«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Ұлт Көшбасшысының реформасын қолдайды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі мәтін бойынша - Департамент) «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-да (бұдан әрі мәтін бойынша – АҚ) семинар-кеңес өткізді.
Департаменттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы Максатхан Анапин Президент Н.Ә. Назарбаев ұсынған кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының алғашқы институционалдық реформасын және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ескерту және қарсы іс-қимыл бойынша Қазақстанның қағидалық ұстанымы көрініс тапқан «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» іске асырудың негізгі тетіктерін түсіндірді.
Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін азаматтардың әкімшілік және қылмыстық жауаптылықтары туралы хабарландырып өтті.
АҚ басшысының міндетін атқарушы Кали Сахарханов Елбасы Н.Ә. Назарбаев энергетикалық салаға үлкен көңіл бөлетіндігін атап өтіп, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көзделген оны қайта ұйымдастыру туралы айтып, сондай-ақ «Бірыңғай сатып алушы» үлгісін енгізу үшін АҚ ұжымы алдындағы міндеттерді белгілеп көрсетті.
Ол, АҚ Республиканың ірі мегаполисін және Алматы облысын элекр энергиясымен қамтамасыз ететіндігін және барлық кәсіпорынның 4000 қызметкері ҚР Президентінің реформасын толықтай қолдайтынын баса айтып өтті.
Іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша кәсіпорын қызметкерлеріне сауалнама жүргізе отырып, сұрақ-жауап пішімінде өтті.

