жоқ интернет-арна арқылы ғана көрсетілді.

Дегенмен, «Қазақстан» РТРК» АҚ шығармашылық ұжымы бұл жекпе-жекті көрермен назарынан тыс қалдырмай, «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Бүгін жексенбі» таңғы бағдарламасында кездесудің қорытындысы  жайлы отандастарымызға бірінші болып хабар жеткізді.

Эфир барысында Қанатпен тікелей Skype арқылы бейнебайланыс ұйымдастырылып, сол арқылы боксшымыз өзіне көрсеткен қолдауы үшін отандастарына алғыс білдіруге мүмкіндік алды.

Отандық спортшылардың, соның ішінде кәсіпқой боксшыларымыздың тыныс-тіршілігі «Қазақстан» мен «Kazsport» ұжымының үнемі назарында.

Осы күнге дейін көрермендеріміз тек Геннадий Головкиннің ғана емес, сонымен қатар Роман Жайлауов, Иса Ақбербаев және Жанат Жақиянов секілді жігіттеріміздің жарқын жеңістеріне куә болды.

Жақын күндері отандық кәсіпқой боксшылар қатарын тағы бір азаматымыз толықтырмақ. Оның шаршы алаңдағы алғашқы қадамдарын да көрермен біз ұйымдастырған трансляция арқылы бағалай алады.

Қанаттың кезекті жеңісіне біз өте қуаныштымыз және отандасымызға кәсібінде де, жеке өмірінде  де жетістіктерге жете беруге тілектеспіз.

 
0
0
435

2015 жылдың Жас Барыстары

Қараша айының 4-7 күндері Орал қаласында қазақ күресінен республикалық « Жас Барыс» турнирі мәресіне жетті.  14-15,  16-17, 18-19 жас аралығында үш топта сынға түскен жас балуандардың бәсекесіне еліміз бойынша 260 спортшы қатысты.


0
0
760

Қызылордалық полицейлер жол көлік оқиғасынан зардап шеккен азаматтарға көмек берді

2005 жылдың 26 қазанында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының бастамасымен қарашаның үшінші жексенбісі жол-көлік оқиғасының құрбандарын Дүниежүзілік еске алу күні болып бекітілген болатын. Аталмыш күн аясында Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментінің ұйымдастыруымен қараша айының 09-15 күндері аралығында «Жол жүрісі қауіпсіздігі апталығы» республикалық акциясы өткізілуде. Бұл акцияның мақсаты – жол-көлік оқиғасында көз жұмғандарды еске алу және ауыр қазаға ұшыраған отбасылардың қайғысына ортақтасу, өзара сыйластық, жолда қауіпсіздік ережесін сақтау, жүргізушілердің мәдениетін арттыру тұрғысынан жол қозғалысы қатысушыларының санасын өзгертуде әлеуетті қоғамдық қолдау көрсету болып табылады.

Аталған акция аясында қараша айының 11 күні Қызылорда облысы ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасы аппаратының қызметкерлері мен жол-патрульдік полицейлер жол апатынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету мақсатында қан тапсыру шарасын ұйымдастырды.

Жылдағы үрдіске айналған бұл іс-шараға қан орталығының қызметкерлері арнайы жабдықталған құралдарымен Әкімшілік полиция басқармасының ғимаратына келді.

Қамқорлық акциясына барлығы 100-ге жуық қызметкер қатысып, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің «қиналғанға қол ұшын бер» принципін басшылыққа алатындарын тағы да дәлелдеді.

Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі

 

0
0
371

Что такое настоящий соғым. Давайте будем отмечать новый праздник – День соғыма

Я вырос на севере Казахстана и для меня соғым, это не просто мясо, которое закупается на зиму. Для меня соғым - это праздник, который остался в моей памяти с детства.

Никак не могу привыкнуть к тому, что некоторые соғымом считают иногда несколько килограмм мяса, купленного чуть ли на базаре. То есть, такой соғым отличается от простого закупа мяса чуть большим количеством. Есть много случаев, когда несколько семей вскладчину покупают корову или лошадь. И всё это происходит буднично и скучно. Выбрал мясо, оплатил, привез домой, положил в холодильник и сам съел.

У нас же соғым был настоящим праздником. Примерно в конце ноября – начале декабря каждая семья покупала обязательно лошадь. Ни разу не слышал, чтобы кто-то резал корову. Обычно лошадь резали в субботу или воскресенье. Об этом нужно было заранее, примерно за неделю сообщить всем родным и соседям, чтобы они смогли спланировать свой поход на разные соғымы. И вот наступал торжественный день, когда люди собирались в каком-нибудь доме, чтобы отведать свежую конину. За дастарханом собиралось до 50 человек, если позволял дом. Наверное, четверть лошади съедалось за столом и раздавалось гостям, так как обязательно каждому гостю было положено завернуть немаленький кусок мяса, примерно 2-3 кг. И конечно, сразу готовили чужык, казы, карта, которые всю зиму и кушали. Только сейчас я понимаю, что это самые что ни на есть дорогие деликатесы. Моя мама всё оставшееся мясо коптила на медленном огне несколько дней. У такого мяса особый бульон с копченым запахом. И бешбармак из него превкуснейший.

За праздничным дастарханом было весело и шумно. Садились за стол все вместе, от мала до велика. Никакой водки – только чай. У каждого мужчины всегда был свой складной ножик, которым он резали мясо для себя и других гостей. У нас был очень интересный аксакал, ходил всё время в шляпе, которую использовал вместо полотенца, так как вытирал об неё свои жирные от мяса пальцы. И конечно, после того как все накушались, гости пели песни. Для меня это самые душевные песни в мире. Такая традиция позволяла встречаться за дастарханом, обсуждать новости, делиться своими мыслями. И мясо было лишь поводом лишний раз собраться.

Может быть и есть такое сейчас где-то у нас, но в городах, я думаю, эта традиция уходит в прошлое. Жаль, что так происходит…

P.S. Курметты достар! Оказывается, все ценят и дорожат нашей традицией, поэтому предлагаю ввести новый Праздник - День соғыма и отмечать его, например, в первую субботу декабря. А то всякие Дни святого Валентина и Хэллоуин отмечаем, а свои праздники игнорируем. В этот день, можно просто помочь нуждающимся.

 

Запись из facebook