Тістің саулығына пайдалы 10 тағам
Қазіргі таңда дүкен сөрелеріндегі сан-алуан тағамдардың бірқатары химиялық қоспаларға толы. Адам ағзасына пайдасы болмақ түгілі, табиғи дәрумендері жоқтың қасы. Күнделікті қолданып жүрген сусындарымыз, азық-түліктеріміз денімізге саулық берудің орнына, түрлі ауруларды «сыйлап» жатады. Мысалы, көп мөлшердегі қант, газдалған сусын, шарап секілді адам тұтынатын тауарлар тістің бірден-бір жауы.

