Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Қоғам жемқорлықсыз» Жастардың ұраны

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті және Жастар саятсаты басқармасымен бірлесіп  Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ Автомобиль-Жол Академиясының студенттері және мұғалімдер қауымы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбына семинар-мәжіліс өткізді.

Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік Кеңес Төрағасы Камалов Бахтияр Камалұлы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясының және Елбасының Қазақстан халықына «Нұрлы Жол – Болашаққа бастар жол» Жолдауының негізгі қағидаларын тісіндіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, оның алдын алудың тетіктерн тісіндіріп өтті.

Кездесу барысында семинарға қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мазмұндағы кітапшалар таратылып, тақырыпқа орай бейнеролик көрсетілді.

Іс шарада Қазақстан халықтар кіші Ассамблеясының өкілдері қатысып, өзінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі атқарылып жатқан жұмыстарын атап өтті. Жастар комитетінің төрағасы Рамазан Бекбол 10 сәуірде Астана қаласында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің төрағалығымен өткен Қазақстан жастар форумында және 18 сәуірде Елбасының Алатау аудынының тұрғындарымен кездесу барысында қойылған тапсырмалары бойынша толық түсіндірді.

Академияның студенттері «Алға Қазақстан» «Общество без коррупции» атаулы флеш-моб ұйымдастырылды.

Іс шара ТРК «ТАҢ», «Вечерняя Алматы» және «Алматы Ақшамы» БАҚ да жарияланды.

0
0
629

Осы тақырып бойынша

«Қоғам жемқорлықсыз» Жастардың ұраны - Yvision.kz