Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қуатты мемлекеттің негізі – құқықтық мәдениеттің дәрежесін көтеру

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорылққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті (одан әрі - Департамент) Алматы қаласы Әділет Департаментінде «сыбайлас жемқорылққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» атты семинар-мәжіліс өткізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасасу Департаменттің бөлім басышысы Мақсатхан Анапин 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорылққа қарсы Стратегиясының негізгі бағыттарды және Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XVI  съездінде мемлекеттілікті нығайту үшін тәжірибелік аспекттердің бес институциалдық реформалар бойынша  койылған талаптарды түсіндірді.

Алматы қаласы Әділет Департаментінің басшысының орынбасары Зауреш Сатхожина сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде атқарылып жатқан жұмыс бойынша баяндама беріп, 2014 жылда Депратаменттің қызметкерлерімен жемқорлық құқық бұзу туралы статистика келтірді.

Кездесу барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптамаға байланысты Агенттіктің және Департаменттің сенім телефондары көрсетілген жаднамалар таратылды.

Қатысқан мемлекеттік қызметкерлер білімі бойынша заңгер болғандықтан, қоғамның мемлекеттік оргадарға сенімі қызметкерлердің құқықтық мәдениет дәрежесіне байланысты.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасасу бөлімінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптама туралы бейнеролик көрсетті.

0
0
578

Осы тақырып бойынша