Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алғашқы алқалы отырысы өтті
Қайрат Қожамжаровтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алғашқы алқалы отырысы өтті. Онда 2015 жылдың 1-тоқсаны жұмысының қорытындылары талқыланып, алдағы мерзімге міндеттер белгіленді.
Алқалы отырыста Қайрат Қожамжаров Мемлекет басшысы заманауи, кәсіби және дербес мемлекеттік аппаратты құруды басты институционалды реформа ретінде жариялағанын баса атап өтті.
Агенттіктің Төрағасы бұл міндетті тиімді іске асыру үшін норма шығармашылық, ұйымдастырушылық және ақпараттық жұмыс жүргізу қажеттілігін атап өтті.
Барынша объективті және мөлдір болуға тиіс кадрларды іріктеу және жоғарылату механизмдерін жетілдіру мақсатында мемлекеттік қызметтің моделін және қызметкерлердің олардың нәтижелеріне байланысты еңбегін төлеуді модернизациялауға, сондай-ақ тағайындаудың патронатты жүйесін жоюға күш салу қажет.
Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен оны тудыратын жағдайларды анықтау мен оларды жоюдың тиімді жүйесін құруға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңының жобасы түбегейлі жаңалықпен ерекшеленуі қажет.
Қайрат Қожамжаров бүгін мемлекеттік қызметшілердің дайындығы сапасы мен кәсіби біліктілігін арттыру мамандардың потенциалын іске асырудың маңызды факторларының бірі болып отырғанын айтты.
Басымды міндет ретінде талантты мамандарды анықтау ғана емес, оларды қолдау, халыққа адал және кәсіби түрде қызмет етуге шешім қабылдағандардың барлығының потенциалын ашуға жағдай жасау болып табылады.
Өз сөз сөйлеуінде Агенттіктің Төрағасы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мемлекеттік қызметтерді көрсетудің жоғары сапасын қамтамасыз етусіз мүмкін емес екендігін баса айтты.
Ведомствоның басты бағыттары ретінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, бұл әлеуметтік жамандықтың себептері мен жағдайларын анықтау мен жою бойынша жұмысы болып табылады. Жаңа өкілеттіктер шеңберінде Агенттік басқа мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жасайды.
Олар мемлекеттік қызметтерді көрсету, рұқсат беру және бақылау функциялары салаларында анықталды. Мүдделердің қайшы келуі, мемлекеттік қызметшілердің жақын туыстарына сенімді басқаруды формальді түрде тапсыру арқылы коммерциялық ұйымдардың басқаруына қатысатын жағдайлар анықталды.
Мысалы, министрліктер мен олардың ведомстволарының мемлекеттік сатып алулардың жеңімпаздары болып осы мекемелердің лауазымды тұлғалары мен олардың туыстарына тиесілі коммерциялық ұйымдар атанған.
Жоғарыда аталған жұмыстың қорытындылары бойынша Агенттіктің сарапшыларымен сыбайлас жемқорлыққа себеп болатын салдар мен жағдайларды жою бойынша құқықтық және ұйымдық-басқару сипаттағы нақты ұсынымдар жасалды.
Алқалы отырысты қорытындылай келе, Қайрат Қожамжаров Агенттіктің алдында тұрған барлық міндеттер тиімді іске асырылатына сенім білдірді. Оған барлық қажетті ресурстар мен мүмкіндіктер бар.

