Студенттер «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарындағы 10 алдыңғы қатарлы жоғары оқу орнында білікті кадрларды әзірлеуді қолдайды
Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институтционалды реформасы аясында «100 нақты қадам» Ұлттық Жоспары, Қазақстан Республикасының Конститутциясына 20 жыл және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын жүзеге асыруды тақылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің (әрі қарай-Департамент), Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетінің оқытушылары мен студенттері қатысты.
Университет ректоры Динар Нөкетаева «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарындағы 10 алдыңғы қатарлы жоғары оқу орнында білікті кадрларды әзірлеу мәселелеріне тоқталды.
Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл бөлімінің қызметкері Сайлау Оразов «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының бірінші реформасын жүзеге асыру мақсатында кәсіби мемлекеттік аппарат құру жөнінде және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы тетіктерінің жүзеге асырылу мәселелеріне өз пікірін білдірді. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдарына мемлекеттік қызметке орналасу жөніндегі бос орындарға жарияланған хабарландыруларды іздеу жүйесінің кең аудиторияға арналған пилоттық жобасы жасалғандығы туралы хабарлама жасалды. Мемлекеттік қызметке орналасқысы келетін әрбір азамат Департаменттің almaty-anticorruption.gov.kz.сайтында ҚР заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасу үшін бос орындарға таңдау жасай алады.
Университеттің заңгері Дәулет Рысқалиев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институтционалды реформасын талқылау шаралары университет көлемінде өткізіліп жатқан жөнінде хабардар етті.
Семинар-кеңеске қатысушылар Елбасы Н.Назарбаеватың идеясын толығымен қолдады. Пікірлер мен қойылған сұрақтарға толыққанды жауап алды.

