Алматыда медицина саласында жемқорлықтың алдын алу бойынша семинар-мәжіліс өткізілді
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті қалалық денсаулық сақтау Басқармасы №12 клиникалық аурухана қызметкерлерімен бірге семинар-жиын өткізді. Жиын барысында сөз алған агенттіктің Алматы қаласы бойынша Департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және қоғаммен өзара ықпалдастық бөлімінің басшысы Анапин Мақсатхан Анапияұлы сыбайлас жемқорлықтың зардаптары, Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы 2015-2025 Стратегиясы мен Қылмыстық Кодексінің тиісті баптарына түсіндірме берді. «Қазіргі таңда Алматы қаласының денсаулық сақтау Басқармасы мемлекеттік қызметтің 12 түрін көрсетеді. Бұл орайда, агенттіктің Алматы қалалық Департаменті тарапынан мемлекеттік медициналық мекемелерде медициналық қ…