Дұрыс қойылған диагноз – Қоғам денсаулығының кепілдігі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қызметкерлері Алматы қаласындағы денсаулық сақтау басқармасының емдеу-диагностикалық орталығы қызметкерлерімен «Дұрыс қойылған диагноз – Қоғам денсаулығының кепілдігі» тақырыбында кездесу өткізді.
Департаменттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы М.А. Анапин Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы мен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясының басым бағыттары және оның алдын алу шараларына қатысты мәселелерге толық түсіндірме берді.
Сондай-ақ ҚР қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің негіздері түсіндіріліп, денсаулық сақтау саласында орын алып келе жатқан кейбір сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттердің салдары туралы әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.
Кездесу сұрақ-жауап қалпында өтті. Мекеменің бас дәрігері Умбетпаев Алмас Турдыбекович мұндай шаралардың өзекті екенін атап өтті. Кездесу барысында мекеме қызметкерлері бұдан әрі қарай да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау жұмыстары бойынша қоғамдасып жұмыс жасау туралы өздерінің конструктивті ұсыныстарын айтып ізгі ниеттерін білдірді, сонымен қатар ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» заңдарын жетілдіру туралы ұсыныстарын жеткізді.
Семинар – кеңеске қатысқан мүшелер антикорупциялық стратегияны қолдап, сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресу оның салдарын жою юолып табылады.
Аталған іс-шара БАҚ- да «Алматы Ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланды.

