Қаланың қоғамдық ұйымдары Ұлт көшбасшының реформаларын қолдайды
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті мен Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы бірлесе отырып, Достық үйінде «Ұлт көшбасшысының 5 реформасын жүзеге асыру мақсатында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков пен Алматы қаласының қоғамдық ұйымдарының өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков Елбасы реформаларының маңыздылығына, Ұлт жоспарының жүзеге асырудың негізгі бағыттарына тоқталды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес Төрағасы Бақтияр Камалов Ұлт жоспарының бірінші 15 қадамындағы мемлекеттік аппараттың түбегейлі кәсібилендіру мәселесіне өз пікірін білдірді.
Алматы қаласының денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Хайырболат Хайдаров жоғары жаңа технологиялық экономикалық өсуді, адам капиталын дамытуға, қазақстандықтардың өмір сүру салтын жақсартуды ынталандырылатын айқын және нақты шешімдерге және қоғамды жаңарту жөніндегі тиімді іс-қимылдар туралы мәселелерге тоқталды.
Алматы қаласының мәдениет басқармасының басшысы Мәркен Ахметов қоғам бірлігінің жалпықазақстандық біртектілігін нығайтуды, «Мәгілік Ел» құндылықтары жүйесін дамытуда көздейтін толыққанды шаралар және «Ашық Үкіметтің» жұмыс тетіктерін, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін жетілдіру, қоғамдық бақылауды күшейту мен іскер азаматтық тұрғыдан араласуды қамтамасыз етеді деп өз сөзін түйіндеді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар Елбасының Ұлттық жоспарының тарихи маңыздылығына өз пікірлерін білдірді.

