Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Халыққа сапалы медициналық қызметтер көрсету – денсаулықтың кепілі

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті, «Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ және ҚР Бас Прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша басқармасымен бірлесе отырып, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің  Медициналық  және фармацевтикалық қызметін  бақылау және Медициналық қызметке ақы төлеу комитеттерінің Алматы қаласы бойынша Департаментінде  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалды  реформасын жүзеге асыру мақсатында «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары мен ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын талқылау жөнінде семинар-кеңес  өткізілді.

Медициналық және фармацевтикалық қызметін бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаменті РММ басшысы Майра Үкібай Департаменттің қызметі мен жүктелген тапсырмалары және Алматы қаласы бойынша медицина мекемелерінде мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын артыруға бағытталған жұмыстар жөніндегі мәселелерге тоқталды.

МҚІ және СЖҚІҚА Алматы қаласы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс- қимыл жасау бөлімінің басшысы Мақсатхан Анапин бес институционалдық реформаны жүзеге асыру мақсатында «100 нақты қадам» Ұлттық  жоспарда қазіргі заманғы кәсіби мемлекеттік аппарат құру, сот, құқық қорғау, кеден және салық салаларын онтайландыру, әлеуметтік бағдарланған тиімді экономика құру жайлы айта келе, алдағы уақытта мемлекеттік басқару саласындағы заң актілеріне өзгерістер еңгізу туралы берілген тапсырмаларға  өз пікірін білдірді.

«Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ президенті Жәнділда Жақыпов  ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық, Қылмыстық кодекстеріне енгізілген өзгерістермен таныстырып,  сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шаралардың маңыздылығы тоқталды.

ҚР Бас Прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетің Алматы қаласы бойынша басқармасының пракуроры Әсел Әбдікәрімова құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі  басқармада  сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстары  мен Қазақстан Республикасының заңдарын бұлжытпай орындау  мәселелеріне өз ойын білдірді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Алматы қаласы бойынша  Департамент басшысы Манас Рамазанов Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың реформасының маңыздылығы тоқтала келе екі Департаменттің барлық мемлекеттік қызметтер көрсету мен қызмет алушыларға сапалы қызметтер көрсетіліп жатқандығы жөнінде мәселелерге тоқталды.

Семинар – кеңес барысында «Халықтың құқықтық санасы мен  жауапкершілігін арттыруға бағыталған шаралар» атты жадынамалар таратылды.

Аталған шара БАҚ өкілдірінің қатысуымен өтті.

 
0
0
278

Осы тақырып бойынша

Халыққа сапалы медициналық қызметтер көрсету – денсаулықтың кепілі - Yvision.kz