Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың қызметкерлері «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарындағы «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясын құру мәселесін қолдайды

Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың Жетісу аудандық бөлімшесінде  Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институтционалды реформасы аясында  «100 нақты қадам» Ұлттық Жоспары  мен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын  жүзеге асыруды тақылау бойынша   семинар-кеңес  өткізілді.

Семинар-кеңеске  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің (әрі қарай-Департамент), Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығының Жетісу аудандық бөлімшесінің қызметкерлері қатысты.

Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл бөлімінің қызметкері Сайлау Оразов «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының бірінші реформасын жүзеге асыру мақсатында кәсіби мемлекеттік аппарат құру мәселесіне тоқтала келе, мемлекеттік қызметке қабылдау ресімдерін жаңғырту, төменгі лауазымдарға қағидаттарды реттеу және одан әрі лауазымдық өсу, 3+3 формуласы бойынша  мемлекеттік қызметке бірінші рет қабылданушылар үшін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің рөлін арттыру мен Қазақстан Республикасының  сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы тетіктерінің жүзеге асырылуына өз пікірін білдірді.

Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың Жетісу аудандық бөлімшесінің басшысы Қалия Базикенова «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарындағы  мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдеріне айналатын «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясын құру мәселесіне тоқталды.

Семинар-кеңеске қатысушылар Елбасы Н.Назарбаеватың идеясын толығымен қолдады. Пікірлер мен қойылған  сұрақтарға толыққанды жауап алды.

 
0
0
249

Осы тақырып бойынша

Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың қызметкерлері «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарындағы «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясын құру мәселесін қолдайды - Yvision.kz