Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Отаншылдық жастардың мемлекеттік қызметте жұмыс істеу талпынысының қозғаушы күші

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері KIMEP Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтының студент жастарына «Қазақстанның мемлекеттік қызметі» тақырыбында дәріс оқыды.

КИМЭП-тің бітіруші түлектерінің оқудың соңғы жылында мемлекеттік органдарда өндірістік тәжірибеден өтетіндіктері мәлім болды. Осылайша, студенттердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына тәжірибе жинақтауға аттанғалы отырған студенттерге Департамент қызметкерлері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес», «Мемлекеттік қызмет» туралы Қазақстан Республикасы Заңдарының және «мемлекеттік қызметкердің ар-ождан Кодексінің» негізгі бөлімдеріне түсіндірме берді.

Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу Басқармасының басшысы Геннадий Данияров жастардың мемлекетке қызмет ету талпыныстарын қолдады. «Әр мемлекеттік қызметші өзінің халыққа қызмет етіп, мемлекеттің мүдделерін қорғап жатқанын ұғынуы тиіс. Халық бізге Отанымыздың гүлденуі үшін барлық білімімізді, күшіміз бен тәжірибемізді салады деп үлкен сенім білдіріп отыр»,-деді Басқарма басшысы Геннадий Данияров.

Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, жоғарғы оқу орынын бітірген соң, мемлекеттік қызметке жұмысқа тұратындықтары жөнінде шешімдерінің берік екендіктерін жеткізді.

Сонымен қатар, аталмыш жоғарғы оқу орынының басшылығы Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіп отырған түсіндірме жұмыстарының білім сапасына оң ықпал ететінін атап өтіп, Институт тарапынан Департамент басшысының атына алғыс хат жолдады.

0
0
235

Осы тақырып бойынша

Отаншылдық жастардың мемлекеттік қызметте жұмыс істеу талпынысының қозғаушы күші - Yvision.kz