Мазмұнға өту

Жаңа

Алматы қаласында мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға 700 орын бар

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті мелекеттік органдардың персоналды басқару бөлімдерінің (кадр бөлімі) басшыларына осы жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енген әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін түсіндірді. Кодексте алғаш рет «Мемлекеттік қызмет туралы заңды бұзғаны үшін» әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Аталмыш құжаттың 99 бабына сәйкес, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурстық іріктеу рәсімін бұзу - лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Ал адамдарды мемлекеттік әкімшілік лауазымнан құқыққа сыйымсыз босату – лауазымды адамдарға алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Осындай әкімшілік құқық бұзушылық…

0
0
502

Алматы энергетика және байланыс университетінің студенттері мен оқытушылық құрамының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл, профилактика және алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңызды рөлінің бірі жастармен жұмыс істеу болып табылады. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдырға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының айырмас бір бөлігі ретінде саналатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімді қалыптастырдың басымдығы жастарды насихаттауға бағытталған. Осының негізінде, 2015 жылдың 12 ақпанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мен Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен, Алматы энергетика және байланыс университетінің студенттері мен оқытуышылқ құрамының қатысуымен «2014 жылдың 11 қарашасында жарияланған Елбасының «Нұрлы Жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауы жән…

0
0
430

Алматылық жоғарғы оқу орындары сыбайлас жемқорлықтың кері әсерлері туралы ескертілуде

С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде семинар-жиын болып өтті. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті ұйымдастырған бұл шара « 2014 жылдың 11 қарашасында жарияланған «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Елбасы Жолдауы мен 2014 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 Стратегиясы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, профилактика және оның алдын алу » деп аталды, және оған студент жастар, университеттің оқытушылық құрамы, «Нұр Отан» партиясының жастар қанаты Алматылық филиалының жетекшісі мен Алматы қалалық жастар саясаты Басқармасының өкілдері қатысты. Жиында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қи…

0
0
399

Алматы қаласында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 Стратегиясын жүзеге асыру механизмдері дөңгелек үстел үстінде талқыланды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалымен біріге отырып дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел тақырыбы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 Стратегиясын жүзеге асыру механизмдері» болып табылады. Кездесу мемлекеттік органдардың түрлі үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, саяси партиялар мен отандық бизнес өкілдерінің қатысуымен өтті. Дөңгелек үстелді өзінің сәлемдеме сөзімен бастаған «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы Төрағасының Бірінші орынбасары Матыжанов Кенжехан Ісләмжанұлы мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты талқаланатын осындай кездесулердің жиі өтуі қажет екенін айтты. Дөңгелек үстелдің модераторы, ҚР Мемлекетті…

0
0
355

9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні

9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай, облыстық «Қазақстан-Петропавл» телеарнасының «Таңғы шай» бағдарламасына Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы Нұрлан Жахин қатысты.
Жүргізуші сауалдарына жауап берген бөлім басшысы, Департамент қызметінің басым бағыттарына тоқталып, көрермендерді қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жолында атқарылып жатқан жұмыстары жайында хабардар етті. https://www.youtube.com/watch?v=oYwe5qqeCN0

0
0
663

Қызылорда облысында өсімдік майы өндірілетін болады

Қызылорда облысында тамшылатып суару әдісімен 12 мың гектар жерге майлы дақылдар егу, одан өсімдік майын өндіру жоспарланып отыр. Бүгінде оған Иран мемлекетінен инвестиция тартылуда, деп хабарлайды облыстың әкмідіктің баспасөз қызметі. Ауыл шаруашылығы саласында одан да бөлек ауқымды жұмыстар атқарылмақ. Индустрияландыру бағдарламасына енгізілген автоматтандырылған жылыжай кешендерін жүзеге асыру мақсатында «Жоғары Аграрлық Одақ» және ҚазАгроМир» ЖШС жұмыстар атқаруда. Фермерлер ірі типтік бордақылау алаңдарын салуға үлкен қызығушылық танытуда. Жыл соңына дейін Қазалы ауданындағы «Сыр маржаны» ЖШС 500 бас, Сырдария ауданындағы «Шаған-жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 3 мың бас сиырға арналған кешенді бордақылау алаңын салуды жоспарлап отыр. Жалағаш ауданында осындай нысан келесі ж…

0
0
1091

Ричард Майяға сезімін білдіре ала ма?

Бүгін 18:35-те «Жүрегім сізге аманат» телехикаясының 86-бөлімін көріңіз.

Майяның қуанышында шек жоқ. Себебі, оны қиялындағы ханзадасы – Ричард мырза кездесуге шақырды. Алайда, Майя Ричардтың өзіне деген қарым-қатынасының өзгергеніне таң қалып жүр. Ал, Ричардтың  оған деген ниеті таза.

Десе де, бүгінгі кездесуде не қызық болатынын білгіңіз келе ме? Майя арманындағы жанның қасында  өзін қалай ұстайды?

Бүгін 18:35-те «Жүрегім сізге аманат» телехикаясының 86-бөлімін көріңіз.

0
0
395

«Қыздар сұлу көрінер...»

Бояу, бояну тақырыбына арналған «Айтуға оңай...» хабарын бүгін 20:20-да көріңіз.

Бүгінде бет-әлпетіне бояу жақпайтын бойжеткендер аз. Бірі опа-далапты жұқалап жақса, бірі шектес тыс қолданады.

Жасанды қас-кірпікті де көшеде екінің бірінен кездестіруге болады. Қазір қыз-келіншекті қойып, кейбір ерлер де бояуға жақын.

Ішкі сұлулықтан бұрын сыртқы сұлулықты ойлайтындар денсаулықтың жағдайы қалай? Дәрігерлер мен косметологтар не дейді?

Мамандардан денсаулықты қалай күту туралы кеңес алғыңыз келсе, бүгін 20:20-да «Айтуға оңай...» хабарын көріңіз.

0
0
848

Қарағандыда «Ұлы даладан – Мәңгілік Елге» атты ғылыми-теориялық конференция өтеді

Шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті және Тәуелсіздік күніне арналған. 10 желтоқсанда Қарағандыда студенттер арасында «Ұлы даладан – Мәңгілік Елге» тақырыбында ғылыми-теориялық конференция өтеді. Шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті және Тәуелсіздік күніне арналған. Жиын «Білім, ғылым және өндірістің бірігуі негізінде техникалық және кәсіптік білім беру сапасын қамтамасыз ету құрылымы» атты ІҮ облыстық ғылыми-практикалық конференциясының шеңберінде өткізілмек. Мақсат - Ұлы даладан бастау алатын - Мәңгілік Елдің өткені мен келешегі туралы болашақ жастардың зерделі ойларын ортаға салу және өзекті мәселелерді анықтау және талқылау. Конференцияның міндеттері: ғылыми ақпараттарды талдау және зерттеу қабілеттерін жетілдіру; өскелең ұрпақты зерттеу жұмыстарына тарта отыры…

0
0
459

Қайрат Нұртас 8 желтоқсанда «Мазала» әніне түсірілген бейнебаянның тұсаукесерін өткізеді

8 желтоқсанда «Хан шатыр» ойын-сауық орталығында Қайрат Нұртастың «Мен ғашықпын...» атты жаңа әндер жинағына енген «Мазала» әніне түсірілген бейнебаянның тұсаукесері өтпек. Жас әртістің әрбір жаңа әні тыңдармандарды таң қалдырмай қоймайды. «Мен ғашықпын...» атты үздік 86 әннен құралған 12-жинағына әртістің көпшілік сүйіп тыңдайтын әндерімен қатар жаңа әндері де кірді. Сондай-ақ, жақында ғана тыңдармандарға жол тартқан, сөзін Ш. Сариев, әнін Д. Шарипов жазған «Мазала» атты әніне түсірілген бейнебаянның да тұсауы кесіледі. Мәскеу қаласында түсірілген бұл бейнебаянның режиссері – А. Голубев. Елорда тұрғындары мен қонақтары өздерінің сүйікті әншісімен кездесіп қана қоймай, қолтаңбасы қойылған дискті Қайраттың өз қолынан алу мүмкіндігіне ие болады. Қайрат Нұртастың жанкүйерлері бірінші болып ә…

0
0
1066