Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Болашақ қызмет көрсету саласының мамандары – сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті мен Алматы қаласының Білім басқармасы бірлесе отырып, «Елбасымыздың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол-болашаққа барар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамда мүлдем төзбеушілік ұғымын   қалыптастыру арқылы Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстары мен  мен  студент жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін көтеру» атты дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің, Білім басқармасының қызметкерлері мен Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің   қызметкерлері мен студент жастар қатысты.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасасу бөлімінің басшысы Мақсатхан Анапин  «Елбасымыздың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол-болашаққа барар жол» атты Жолдауы мен 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы және Елбасымыздың «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVI съезінде айтылған мемлекетімізді дамытып нығайтуға арналған 5 институционалды міндеттері жөнінде студент жастарға толық мағлұматтар берді.  Алматы қаласы Білім басқармасының кәсіптік білім беру бөлімінің  бастығы Ләззат Жылқыбаева  қаладағы білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталды.   Колледждің арнайы пәндер оқытушысы Ерасыл Мамырбеков «Кесіндінің тең етіп екіге бөлінуі» атты баяндамасында    дамыған елдердегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейі туралы сараптама жүргізіп, оның себептерін түсіндіріп берді.

Дөңгелек үстел барысында барлық  студенттер  көкейтесті тақырыптарды талқылауға белсенді араласып, сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ұғымына байланысты түрлі пікірлер білдірді.

Іс шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаднамалар таратылды.

Іс шараға   «Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы» газеттері,  «Таң», «Алматы» телеарналары мен  «Bnews. Kz.» интернет порталының өкілдері қатысты.

   

0
0
486

Осы тақырып бойынша

Болашақ қызмет көрсету саласының мамандары – сыбайлас жемқорлыққа қарсы - Yvision.kz