Мазмұнға өту

Жаңа

Сыбайлас жемқорлықпен күресу аясындағы мемлекеттік саясатты студенттер қолдайды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті, Алматы қаласы  Жастар саясаты жөніндегі басқармасы, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ұйымдастыруымен «Қазіргі таңдағы жемқорлықтың негіздері: үдерістері мен өзекті мәселелері»   атты ғылыми-танымдық конференция өткізілді.

Конференцияға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің қызметкерлері  мен   ҚазҰАУ-дың оқытушы-профессорлар  құрамы мен студент жастары қатысты.

Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің бірінші проректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Қанат Тіреуов Қазақстан Республикасының  2015-2025 жылдарға арналған  сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын жүзеге асыру мақсатында «Нұр Отан» партиясы және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен бірлесе отырып, жоғары оқу орнында жемқорлық көріністерін болдырмау  жөнінде іс-шаралар өткізіліп, түсіндірме жұмыстары   жүргізіліп  жатқандығына тоқталды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік Кеңес төрағасы Б. Камалов  Елбасы Н. Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының бес институционалды  реформасын  және Қазақстан Республикасының  сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы тетіктерінің жүзеге асырылуына  өз пікірін білдірді. Сондай-ақ, университеттермен бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесе жұмыстар жүргізу мен ғалымдардың дайындаған білім жүйесіндегі өзекті ұсыныстарының маңыздылығына тоқталды.

Нұр Отан»  партиясы Медеу аудандық  филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғани Майлыбаев  «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы»,      О.Сүлейменов атындағы әлеуметтік-гуманитарлық білім және тәрбие беру институтының директоры, профессор Сайын Борбасов «Жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде: мәні мен мағынасы», Қазақ ұлттық аграрлық университетінің гидротехника, мелиорация және бизнес» факультетінің 4 курс студенті Ақдидар Кенжалиева «Сыбайлас жемқорлықпен күресу аясындағы мемлекеттік саясаттың ЖОО-ы студенттеріне тигізетін әсері», заң ғылымдарының кандидаты Айжан Сәтбаева «Білім саласындағы жемқорлықпен күрес: оған қарсы тұру және халықаралық тәжірибе»  тақырыптарында баяндамалар жасады.

Конференция барысында барлық қатысушылар көкейтесті тақырыптарды талқылауға белсенді араласып, сыбайлас жемқорлыққа  қарсы мәселелерге  байланысты түрлі пікірлер білдірді.  Сондай-ақ,  қатысушылар ашық түрде сұрақ-жауап түрінде  пікір алмасып, қойылған  сұрақтарына толыққанды жауап алды.

0
0
528

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стретегиясы аясында «Ақ жол» атты марафон

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті, «Жасыл Ел» ҚБ және Түрксіб ауданы әкімі аппаратымен бірлесе отырып, «Баум» тоғайында «Ақ жол» атты спорттық марафон өткізілді.

Марафонның басты міндеті салауатты өмір сүруді насихаттау, сонымен қатар  жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту.

Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары Мұхтар Тәжібаев марафонға  қатысушыларды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жастар біздің болашағымыз, елімізді дамыту үшін олардың денсаулығы мықты  және күшті болуы керек» деген сөзін келтіре отырып, құттықтады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Нұрбол Бейсеков, біздің   қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті  қалыптастыруда  жастардың белсенділік танытатындықтары жөнінде өз ойын ортаға салды.

Марафонға Алматы қаласының 10 ЖОО-ның 300-ден астам студенттері қатысты. Жеңімпаздарды медальдармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Қатысушылар марафонды ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп,   сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясаттың маңыздылығына өздерінің пікірлерін білдірді.

0
0
418

Марафон «Ақ жол» в рамках антикоррупционной стратегии Республики Казахстан

Департаментом Агентства РК по делам государственной службы и противодействию коррупции по городу Алматы совместно с ОО «Жасыл ел», а также аппаратом акима Турксибского района проведен спортивный марафон на роще «Баума» под названием «Ақ жол».

Главной задачей марафона является пропаганда здорового образа жизни, а также вовлечение молодежи в антикоррупционное движение.

Заместитель акима Турксибского района Мухтар Тажибаев приветствуя участников марафона, процитировал слова Главы государства Нурсултана Назарбаева, «Молодежь наше будущее, они должны быть здоровыми и сильными, чтобы развивать нашу страну».

Консультант отдела антикоррупционного просвещения и взаимодействия с общественностью Нурбол Бейсеков отметил, наша молодежь должна своей активностью формировать антикоррупционную культуру в обществе.

В марафоне приняли участие более 300 студентов из 10 ВУЗов города. Победителей наградили медалями, грамотами, а также ценными подарками.

Участники выразили благодарность организаторам марафона и отметили важность антикоррупционной политики государства.

0
0
265

Болашақ технологтар сыбайлас жемқорлықтан бас тартуда

Бес институционалды реформаны жүзеге асыру аясында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және 2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын насихаттау мақсатында Алматы Технологиялық Университетінде семинар-кеңес өтті.

Іс-шарада ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің бөлім басшысы Мақсатхан Анапин, «Азаматтық Альянс» ЗТБ басшысы Саулетта Толганбаева және университеттің студенттері мен оқытушы құрамы қатысты.

Мақсатхан Анапин мемлекеттік қызмет саласында келе жатқан өзгерістер туралы, бірінші институционалдық реформаны, және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттарын түсіндіріп өтті.

Саулетта Толганбаева өзінің баяндамасында жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті, ол патриотизм, кәсіпқорлық және еңбекқорлықтан тұратынын айтып өтті.

Университет проректоры Қалтай Батхолдин, университет сайтында ректордың блогінде әр студент оқытушы жайлы өз пікірін білдіре алатынын айтты. Университетпен жүргізілетін «оқытушы студенттің көзқарасымен» атты акциясының нәтижесі бойынша оқытушыға шара қолданылатынын айтып өтті.

0
0
422

Орта-Азиялық Университет сыбайлас жемқорлықтан тыс

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту жөніндегі басқармасымен бірлесе отырып, ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын насихаттау мақсатында, Орта-Азиялық Университетінде дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелде «Халықаралық құқыққорғау орталағы» ҚБ Президенті Жанділда Жақыпов және университеттің профессорлы-оқытушы құрамы мен студенттер қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы Мақсатхан Анапин сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың қауіптерін, көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтердің сапасына қалай назар аудару, құқыққорғау органдарының өкілдерімен кездескен жағдайда қалай әңгімелесу туралы түсіндірді.

Жанділда Жақыпов 2015 жылдың 1 қаңтарында қабылданған қылмыс кодексінің ерекшелігін, және сыбайлас жемқорлық сапалы білім алуға қатер ететінін айтып өтті.

Университет ректоры Сайлау Касабеков, дөңгелек үстелге шақырылған модераторларына алғыс білдіріп, сыбайлас жемқорлықпен кездескен жағдайда Агенттіктің 1494 телефонына қоңырау шалуға болатынын студенттерге айтып өтті.

 
0
0
814

Астанада бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Аталған шараны жыл сайын ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және ҚР Кәсіподақтар федерациясымен бірлесе отырып өткізіп келеді.

Биыл байқауға республиканың барлық өңірінен 541 кәсіпорын қатысты.

Аймақтардан келіп түскен өтінімдердің басым көпшілігі Шығыс Қазақстан облысынан болды - 57. Қарағанды және Павлодар облыстарынан сәйкесінше 56 және 53 өтінім қабылданды.

Байқауға қатысушылар өтінімінің басым бөлігі (264 кәсіпорын) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясына келіп түсті. Аталған номинация бойынша үміткерлердің өз қызметкерлерін қолдау, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік бейімдеу, жалпы қоғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру қызметі бағаланды.

100 кәсіпорын «Үздік ұжымдық шарт» номинациясына қатысуға өтінім білдірді. Бұл номинация бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын нығайтатын жұмыс берушілердің іс-әрекеттері бағаланды.

«Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясына 79 үміткер қатысты. Аталған номинацияда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қарастырылды.

«Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша 98 өтінім қаралды. Бұл номинацияда қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі бағаланды.

Биыл байқаудың Бас жүлдесіне жұмыста, сонымен қатар, корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыруда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізген «Самұрық Энерго» АҚ ие болды. Жеңімпазға жоғарғы марапатты Мемлекет басшысы тапсырды.

«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша Қызылорда облысының өкілдері – ірі кәсіпкерлік субъектілер арасында «Саутс-ойл» ЖШС, сонымен қатар, орта және кіші кәсіпкерлік субъектілері арасында «Абзал және К» ТС жеңіске жетті.

«Үздік ұжымдық шарт» номинациясында ірі кәсіпкерлік субъектілер арасында Ақтөбе облысының «Ақбұлақ» АҚ, орта және кіші кәсіпкерлік субъектілері арасында Павлодар облысынан «Мойылды шипажайы» АҚ жеңімпаз атанды.

«Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясында көшбасшы ретінде Жамбыл және Атырау облыстарының қатысушылары анықталды. Ірі кәсіпкерлік субъектілер арасында АО «Т.И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭСі» АҚ, орта және кіші кәсіпкерлік субъектілері арасында сәйкесінше «Каспиан Салфа Компани» ЖШС жеңімпаз болды.

«Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілер арасында Шығыс Қазақстан облысының «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ, орта және кіші кәсіпкерлік субъектілері арасында Қарағанды облысының «ГорКомТранс» ЖШС үздік атанды.

Естеріңізге сала кетейік, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауы Елбасының 2008 жылғы Жарлығымен тағайындалған болатын. Жалпы алғанда байқауға 8 жылдың ішінде кіші, орта және ірі бизнес кәсіпорындарының 3 мыңнан астам өкілдері қатысты.

«Парыз» Бас жүлдесіне:

·   «Қазақмыс» Корпорациясы (2008 жыл)

·   «Торғай Петролеум» АҚ (2009 жыл)

·   «СНПС–Ақтөбемунайгаз» АҚ (2010 жыл)

·   «Тенгизшевройл» АҚ (2011 жыл)

·   «Қаз ТрансОйл» АҚ (2012 жыл)

·   «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ (2013 жыл)

·   «Қазгермунай» ЖШС (2014 жыл) ие болды.

 
0
0
353

Халыққа қызмет – партияның және мемлекеттік қызметтің борышы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті (бұдан әрі - Департамент) «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын» жүзеге асыруға арналған Алматы қаласының 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын шеңберінде «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалымен (бұдан әрі - АҚФ) бірлесіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Жыл басынан бері оңтүстік шахардың азаматтарына сыбайлас жемқорлық көріністеріне, мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға 200-ден астам бірлескен іс-шаралар өткізілді.

«Нұр Отан» партиясы АҚФ Қоғамдық қабылдауында мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшыларының азаматтарды қабылдауға бекітілген кестеге сәйкес, ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде, Департамент басшысы Шаттық Өтеев кезекті қабылдауын өткізді. Қабылдауға жазылған азаматтардың сұрақтарына түсініктеме беріп, департаменттің тиісті бөліміндеріне нұсқаулар берді.

«Нұр Отан» партиясының бастауыш партия ұйымдарының (бұл - қоғам қайраткерлері, Алматы қалалық Мәслихат депутаттары, ҮЕҰ, «Жас Отан» жастар қанаты, БАҚ және т.б.) әлеуетін пайдалану үшін Департамент өз тарапынан «Нұр Отан» партиясы АҚФ аудандық филиалдарының қасынан құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңестің (бұдан әрі –СЖҚК) мүшелігіне қызметкерлерін енгізу бойынша ұсыныс берді.

«Нұр Отан» партиясы АҚФ аудандық филиалдарының саяси кеңес бюросының отырысында айтылған ұсыныс қаралып, «Нұр Отан» партиясы АҚФ аудандық филиалдарының қасынан құрылған СЖҚК кеңесіне Департамент қызметкелерінің мүшелігіне кіргізу бойынша шешім қабылданды.

Бұл бірлескен сындарлы ынтымақтастық бірінші болып Алматы қаласында үлгі ретінде іске асырылуда.

     
0
0
218

Университет жемқорлықтан тыс

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті, Алматы қаласы  Жастар саясаты жөніндегі басқармасы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықтың шығуы: ұлттық таным және ментальды мәселелер» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Конференцияға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің қызметкерлері  мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушы-профессорлар  құрамы мен студент жастар қатысты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры Ғ.Мұтанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте біздің арамызда немқұрайлылық болмауы тиіс. Ең бастысы біздің студент жастарымыз бен ұжымымыз құқық бұзушылық көріністері орын алған жағдайда мүлдем төзбеушілік таныта алады. Сонымен қатар, Британдық «QS» агенттігінің рейтингісіне сәйкес ҚазҰУ әлемдегі алдыңғы қатарлы  университеттер арасынан 275 орынға  көтеріліп, ТМД-да  3 орынға ие болғанын атап өтті.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік Кеңес төрағасы Б. Камалов  Елбасы Н. Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының бес институционалды  реформасын  және Қазақстан Республикасының  сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы тетіктерінің жүзеге асырылуына  өз пікірін білдірді. Сондай-ақ, университеттермен бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесе жұмыстар жүргізу мен  ғалымдардың дайындаған білім жүйесіндегі өзекті ұсыныстарының маңыздылығына тоқталды.

ҚазҰУ-дың проректоры, профессор Шолпан Жаманбалаева «әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндегі «Университет сыбайлас жемқорлықтан тыс», Заң факультетінің деканы Даулет Байделдинов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру жемқорлыққа қарсы маңызды бағыт ретінде», педагогика ғылымдарының докторы, профессор Айгүл  Болатбаева «Университеттік ортада жемқорлыққа қарсы қағидаларды қалыптастыру», заң ғылымдарының кандидаты   Орынбасар Тілепбергенов   «Сыбайлас жемқорлықпен  күрес тоқтамайды», психология ғылымдарының кандидаты Жарас Сейітнұрұлы «Жемқорлықтың әлеуметтік-психологиялық себептері және оны шешу жолдары» тақырыптарында баяндамалар жасалды.

Конференция барысында барлық қатысушылар  өзекті тақырыптарды талқылауға белсенді араласып, сыбайлас жемқорлыққа  қарсы мәселелерге  байланысты түрлі пікірлер білдірді. Сондай-ақ,  қатысушылар ашық түрде сұрақ-жауап түрінде  пікір алмасып, қойылған  сұрақтарына толыққанды жауап алды.

0
0
908

«Қайнар» Университетінің студенттері таза сессия үшін

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті «Қайнар» Университетінде оқытушы құрамы мен студент жастарының қатысуымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, 2015-2025 жылдарғы арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын және жастар арасында құқық мәдениетін қалыптастыру мәселелерін талқылап дөңгелек үстел өткізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы Мақсатхан Анапин бес институционалдық реформа «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіріп, жергілікті атқарушы органдарының бос жұмыс орындары туралы жарияланған құлақтандырулар Департаменттің Almaty-anticorruption.gov.kz атты сайтында іздеу жүйесі пилоттық жоба ретінде еңгізілгенін қатысушыларға таныстырып, бұл шара мемлекеттік қызметке орналасу рәсімін ашық және қолжетімді ететінін айтып өтті.

Университеттің ректоры Еранғаип Омаров университетпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі түрде жүргізіліп жатқан жұмыстары, яғни абитуриенттердің оқуға түсіпкеннен бастап, дипломдық жоба қорғауы туралы айтып өтті. Және Департаментпен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстың маңыздылығын білдірді.

Ғылыми жұмыстары жөніндегі проректор Абдижапар Сапарбаев өзінің баяндамасында, университеттің оқытушылары Ғылыми одақпен бекітілген ар-намыс кодексін ұстанатынын хабарлады. Әр жылдың басында студенттердің құқығын және заңды мүдделерін қорғайтын студент альтернативтік негізде сайланады. Университетте азаматтардың және заңды тұлғалардың өтініштеріне арналған пошта жәшігі мен сенім телефоны жұмыс жасайтынын хабарлады.

Дөңгелек үстелге студенттер белсенді түрде қатысып, қойылған сұрақтарға толық жауаптар алды.

     
0
0
480

Халықтың хабардар болғаны жемқорлыққа тосқаул

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті,  1,5 млн халықы бар шаһардың және 1миллионан астам маңайындағы елдімекен жұртына, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық себептер мен жағдайларды барынша азайтуға,  сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем  түзбеушілік қалыптастыру мақсатында ауқымды ақпараттық түсіндіру жұмыстарын өткізуде.

Ақпараттың иесі қала көшелерінде, метрополитенде, муниципалдық автобус парктерінің қоғамдық көліктерінде орналасқан ЛЭД экрандарына және баннерлерде орналастырылған  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1494 сенім телефон көрсетілген жарнамалар болып табылады, осы сенім телефон арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша хабарласуға болады.

0
0
443