Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматы қаласы Алмалы ауданы бойнша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері Елбасының «100 нақты қадам» реформасын қолдайды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында (бұдан әрі – МКБ), Алмалы ауданы бойынша МКБ басшылығы мен қызметкерлерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы» және «100 нақты қадам» атты семинар-кеңес өткізді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы Мақсатхан Анапин Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің алдына қойылған мақсаттары мен міндеттері туралы, бес институционалды реформаны іске асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары туралы, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы», «Ақпаратқа қол жетімділік туралы» Заңдардың жобалары туралы және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл Стратегиясына сәйкес 2015-2017 жылдарға арналған Алматы қаласының іс-шаралар жоспарын іске асыру тетіктерін түсіндіріп өтті.

Алмалы ауданының бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Жанна Аманова өзі басқарып отырған аудан бойынша Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын жеткізу барысында атқарылып жатқан жұмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа бағыттары мен міндеттері жайында айтып өтіп, бизнес өкілдерімен халық арасында «100 нақты қадам» Ұлт жоспары насихатталып жатқанына тоқталды.

Іс-шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын насихаттайтын жадынамалар таратылып, тақырыпты бейнероликтер көрсетілді.

Жиынға бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

0
0
1076

Осы тақырып бойынша

Алматы қаласы Алмалы ауданы бойнша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері Елбасының «100 нақты қадам» реформасын қолдайды - Yvision.kz