Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Басты басымдық – сыбайлас жемқорлықтын алдын алу

ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қыймыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаметі (бұдан әрі –Департамент) Алматы қаласы, Алатау ауданында  жергілікті, аймақтық мемлекеттік мекеме басшылары, соғыс ардагерлер кеңесі, үкіметтік емес және жастар ұймдары арасында семинар-кеңес өткізді.

Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік Кеңестің төрағасы Бақтияр Камалов өзінің баяндамасында 2015–2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның жүзеге асыуының аужайындағы басым бағыттар мен негізгі тетіктеріне және жұртшылыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктеріне тоқталды. 2015 жылдың басынан бері 10 лауазымды тұлға мемлекеттік қызмет көрсету бағытындағы стандарт талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Бұл тәртіп бұзушылықтарды сапалы маниторинг жүргізу арқылы анықтау мүмкін болған.

Алатау ауданы әкімі Бағдат Манізоров өз баяндамасында жиналған жұртшылықты мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту жұмыстары жөнінде жасалған іс-шаралардың барысымен таныстырды. Ауданда ай аралатып мемлекеттік мекемелер, білім, денсаулық сақтау, т. б. салаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта жүйелі түрде семинар, дөңгелек үстел жиындары өткізіліп тұратындығын айтты.

Келелі кездесу сұрақ-жауап қалыбында өтті. Семинарға қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы жадынамалар таратылды.

       

0
0
507

Осы тақырып бойынша

Басты басымдық – сыбайлас жемқорлықтын алдын алу - Yvision.kz